«Қала мәдениеті – қақпадан...»

«Қала мәдениеті – қақпадан...»

«Бояушы-бояушы дегенге сақалын бояпты» деген бар ғой. Сол айтпақшы, мекемелер, түрлі ғимараттар маңдайшасындағы атауларды қазақшалау керек дегенді желеу етіп, оңды-солды аудара бастадық. Халықаралық атауларды да мағынасына қарамай аудара бердік. Мысалы, «ресторанды» мейрамхана дедік. Кей жерде «тойхана» деп те жаздық. Әрине, үнемі мейрам, той өткізіліп жатса, құба-құп. Бұл жерлерде жаназа асы, қайтыс болған кісінің жетісі, қырқы, жылы, еске түсіру асы беріліп жатады. Сонда «мейрамхана», «тойхана» деген атау жөн бола ма?
«Кулинарияны» аспаздық деп аудардық. Шынында, аспаз – адам, аспаздық – ма­ман­дық, кулинария емес. Немесе «кафені» қалай қа­­зақ­шалағанымызды көрейік. «Кафе» де­ген­­нің аудармасы «кафесі» болып тұр. Орыс­ша, халықаралық сөздердің со­ңына «і» әрпін қос­сақ, қазақша болады екен. Кредитке «-тер­ді» қоссақ, кре­диттер болса, қазақша екен.
«Токиода жер қозғалуы орын ал­ды» дегенді де естідік. Бұл – орыс­ша­сын­да «имело место» деген сөзді ауда­рып, орынды-орынсыз ала салғаны­мыз. Қазір осы «орын алдымыз» қа­зақ­ша сөйлемдерімізден «орын ал­ды».
«Қуанышымен бөлісті», «сағынышымен бөлісті». Орысшадан дәлме-дәл аударма. На­ғыз қазақ бұлай деп айтпаған болар. Дүние-мү­лік, мал-пұл бөлісуі мүмкін. «Қайығыңмен бө­лістім, бөлісемін» демеген. «Қайғыңа ортақ­пын», «қуанышыңа бірге қуанам» деуі мүмкін.
«Содан бері қанша су ақты» дегенді кей журналист, ақын-жазушылардан естіп, жазғанынан оқып қаламыз. «Сіз білесіз бе» деп сөз бастайтын болдық. Орысшадағы «вы знаете» деп сөз бастаса, біз неге бастамасқа дейтін болуы керек шала қазақтар. Осыларды естігенде, жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің. Қазір «қой да – жазушы, қойшы да – жазушы» демекші, бүгінде қой да – аудармашы, қойшы да аудармашы болды. Бұл қажеттіліктен емес, немқұрайдылықтан пайда болған сияқты. Орысша-қазақша сөздік бар. Содан көре салып, тұрған-тұрған жеріне қазақшасын қоя салса, аударма болып шыға келеді-міс. Тіпті ертеден келе жатқан аудармалардың өзінде ақаулық жоқ емес. Біз «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» деп жазамыз да, айтамыз да. Демек, мән бермейміз. Ал ойланып қарайықшы.

Халықаралық – күн емес, әйел­дер болып тұрған жоқ па? 8 Наурыз «халықаралық әйел­дердің күні» екен. Қазақ тілі ере­жесіне жүгінсек, «-дың, «-дің» т.б. жасырын тұратыны бар. Кейде әсі­ресе радио, теледидарда ай­ты­ла беретін «республиканың еңбегі сің­ген әртісі – пәленше, түгенше» дегенді ес­ти­міз. Ал дұрысына келсек, «рес­пу­бликаға еңбегі сіңген әртіс» деген жөн болар.
«Он сегізінші партия конференциясы» де­генді мысалға келтірелік. Мұнда да «он се­гізінші партияның конференциясы», ал, шын­дығында, он сегізінші конференция, пар­тия емес. Олай болса, «партияның он се­гізінші конференциясы» деп аударған жөн болар еді.
Бұл – бұл ма, 32 қойлар, 15 сиырлар деп те аударатын болдық. Жә, бір сәт көшедегі аудармаларға назар са­ла­йық: «Орталық бухгалтер үйі». Бұл – «Цен­траль­ный дом бухгалтера» дегеннің қа­зақ­шасы. Қазақшамызда бухгалтер ор­та­лық болып тұр. Ал орысшасында үй – орталық.
Фурманов атындағы көше мен Әл-Фараби атындағы көшенің түйіскен жерінде «Таулы қырат» деген аударманың тұр­ғанына ондаған жыл болған шығар. Бұл – «Горный гиганттың» қазақшасы. Тіпті әкімдер мен түрлі тіл мамандары жүретін ор­талық көшеде осындай аударманың тұр­ғанына тірі пенде намыстанбайды. «Тау­лы» болса, қырат бола ма, «қырат» болса, тау бола ма? Қырат пен тауды ажыратпау түсініксіз-ақ.
Төле би мен Абылай хан аттарындағы кө­шелердегі жарнаманы оқыңыз: «Ас­фальт на обед, грязь на ужин». «Түске де­йін көше асфальтты болады, кешкілік бал­шыққа батасыз» деп мысқылдап тұр. Ал енді қазақшасын оқыңыз: «Түсте – ас­фальт, кешке – балшық». Мұнда еш­қан­дай мысқыл, әжуа жоқ және ұғымы бе­рілмеген. Қазақша мәтіні түпнұсқаның ұғы­мына тұрмақ жолма-жол аудармаға да жа­қындамай тұр. «Обед, ужин» – түс пен кеш емес, түстік ас, кешкі тамақ деп мазақ етіп тұр.
Нақ сол көшеде «жүйтку» дегенді оқи­сыз. Орысшасы – побег. Екі тілдегісі де жетісіп тұрған жоқ. «Жүйтку» – кім жүйт­киді, не жүйткиді? Орысшасында бір ға­на сөз екен, аударма да бір ғана сөз бо­луы керек деп түсінген аудармашы. Қа­зақ­шасы түсінікті болу үшін қашан да сөз қо­сы­лады.
«Кітап үйі Гулянда дом книги». Қа­зақша «Гулянда» деген сөз жоқ. Қазақша жаз­дың екен, дұрыс жаз. Дұрысы – Күләнда.
«Зергерлік бұйымдар жөндеу және жасау. Алтын сатып алу» осыны сөйлем етіп жазуға болмас па еді? «Зергерлік бұ­йымдар жасаймыз әрі жөндейміз. Са­татын алтыныңыз болса, аламыз». «Алтын са­тып аламыз».
Тағы да сөзбе-сөз аударма: «3D әле­міне саяхатты бастаңыз». Орыс­шасындағы «начните» сөзіне аудармашы байланып қалған. Осыны бұйрық раймен айтпай, жанға жылырақ сөйлем етуге болар еді. «3d әлемі саяхатыңызды күтіп тұр», «3D-ға саяхат жасай беріңіз», «3d-ға саяхат жа­сағанға не жетсін» т.б.
«Үзілісті пайдалы өткізудің жүз жолы бар» – «Үзілісті пайдалы өткізудің жүздеген жо­лы бар».
Тағы да оқып көріңіз: «Мемлекеттік өрт сөндіру» деп жазғанды көзіміз шалды. Өрт­ті мемлекеттік деп не жеке­меншік деп бөлуге бола ма? Әсте «өрт сөндіру жө­ніндегі мемлекеттік мекеме» дегенді айт­пақ болған шығар. Әттең...
Телефон жүйесіндегі «жойылған» де­генді естігенде, жүрегің түршігеді. Орыс­­шасында «не существует» деп тұр, «унич­то­жен» демейді. Қазақшасын ес­ті­генде «шы­рағым, өзің жойыл» деп қояр­сың.
Иә, бүкіл республика көлеміндегі ақау­­лық­тарды тізіп шығуға бір кісінің қанша уа­қыты кететініне сан жетпес еді.
Қорыта келе айтар болсақ, бас­шы­лық­тағы жолдастар, қала мәдениеті – қақ­падан, ел-жұрт мәдениеті жазудан кө­рінеді. Көзді жұмып өте шықпай, жан-жақ­қа қарай жүрсек, шара қолдансақ дер едік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста