Қайраткер қаламгер рухына құрмет

Қайраткер қаламгер рухына құрмет

Таяуда Алматы қаласында қазақтың белгілі қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденов тұрған үйге арнайы жасалған ескерткіш-тақта орнатылды.
Ескерткіш-тақтаның салтанатты ашылу рәсіміне Сафекеңнің кезіндегі қаламдас-замандастары, жалпы, зиялы қауым мен марқұмның туыстары қатысты. Осыған орай арнайы ұйымдастырылған жиынды Алматы қалалық тілдерді дамыту бас­қар­масының бастығы Мамай Ахет жүр­гізді. Рә­сімде сөз сөйлеген Қазақстан Жа­зу­шы­лар одағы басқармасының төрағасы, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Ора­залин марқұмның шығармашылық жо­лы мен өмірі жайында айта келе, Са­фуан аға тұрған бұл үйде Сырбай Мәу­ленов, Әбу Сәрсенбаев, Сағынғали Се­йітов, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нә­жі­меденов сынды қазақты талантты тұлғалары тұрғандығын тілге тиек етті. Бұдан соң жиын барысында белгілі жа­зушы-ақындар Қалихан Ысқақ, Мұхтар Шаханов және басқалар қаламгердің қазақ әдебиетіндегі елеулі орны мен аза­маттығы турасында өз ойларын ортаға салды. Салтанатты рәсім соңында жазу­шының зайыбы Бағдат апай азаматын ардақтап жатқан еліне ризашылық сезімін білдіріп, аталған істің жүзеге асуына септігін тигізген Жазушылар одағы мен Алматы қаласы әкімдігіне алғыс айтты. Жазушының жары сөз соңында «алдағы 2012 жылы Са­фе­кеңнің 90 жылдық торқалы тойы келе жа­тыр. Осы қарсаңда Астана мен Алматы қа­лаларынан мар­құм­ның атына көше бе­ріл­се игілікті іс болар еді» деген өтініш ойын білдірді. Қаламгер қауымы қолдап отыр­ған осы бір ұсынысты құзырлы мекемелер аяқсыз қалдырмас деп сенеміз.

Ахат ЖАҚСЫБАЕВ, жазушы:
– Сафекең әдебиетте ерте танылды. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының басында «Болашаққа жол» деп аталаты романы жарық көріп, қалың оқырманға кеңінен тарады. Бұл туынды кейіннен «Инеш» деген атпен орыс тіліне ау­да­рылған. Аталған шы­ғарма сту­дент­тердің өмірінен жа­зыл­ған­дықтан, әсіресе жастар арасында жақсы оқып, қол­дан-қолға өтіп жүретін кітапқа ай­налған болатын. Бұдан соң да Сафуан ағамыздың кесек-кесек шығармалары қазақ әдебиеті төрінен өз орнын тауып жат­ты. Бұл ағамыз қаламына адал, өзіне де, өзге де талап қоя білетін та­лант еді. Кезінде Мұхтар Әуезов дүниеден өтер алдында жазған бір хатында Тахауи Ахтанов, Зейнолла Қабдолов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Сафуан Шаймерденов есімдерін атап кетуі тегін емес екеніне көз жеткізу қиын емес.
Сафуан ағамыздың Ал­ма­тыға ке­луіне кезінде Сәбит Мұ­қа­нов­тың өзі ықпал еткен. Кейіннен еке­уі шы­ғар­машылық жағынан да, адами қарым-қатынас жағынан да жа­қын аралас-құралас болды. Қазақ әде­биетінде өз қолтаңбасын қалдырып, оның да­мып, қалыптасуына өз үлесін қо­сып кеткен Сафекеңді Жазушылар ода­ғын­да жүр­генде жиі болмаса да ан­да-санда кездестіріп, ой-пікір ал­ма­сып тұра­тынбыз. Өзі сырбаз, сөзіне сал­­мақ бе­­ріп байыппен сөйлейтін, бол­­­мы­сынан зиялылық аңқып тұра­тын қай­раткер аза­мат, көрнекті қа­лам­гер аға­мызды бүгінде сағынышпен ес­ке ала­мыз. Сафекеңнің ендігі өмірі – ғұ­мырлы шығармаларымен жал­ға­сып келеді.

Өмірдерек
Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Са­­фуан Шаймерденов (1922-2007) Қазақстан Жазушылар одағы бас­қармасының хатшысы, 1970-1975 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі ре­пертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ол ұлы Мұх­т­ар Әуезовтен тәлім алған. Әдебиетімізге 50-жылдары келген тегеурінді тол­қынның алдыңғы сапында болып, қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен қол­таңбасын қалдырып, өз орнын айшықтаған қабырғалы қаламгерлердің бі­рі саналатын ол қазақ прозасына психологиялық қатпары мол, реалистік көр­кем дүниелермен қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. С. Шаймерде­нов әлемдік деңгейдегі классиктер атанған Лев Толстой, Рабиндранат Тагор сын­ды қаламгерлердің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен. Көрнек­ті қа­ламгер, қоғам қайреткері С. Шаймерденов «Отан», «Құрмет белгісі» ор­­ден­дерімен марапатталған. Қызылжар (Петропавл) қаласының құрметті аза­­маты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста