"Қайта тұрмысқа шыққым келмейді": Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді

"Қайта тұрмысқа шыққым келмейді": Сиви Махмуди ажырасуына қатысты жауап берді

Сиви Махмуди жұбайымен неліктен ажырасты? Әнші екінші рет тұрмыс құруы мүмкін бе? Осы және өзге сауалдарға Сиви Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірер күн бұрын Сиви 10 жыл отасқан жары Аңсармен ажырасқанын айтты. Экс-жұбайлар үйленгенге дейін 2 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Бас-аяғы 12 жылды бірге өткізген Сиви мен Аңсар былтыр ат құйрығын үзіскен. Алайда әнші жеке өміріне қатысты бұл жаңалықты тек биыл жария етті. Instagram-дағы парақшасында Сиви қайта тұрмыс құру туралы сауалға жауап берді.

Алғашқыда: 
"Қайта тұрмысқа шыққым келмейтін сияқты", – деп кесіп айтқан ол кейіннен бұл сұрақты болашақтың еншісіне қалдыратынын жеткізді. 

Сондай-ақ, әнші ажырасу себебін айтудан бас тартты. 

"Себебі ол ортақ балаларымыздың әкесі. Барлығына жақсылық тілеймін", – деді Сиви.

Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады. 

"Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігімен үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын", - деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста