Қайрат Нұртастың бір жылдық табысы 2 миллион доллар

Қайрат Нұртастың бір жылдық табысы 2 миллион доллар

Таяуда қазақ эстрадасындағы ең табысты әншілердің жаңа рейтингі жасалды. Қазақ әншілерінің ішінде ең табысы көп бай әнші – Қайрат Нұртас. Табысты әншілердің көшін бастап тұрған Қайрат 25 жасында 9 альбом шығарып үлгерген.
Сондай-ақ жас әнші "Өкініш" биографиялық фильмі мен өзінің киім үлгілерін шығарып, KN сауда желісін де іске қосқан. 2013 жыл Қайрат үшін өте сәтті өтті деуге болады.
Forbes мәліметі бойынша ол $2,04 млн табыс тауыпты. Қайраттың бір тойдан алатын қаламақысы – $7000. Алдағы уақытта ол өзінің брендтік әуе жүйесін іске қосуды қолға алуды жоспарлап жүрген көрінеді. Қазақ эстрадасына келген алты жылдың ішінде өнерде жүрген аға буын әншілер жете алмаған жетістікке жетті деуге болады.
Екінші орында елдің сүйікті тобы – "Музарт". Қазақ эстрадасында жүргеніне 13 жыл болған топтың тойдағы қаламақысы – $6000. Бүгінде "Музарттың" ән жазатын жеке студиясы бар.
Жақында ғана Алматыда дүркіретіп концерт берген Қыдырәлі мен Қарақат табысты әншілер тізімінде үшінші орында тұр. Төрт ұлды тәрбиелеп отырған ата-ана әннен бөлек қазақ балаларына арналған ойыншықтарды шығаруды да жолға қойған. Сонымен қатар, Қыдырәлі Болманов "Ұлытау" тобына да продюсерлік етеді. Жұлдызды жұптың тойдағы қаламақысы – $6000.
Мәдина Сәдуақасова табысы жөніне төртінші орында. Ол тойда ән шырқағаны үшін $5000 cұрайды.
Бесінші орында Ділназ Ахмадиева, алтыншы сатыда Лидо орналасты.
Табысты әншілер арасында "Ринго" тобы жетінші сатыға табан тіреген. Топтың жылдық кірісі $576 мыңға тең.
"Кешью" тобы сегізінші, "Жігіттер" квартеті тоғызыншы орында. Қыздар мен ерлерден құралған бұл екі топтың тойда өнер көрсетуі $5000-ға бағаланады.
Ал табысы мол әншілердің үздік ондығын Әли Оқапов түйіндеп тұр. Әли тойда қонақтардың көңілін көтеріп, өнер көрсетуі үшін 4000 АҚШ долларын сұрайды
baq.kz сайтынан алынған
Тақырыбы өзгертілді (Отандык бай әншілердің тізімі жасалды)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста