Қайрат Әділгерейұлы Болат Назарбаевтың тойын жүргізгені үшін қанша алды
Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей Болат Назарбаевтың тойын жүргізгені үшін қанша ақша алғанын айтты. Осы орайда ол гонорар үстінен ақша «сындырған» той агенттігіне ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Ритц-Карлтонда бір той болады» деп хабарласты. «Болды, мен боспын» деп жауап бердім. Бағамды айттым, бірақ той иесі кім екенін білмедім. Ұйымдастырушылар, яғни той агенттігі менің үстімнен біраз ақша «сындырыпты». Ал той иесінің кім екенін халық жиналып, қолыма қонақтар тізімін алып келген кезде бір-ақ білдім», - дейді Қайрат Әділгерей.
Бағдарлама жүргізуші өз кезегінде актерге гонорарды табыстаған азаматпен сөйлескенін, сол сәтте Қанат Әділгерейдің ақшаны азсынғанын естігенін жеткізді. «Қайрекеңе 5 пачкі доллар бердім. Сол кезде разы болмады» дегенін жеткізді. Айтуынша, бір пачкіде 10-50 мың доллардай ақша болған.
Алайда актер мұны жоққа шығарды.
«Жоқ. Бізде 50 мың долларға басқаратын асаба жоқ. Ең ұзағы, үлкені – Тұрсынбек қой. №1 деген. Шыны керек, ләжі болса, ондай тойларға қатты жақындамауға тырысамын. Бірақ шақырып, құрметтеп жатса барамын. Ондай тойлардың ауырлау болатынын жасырмаймын. Өйткені, ол жерге жиналған қауым бәрін көрген, ешнәрсемен таңғалдыра алмайсың», - деді ол.
Осы орайда, бай азаматтың тойына қарағанда, қарапайым халықтың 6-7 тойының тізігінін ұстағанды жөн көретінін де жасырмады.