"Қайықта" конкурсқа қабылданбай қалған

"Қайықта" конкурсқа қабылданбай қалған

1987 жылдың жазында Шәмшi аға бiздiң үйде аптаға жуық болып, ауданның өнерсүйер қауымымен түрлi деңгейдегi кездесулер өткiздi. Осындай кездесулер кезiнде және үйде шайланып отырып та Шәкеңнiң шығармашылық жолы жайлы жиi-жиi сөз қозғап жүрдiк.
Бұдан бұрын да Шәмшi аға туралы естiп-бiлiп жүргенiмiзбен, тағдырлы таланттың жан сырын өз аузынан тыңдау тiптен ауыр екен. Егер кiмде-кiм Шәкеңдi жақсы бiлгiсi келсе, ол кiсiнiң адамгершiлiк қасиетiнiң тереңдiгiне көз жеткiзу қиындық тудырмайды. Тiптi, кейбiр сөздерiн астарлай жеткiзiп отырып-ақ, турашылдық пен адалдықтың бет-бейнесiн көз алдыңа әкелiп қоя салатын сөз ұстасы да. Кезiнде билiк пен өнердiң тiзгiнiн қатар ұстаған кейбiр азаматтардың ақиқаттан гөрi өктемшiлдiкке жақын болғанын қынжыла әңгiмелеген. Сөйте тұра ақпейiл, әдiлдiк жолындағылардың жанашырлығы жайында әңгiме қозғағанында жаны жадырап, жүзi бал-бұл жайнап шыға келедi. Мұндайда әлгiндегi қатқыл өңi әп-сәтте жұмсарып, шырайлана түседi.
Бiр жолы әдеттегiдей ауыл-ауылды аралап келiп, Күнқияштың қою күрең шайынан соң аз-кем демалып жатқан Шәкең кенет жастықтан басын көтерiп алды да, оны бүктеген күйi омырауына қыса түсiп:
– Серiкбай, шыныңды айтшы, осы сенiң досың көп пе, әлде қасың көп пе? –дедi.
Тосыннан қойылған сұраққа қалай жауап берерiмдi бiлмей, абдырап қалдым. Шәкең жейдесiнiң жағасын түзеп қойып «iркiлме, тек турасын айт!» – деп жанарын қадады. «Досымнан гөрi қасым көп деуге ыңғайсызданып отырғаным», – дей бергенiмде:
– Мiне, бұл жақсы, өте жақсы, – деген Шәкең сөзiмдi iлiп әкеттi.
«Қасым көп» дегенiмдi мына кiсiнiң қуаттай жөнел-генi несi?» Өз-өзiме осылай сұрақ берiп, аз-кем отырып қалып едiм, әңгiменi қайтадан Шәкеңнiң өзi жалғастырды.
– Дұшпансыз адам болмайды, олардың көп болғаны жақсы, Серiкбай. Бұл айналаңдағы көреалмаушы топтың қаншалықты екенiн көрсетедi. Жақсы iсiң мен басқан қадам-iзiңдi көреалмайтын, «Өзiмнен озып кетпесе екен» дейтiн жандар әдетте қас дұшпанның қатарына жатады. Ал «Қасыңның көптiгi жақсы» дегенiм, солардың үнемi қатаң бақылауында жүргендiктен де сен өкшеңдi қисық баса алмайсың. Абайлап сөйлеп, сақтанып тiрлiк жасайсың. Қолға алған iсiңнен қате жiбермеуге тырысасың. Бiр сөзбен айтқанда, адал тұрып, адал жүресiң. Бұл сенi солардың алдында сүрiнбей жүруге тәрбиелейдi. Өзiңдi мойындату үшiн жан-жақты iзденесiң. Әдiл сөйлеп, шындықты жақтайтын боласың.
– Аға, сiздi жақсы түсiндiм. Ендi осы өзiңiз айтып отырған көреалмаушылық сияқты көрсоқырлықтың құрбаны болған кезiңiз болды ма? – деп едiм, Шәкең бiршама ойланып алып:
– Әрине, мен осы бiр қызғаныш секiлдi қызыл итке бiр емес, бiрнеше рет таландым. Қаншама көп талансам, соншалық өзiмдi қалың көпшiлiкке кеңiнен таныта түсу үшiн үнемi алға қарай талпынумен болдым. Бiрақ олардың жеңгенi – менi Композиторлар одағына мүше етiп қабылдаттырмағаны болса, ал менiң жеңiсiм – талантым мен қабiлетiмдi қалың тыңдарман қауымға терең мойындата алғаным едi, – дедi.
Бiз сол түнi көп әңгiмелестiк. Менiң қойған сұрағыма байланысты бiр-екi мысал да келтiрдi. Арадағы әңгiменiң желiсiне қарай композитор ағаның жүзi алма-кезек құбылып отырды. Жақсысына сүйiнiп, жаманына күйiнiп дегендей.
Шәмшi аға ойда-жоқта аяқастынан кездесе кеткен Қалқожа Жолдықожаев деген азаматтың қадала қамшылауының нәтижесiнде туындап, оны күллi қазақ халқы зор ықыласпен қабылдаған «Арыс жағасында» әнiн радиоға өткiзуге барғанында көп қиындыққа тап болғанын баяндады. Радиодағы көркемдiк кеңес мүшелерi әндi жеңiл қабылдап, «Баяғы сарын бiр сарын, әндерiңде ұқсастық көп, жиi қайталанады, сондықтан да бұл әндi қабылдай алмаймыз» деген сөздермен сазгердi көкiректен итерiп, жолатпай қойыпты. Бiрақ жаңа туынды танымал сазгер Ескендiр мен әншi Нұрғалидың белсендiлiгi арқасында ғана эфирден орындалуға мүмкiндiк алады.
Сол сияқты 1957 жылы демократиялық жастардың бүкiл дүниежүзiлiк әндерiне арналған республикалық конкурсқа Шәмшi Қалдаяқов ұсынған «Қайықта» туындысы бiрнеше әннiң iшiнен жалғыз өзi жарамсыз деп табылып, қабылданбай қалады. Намысқа шыдай алмаған табиғи талант әлгi конкурста озып шыққан әндердiң әуселесiне зер сала қараса, сыйлық түгiлi тыңдауға келмейтiн әйтеуiр бiр дүниелер екенiне көз жеткiзедi. Осыдан соң Шәкең қазылар алқасындағы бiр-екi танысынан сыр тартпақ болғанында олар астамси қарап, маңайына жуытпайды. Алайда, «Алмас қылыш қын түбiнде жатпайды» дегендей, Шәмшiнiң әнiн алғашында Жамал Омарова, кейiннен Роза Бағланова сынды қазақтың күмiс көмей, жезтаңдай әншi қыздарының орындауында халық арасына еркiн сiңiп кете барады.
Әңгiме аяқталар тұста Шәмшi аға:
– Өнер жолы өте ауыр, Серiкбай. Айтыс та керек, тартыс та керек. Қайтпас қайратты қажыр да керек. Тек талмай күресе бiлсең ғана достарыңды сүйiндiрiп, дұшпандарыңды күйiндiре аласың. Дұшпандарыңа таба болмас үшiн тура жүрiп, тура бас. Жалған сөйлеме. Артық аспай, байлық пен мансапқа құмарлықтан аулақ бол. Әдiлдiк пен шындықтың жағында жүр, – дедi ойланып.
Шәмшi ағаның осы бiр шын сөзi әлi осы күнге дейiн есiмнен кетпейдi. Қандай аталы сөз десеңшi...

Серiкбай ТҰРЖАН, Бәйдiбек ауданы
«Оңтүстік Қазақстан» газеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста