Қайрат бейнебаянға бұрынғы махаббатын түсірмек болды - Жұлдыз Әбдікәрімова

Қайрат бейнебаянға бұрынғы махаббатын түсірмек болды - Жұлдыз Әбдікәрімова

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасының ең алғашқы бейнебаянына қалай түскенін айтып берді. Айтуынша, Қайрат Нұртас "Арман" әнінің бейнебаянына өзге қызды түсіруді жоспарлапты. Қайрат пен Жұлдыз қыз-жігіт болып жүрген шақтарын айтып берді деп хабарлайды oinet.kz.

 

Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасында айтылды.

 

Қайрат Нұртастың алғашқы бейнебаяны "Арман" әніне түсірілген. Бейнебаянға қазіргі әйелі түскені белгілі. Жұлдыз ол кездің өз қызығы бар дейді.

 

"Қайрат екеуміз сөйлесіп жүргенбіз. Бірақ бейнебаян түсіретін кезде ұрысып қалдық. Оның басқа махаббаты болған. Сол қызды түсірем деп жүрді. Бір күні Қайраттың анасы хабарласып, мені іздеді. Мен Қайратпен ренжісіп қалғанымды, ол өзге қызды бейнебаянға түсіргісі келетінін айтты. Бірақ енем "сен түсесің" деді. Бейнебаян солай түсіріліп шықты. Одан кейін Қайратпен қайта сөйлесіп кеттік", - деді Жұлдыз.

 

Гүлзира Айдарбекова Қайратқа жар болғысы келетін қыздардың көп болғанын айтады. Алайда анасының да таңдауы қазіргі келіні Жұлдызға түскен.

 

"Мен Жұлдызбен бастапқыда танысып алғанмын. Қайраттың қасында көп қыздар жүрді. Олардың ешқайсысы маған ұнаған жоқ. Жұлдызды қалап тұратынмын. Қайраттың өзі де сүйіп қосылды ғой", - деді Гүлзира Айдарбекева.

 

Қайрат Нұртас ешқандай басқа махаббатының болмағанын айтып ақталды. Ол Жұлдыздың ойдан шығарып алған кейіпкері дейді. Ал, жары Жұлдызды әлі күнге қызғанатынын мойындады.

 

"Мен Жұлдызды жақсы түсінемін. Ол да өнер адамы. Ел алдында шыққысы келеді. Бірақ мен ашығын айтайын, оның көпшілік алдында жүргенін қаламаймын, мен оны қызғанамын. Жеке жұмыс орны болғанын қалаймын, жеке жұмыс істесе деймін. Мен оған сенемін, бірақ ер адамның әйелін қызғануы ол - парыз", - дейді әнші.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста