Педагогтерге пайдалы басылымдар

Педагогтерге пайдалы басылымдар

Қазіргі Қазақстан интеллектуалды ұлт қалыптастыру бағытында ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыра бастады. Осы орайда білім беру ісіне серпін беретін салалық басылымдардың атқарар рөлі зор. Биылғы жылдан бастап бұл қатарға тағы да бес бірдей басылым келіп қосылды.
Республикалық педа­гоги­ка­лық ғылы­ми-әдістемелік  жур­нал­дар санатына жа­та­тын бұл басылымдар  бірін-бірі то­лық­ты­рып, жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің бір­неше саласын қамтиды. Баспасөз айды­нын­да қа­дамын енді ғана бастаған бұл ба­сы­лымдар ұстаздар қа­уы­­мының көз­айымына айна­лып, ата-аналардың қызы­ғу­шы­лығын туғызуда. Білім сала­сы­ның барлық тақырыбын өзек ете­тін бұл басы­лымдар «Ду­лат»» жеке кәсіпорны жанынан құралған редакцияда дайын­далады.
Дулат Болатұлы, «Дулат» ЖК-тың бас директоры:
– Соңғы жылдары еліміздің ақпарат кеңістігінде қазақ тіліндегі салалық ба­сы­лымдар саны артуда. Соның ішінде бі­лім беру саласына қатысты тақырып­тар­­ды қамтитын газет, журналдар мен ин­тернет-сайттар жұмысы жанданып ке­ле жатқанын айта кету керек. Біздің шы­ғарып отырған бес журналымыз бү­гінде орта мектептер арасында үлкен сұ­ранысқа ие болып келеді. Журнал­дар­дың мазмұны мен сапасы жоғары, бі­лімдік және танымдық ауқымы кең. Ен­ді ұстаздар мен оқушылар қажетті ма­қалаларын, ашық сабақтарын, түрлі әдіс­темелік жұмыстарын және өзге де жа­ңалықтарын аталған басылымдарға жа­риялап, тұрақты автор болуларына бо­лады. Бес басылымның біріне бір жылға жазылған түбіртекпен жіберілген материал тегін жарияланады. Әр жур­налдың бір жылға жазылу бағасы 2700 теңге. Журналдарға «Қазпошта», «Еура­зия-пресс» бөлімшелері арқылы жа­зылуға болады.

«Мектепке дейінгі тәрбие» (инд.: 74341) журналында  балабақша және мек­теп­тегі даярлық топтарындағы тәрбие­шілер мен ұстаздардың әдістемелік жұмыс­та­ры жарық көреді.
«Бастауыш сынып әдістемесі» (инд.: 74342) журналында бастауыш сыныптар­да­ғы барлық пәндер және тәрбие жұмыс­та­ры қамтылады.
«Қазіргі мектеп» (инд.: 74339) журна­лын­да 5-11-сыныптардағы барлық пәндер бо­йынша әдістемелік мақалаларды және бү­гінгі білім беру саласының өзекті мәсе­ле­­лері туралы жариялаймыз.
«Мектептегі өнер»  (инд.: 74340) жур­на­лында бейнелеу өнері, музыка, тех­но­ло­гия пәндері, мектептегі үйірме жұмыстары қам­тылады. Ұлттық, әлемдік өнер жөніндегі ма­териалдардың танымдық аясы кең. Ұс­таз­дар үшін пәнаралық байланысқа тап­тыр­майтын көмекші құрал. Сонымен бірге мек­тептегі дарынды оқушылардың өлең-әңгімелері жарияланады.
«Педагогика және оқушы психологиясы» (инд,: 74343) журналы мектеп бас­шыларына, сынып жетекшілеріне, пси­хо­логтерге арналған. Педагогика мен пси­хологиядағы өзекті мәселелер қамтылады. Сон­дай-ақ ұстаздардың өлең-әңгімелері де жарияланып тұрады. Аталған бес басы­лымға жазылу жыл бойы жалғаса береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста