Қала қазағы «итжанды» болып бара ма?

Қала қазағы «итжанды» болып бара ма?

немесе көпқабатты үйлерде ит ұстауға тыйым салар кез жеткендей...

«Бір байдың иті боп кеткім келіп тұрады...» Бір Халиолланың Бауыр­жаны емес, көп қазақтың түйсігінде осындай мұң сайрап жатқандай. Себебі күйі сол иттен жаман: таңнан кешке дейін бел жазбай еңбек етеді, сондағысы кешкісін отбасымен қарны тоя ас ішіп, күнде бала-шағасы бүтін киім киіп, жалдап тұратын пәтерінің ай сайын­ғы ақысын айыру үшін. Әрине, одан қаланың қақ төріндегі пәтеріне екі емес, төрт табандап кіріп демалып, супермаркеттен тамақтанып, тіпті киініп те, қаласа қаланы аралап, қалаған жеріне дәрет сындырып кете беретін бақпанды иттердің күйі әлдеқайда артық.

Супермаркеттерден ас ішіп, көгалға сарып...
Әрине, адамнан артық артықшылық бе­ріл­ген соң ит екеш итке де қарсы ыза туын­дайды. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлерде тұратындар. Ондай үйлерде астың­ғы қабаттағы пәтердің суы сарылдаса, тіпті іргедегі көрші үйінің ыдысы шарт етіп сынса, тіпті біреу қатты түшкірсе де естіледі емес пе? Ендеше, иттің арпылдап үргенін немесе қыңсылағанын елестетіңіз... Сондай-ақ қаланың қақ ортасындағы саябақта бүгінде баласын ертіп қыдыратын жас отбасылардан гөрі, итімен қыдырып жүрген адамды бірнеше есе жиі кездес­тіреміз. Және ең сорақысы, кішкентай балаңызды көгалға ойнатайын десеңіз, иттің дәреті теңкиіп жатады. Жарайды, ит сана иесі емес делік, бірақ ол өзінен-өзі қаңғып жүрген жоқ қой, иесі ертіп жүр, сонда ол итінің қоршаған ортаны ластап жатқаны жайлы ойламайтындай сонша санасыз ба? Бұл жағдай кімнің де болсын, ызасы мен наразылығын тудырары анық. Таяуда еліміздегі бір сайтта жүргізілген сауалнама барысында қазақстандық­тар­дың 75 пайызының көпқабатты үйлерде ит ұстауға қарсы екені анықталған. Респон­денттердің жартысы ол наразылықты тұр­ғын үйлер мен балалар ойнайтын алаңдар, гүлзарлардың антисанитарлық жағдайы­мен түсіндірсе, келесі бір бөлігі итті тар жерге қамап ұстау жануарға қиянат жасау деп түсінетінін білдірген. Тағы бес пайызы ит тістеп ала ма деген қорқынышын жасыр­маса, респонденттердің тек 6 пайызы ғана төртаяқты жануарлар жағына шығып, «үйде асыраса не болыпты?» деп бүйірін таянып шыққан.
Совет-Хан Ғаббасов, жазушы:
– Қоғамың қандай болса, адамың да сондай! Мен күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстандағы қасиетті жерлерді, одан әрі Бұқара мен Самарқанды аралап қайттым. Бізде Өзбекстанды анау-мы­нау деп жамандай береді, барлығы да өтірік: тәртібі орнында, қоғамында қасиет бар, жүрген жеріңнің бәрі таза. Бұл не деген керемет! Ал сол Өзбекстан­ның кеденінен өте салып, біздің жері­міз­ге кіргеннен кір-қоқыс пен тәртіп­сіздікке ұшырастық. Жалпы, бүгінде біздің бүкіл қоғам, білім, мәдениет еліктеуді бетке алды. Сол еліктеушіліктің соңы, міне, қазіргі сұмдықтарға да алып келді. Әйтпесе қандай таза болса да, тіпті қанша жерден асылтұқымды болса да, тазысын қазақ төрге шығар­ма­­ған. Оның өз орны болған, адам да, иттің өзі де сол орнын білген. Ал енді бүгін адам қыдыратын жердің барлығы лас, аттап бассаң, бұта-бұтаның түбін­дегі иттің дәретіне кезігесің. Не қалада, не далада қарапайым тазалықты сақтай алмаса, басшылар не тындырып отыр? Әр мемлекеттің өз менталитеті сақта­луы тиіс қой, қанша жерден көпұлтты десек те, бұл – қазақтың мемлекеті. Қазақтың бүкіл мәдениеті мен болмысы сұлап, кез келгеннің табанының астында жатуға тиіс пе еді? Ит – сол біздің мәде­ниетіміз бен болмысымыздың үстінде ойнақтап жүрген құбылыс. Бұл – өте жиіркенішті әрі қауіпті құбылыс!
Қайрат Балтабайұлы, Алматы қаласының тұрғыны:
– ҚР заңдарына көпқабатты үйлерде ит ұстауға тыйым салатын бап енгізетін кез жетті. Себебі ол – санитарлық жағ­дайға қайшы келеді әрі мұсылмандық өмір сүру салтына да, қазақы қалпымыз­ға да сәйкес келмейтін жағдай. Әрине, егер өзінің жеке баспанасы, ауласы болса, онда әңгіме бөлек, оған ешкім аулаңда ит ұстама дей алмайды. Ал бірақ қаладағы көпқабатты үйлерде ит асырау тек сол үйдің тұрғындарына ғана емес, жалпы қаланың тазалығына зиян келтіреді. Осы сөзім арқылы мен ит атаулыны жинап алып атып тастауға үндемеймін, ит қажет, тіпті өзі көшіп кетіп, болмаса қартайды екен деп итін қараусыз далаға қаңғыртып жіберетін адамдарға, сондай-ақ итін көшеде ауыз­дықсыз қыдыртатын жандарға да арнайы жаза қолдану керек деп те заңға өзгеріс енгізуді ұсынар едім. Себебі талай қаңғырған иттің кесірінен қаншама адамдар құтырмаға шалды­ғып, болмаса одан да басқа зардап шегіп жатқаны жасырын емес.
Ағайынды құл етіп, итті хандай күзетіп
Негізі, қалада ит ұстаушылардың қыды­ратын жері бөлек болуы керек, ол жердің де тазалығы иесінің мойнында, яғни сол үшін қожайыны тиын-тебен төлеп тұруға тиіс. Итпен бірге бір үйде тұру, ол таптаған жерде отыру былай тұрсын, мұсылман баласына, егер киіміне ит сүйкеніп өтсе, екі қайтара дәрет алмай үйге кіріп, дастарқанға жолауға тыйым салынған. Бұл тегінде кей­бір еуропаланып кеткендердің көзімен қарағанда «діндарлық, сопылық» шығар, бірақ, негізі, медициналық тұрғыдан да ол тыйымның дұрыстығына көз жеткізуге болады. Яғни иттің жүні, сілекейі арқылы түрлі аурулар үйге енуі мүмкін. Қазақ бұл қағиданы жақсы біліп, итті үй маңынан алыс жерде ұстаған. Ал қазір қазақ қаза­қылығынан арылып бара жатқандығын содан-ақ білуге болады, баласымен емес, итімен бірге отырып кино көріп, итімен қыдыруға арланбайтын болып алды. Арлану былай тұрсын, «мен итіме мынадай брендідегі киім алып бердім» деп мақ­та­натын бикештер де күн санап көбейіп барады. Оған қоса, бұрын тапқанын көрші-көлем өз алдына, ағайын-туыспен бөліп ішпесе, бойына асы тарқамайтын қазақ бүгінде байыса бітті, ауылды, ағайынды ұмытатын ауруға ұшыраған десе болған­дай. Ал солардың үйінде бір емес, бірнеше сирек тұқымды ит жүруі әбден мүмкін. Жағдайы төмен ағайынға жан ауыртпайтын қазақ сол иті десе ішкен асын жерге қояды. Оның жүні жылтырамай қалса, дұрыс тамақтанбай қалса, мазасызданады да қалады. Оны арнайы дәрігерге қаратады. Сөйткен қазақ ағайынның жаназасына бармауы да ғажап емес. Себебі ол басқа байлардың алдында итімен мақтануы ке­рек қой, ал жағдайы төмен ағайыны ба­рына қайта намыстанады. Қарасқандары­ның да түрі, ауылдағы кей ағайынының баласын үй қызметшісі етіп алуы мүмкін немесе бала күтуші. Соның өзін «мен асы­рап, оқытып отырмын» деп күпінеді. Ал есесіне, аргентиналық дог, неміс овчарка­сы, стаффордширлік терьер дейсіз бе, әйтеуір «асылтұқымды» иті үйінде тайраң­дап жүр­се де, оған кеткен шығынды ауыр көріп, айтпас еді. Міне, заман қандай, әлде заман емес, адам ба екен?!.

Түйін
Заман-ай, бұрын бәрі басқаша еді, адам өз үйінде, ал ит өз үйшігінде, тіпті ол малды қорып, қасқырмен алысар еді. Ал қалада, әсіресе көпқабатты үйлерде ит ұстаудағы мақсат не? Әуел баста жаратылғанда иттің миссиясы сол, иесіне болысу емес пе? Кері кеткен заман демей қайтерсің, қазір, керісін­ше, адам итке болысып, оның асты-үстіне түсіп, тамағын алдына тосып, тіпті құшақтап жатуға айналды. Бәлкім, бұған ит те кінәлі емес шығар, тегінде солай. Тілсіз жануар адамға кеп мұңын шағып, «мен қашанғы далада қаңғып, мал соңында не аң соңында жүре берем, мені үйіңе кіргіз, төріңе шығар» демегені анық қой?! Ендеше, неге біз қазір жеке баспанамыз былай тұрсын, қауымдасып тұратын көпқабатты үйімізде ит ұстап, оны өзіміз шомылатын ваннаға түсіріп, адамша киіндіріп қоятын болдық? Әрбірден алғанда ол иттің де табиғи жаратылысына қиянат жасау емес пе? Бүйте берсек, бір күні ит тіпті үруді де ұмытып қалмасына кім кепіл?! Сірә, бір кездегідей түзде аң аулап, қала берді, қора күзету, қасқырмен алысып жеңу, солайша өзінің ішкен асын ақтаған заманды ит екеш иттің өзі де аңсайтын шығар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста