Поэзия Пайғамбарын дәріптеу

Поэзия Пайғамбарын дәріптеу

Биыл ұлы тұлға – Абайдың туғанына 165 жыл толуына орай жер-жерде мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатқаны хақ. Шымкентте бүгін кешкі сағат 18.00-де Абай саябағында әдеби-сазды кеш өткізіледі. Осыған орай біз кешті ұйымдастырушылардың бірі, Хакім Абай мұражайының директоры Шыңғыс Өтеп мырзамен тілдескен едік.

– Биылғы кештің жылдағы өткізілетін іс-шарадан басты айырмашылығы неде?
– Жыл сайын Жазушылар одағының облысымыздағы филиалының ұйымдастыруымен Абай ескерткішінің жанына кішігірім жұрт жиналып, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқып тарқасатын. Биыл мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылып отыр. Көрермендер қатары 300-ге жуық болады деп жоспарлануда. Арнайы шақырылған қонақтардың арасында абайтану ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, филология ғылымының кандидаты, доцент Жабал Шойынбет, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Абайтану» ғылыми-оқу орталығының доценті Тұрдыбай Қалдыбаев сынды ғалымдар зерттеу дүниелерін баяндаса, елімізге белгілі бірқатар әншілер Абай әндерін әуелетеді. Сондай-ақ Абайдың қара сөздерін оқудан жыл сайын өткізілетін байқау жеңімпаздары, студент жастар өз өнерлерін халыққа ұсынады. Ал мұражайдың ішінде бір ай бойына Абай туралы түсірілген деректі фильмдер тегін көрсетілетін болады. Тағы бір ерекше назар аударатын жайт, біз Құнанбайдың туған бауыры Жақыптың тікелей ұрпағы Бақыт Мәуленбердинмен байланыс жасадық. Қазір Шымкентте тұрады. Нұрсұлу атты қарындасы да осында. Олар кештің құрметті қонақтары ретінде қатысатын болады. Әрине, Абай ескерткіші алаңының безендірілуіне ерекше көңіл бөлінуде.
– Мерейтойға қатысты басқа қандай іс-шаралар жүзеге асырылмақ?
– Ұлы Абайдың 165 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар бір күнмен шектелмейді. Мәселен, бүгін сағат 15.00-де Абай атындағы кітапханада студент жастардың қатысуымен Абай оқулары өтеді. Оның жалғасы, дәлірегі қорытындысы, тамыздың 27-сінде облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп өткізілетін байқауда көрінеді. Басқаша айтқанда, біздің облыста Абайдың 165 жылдығы айдың соңына дейін жалғасатын болады.
– Ашылғанына бір жыл толғалы отырған мұражай мүмкіндігіне тоқталып өтсеңіз.
– Өздеріңізге белгілі, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өткен жылдың 22 қыркүйегінде ашылған мұражайдың тұсаукесеріне Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысқан болатын. Оның тақырыптық-экспозициялық безендіруін арнайы эскиздік жоба бойынша «ЭтноДизайнҚазақ» ЖШС директоры Аманжол Найманбаев жасақтаған. Мұражайды ашудағы басты мақсат қазақ халқының бас ақынының өмірі мен шығармашылық мұрасын халық арасында кеңінен насихаттау және мұражай экспонаттары арқылы жас ұрпақтың Абай туралы танымын, ой-өрісін кеңейту болатын. Міне, мұражай ұжымы бүгінде осы мақсат үдесінен шығып келеді деп айтуға болады. Өзінің бір жылға жуық ғұмырында бірқатар мектеп және колледж оқушыларымен тығыз байланыс орнатып үлгерді. Абай мұрасын жаппай таныту мақсатында бірнеше байқаулар ұйымдастырылды.
Бақыт МӘУЛЕНБЕРДИН, Абай Құнанбайұлының туысы:
– Біздің атамыз Жақып –Құнанбайдың туған інісі. Құнанбайдан Абай, Жақыптан Мәуленберді туған. Мәуленбердіден Мұсатай, одан Алатай, ал Алатайдан менің әкем Қайыркен туған.
Әжеміз үлкен байдың қызы болған екен. Бай-манап ретінде репрессияға ұшырап, әкеміз осында келіп қоныстанған. Мен осы облыстағы Абай базарында туғанмын. Ол қазір Келес өңірі немесе Абай селосы деп аталады. Үш бірдей аға-інім бар еді, барлығы да бақилық болды.
Абайдың туысы екенімізді бала кезден еститінбіз, бізді танитындар да білетін, бірақ ол туралы көп айтылмайтын. Бірақ әкем «сендер Абайдың туысысыңдар, сол үшін жақсы оқыңдар, ұятқа қалдыратын тірлікке бармаңдар» деп жиі айтып отыратын. Бір рет Құнанбай мен Абай атамыздың бейіт басына апарған еді. Содан қайтып жол түспеді. Енді зейнетке шықтым, бейіт басына қайта барсақ деген ниет бар.
Шыны керек, Кеңес Одағының кезінде Абайдың туысы екеніміз жайында көп айтылмады. Саясат та басқашалау еді. Атам да, әкем де сауатты болды, қазақша, орысша, арабша жазып, оқи беретін. Әкем 15 жасында-ақ бастық болған. Жазуға да жақсы еді. 13-14 жасымда әкем екеуміз Алматыға барып, әкемнің осындағы Жұмағали атты ағасы үшеуіміз Мұхтар Әуезовтің үйінде болғанбыз. Сөйтіп, әкемнің үш тілде жазылған дүниелерін Әуезовке тапсырған болатын. Кейін ол кісі қайтыс болып кетті. 1993 жылы мамыр айында «Абай» журналы шықты. Сол журналда шежіре жарияланып, біздің аты-жөніміз толық аталыпты.
Мамыр айының ішінде жергілікті бір телеарнадан біздің облыста Абайдың туысқандары қалмады дегенді айтып қалды. Осы жайт түрткі болып, мен телеарнаға, кейін мұражайға бардым. Абайдың туысы екенімізді дәлелдейтін құжаттар мен шежірені апардым. Содан бері байланыстамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста