Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы сөз шықты

Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы сөз шықты

Гүлзира Айдарбекова осы хабарды таратқан адамға "Басыңа келсін демеймін, тек Алла сана берсін" деп жауап берді.

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны туралы бейнежазба тарады. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында бұл роликтің жалған  екенін айтты. 

«Менің балама өлім тілеп, кім осылай жарнамалап таратуға қолы барды екен. Мейлі мамасының баласы дей берсін, мейлі тағы да баласын қорғаштады десін, баламның табанына кірер шеңгел болса, менің маңдайыма қадалсын дейтін өз аналарыңыздай мен де анамын, сыртынан ауыр сөз айтылса, ең бірінші менің жүрегіме қадалары анық», – дейді әншінің анасы.

Гүлзира Айдарбекова осы хабарды таратқан адамға «Басыңа келсін демеймін, тек Алла сана берсін» деп жауап берді.

«Соншалықты жек көретіндей біреуге ұлым зияндық жасамақ түгілі тірі пендені ренжітпейтін жүрегі мейірімге толы екенін басқа білмесе де, туған анасы мен білемін. Қаншалықты қара жағып, өсектеп жатса да шыдай береміз ғой, енді мынау тым артық. Ниетімізді түзесек екен. Ешбір ана баласын жоғалтпасын, Алла ұлыма ұзағынан өмір берсін», – деп жазды ол.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста