Президентке арналған тұңғыш спектакль

Президентке арналған тұңғыш спектакль

Астананың он бір жылдығына арналған торқалы той басталып та кетті. Елбасының туған күнімен тұспа-тұс келетін мерекені алғашқылардың бірі болып Президенттік мәдениет орталығы атап өтті. Бір емес, екі бірдей елеулі мәдени шарамен.

Астанадағы рухани қара шаңыраққа айналып үлгерген Президенттік мәдениет орталығы тойдың басын көрмеден бастапты. «Елбасы және Елорда» деп аталатын фотосурет көрмесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасы мен туған әпке-інілерінің көне суреттері орын алыпты. Одан кейінгі фотолар елорда мен Елбасын байланыстыратын өмір белестерін бедерлеуге арналған. Сонымен қатар көрмеде Елбасына шет мемлекеттер тарапынан сыйға тартылған құнды естелік бұйымдар да көздің жауын алып тұр. Көрмеге көз суарып болған жұрт ендігі кезекте белгілі ақын Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасының негізінде дайындалған музыкалы-поэ­тикалық спектакльді тамашалады. Музы­калы-поэтикалық қойылымның басты ерекшелігі – Тәуелсіздігіміздің символы, ел тілегін тоғыстырған елорданы Сарыар­қаның төріне орнатудағы Елбасының тарихи шешімі мен еңбегін, осы жолдағы Президенттің терең толғанысын, жан тебі­ренісін сахналық көркем тілмен бейнелеу. Спектакльде Елбасы бейнесін талантты жас актер Қуандық Қыстақбаев сомдады. Сондай-ақ қойылымдағы жы­рау рөлінде ойнау үшін Алматыдан ат арытып Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев та келіпті. Музыкалы-поэтикалық спектакльдің сценарийін бел­гілі мемлекет және қоғам қайраткері, Пре­зиденттік мәдениет орталығының ди­ректоры Мырзатай Жолдасбеков жаз­ған. Ал қойылымның режиссері – Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылханұлы.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста