Қаламгерлер болашақ журналистермен жүздесті

Қаламгерлер болашақ журналистермен жүздесті

Кеше ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің №5 жатақханасында оқу жылының бастамасы ретінде факультет деканы Есберген Алаухановтың ұйымдастыруымен келелі кеш өтті.
Мазмұнды шараға елімізге есімі белгілі қаламгерлер, «Қазақстан» ұлттық телеар­насынан Нұртілеу Иманғалиұлы, «Заң» газетінен Бекжан Әшірбаев, Аманхан Әлім, «Үркер» жастар журналынан Қуандық Түменбайлар келді. Жиынның мақсаты – биылғы жаңа оқу жылына бағыт алған бола­шақ журналистерге аға буын ағалар­дың дәрісін тыңдатып, ақыл-кеңес беру. Басқосуды ашқан журналистика факульте­тінің деканы мұндай тәлімі мен тәрбиесі мол кештің бізге өте қажеттігін айта келіп, қаламгерлерге сөз берді.
Әуелгі сөзді тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы алып, студенттік жылдарында көрген қиындығы мен қызықтарын баян­дай келіп, журналистерге екі қажеттілік, бірі – білім, екіншісі – мінез керектігін тілге тиек етті. Ал «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай құзырындағы басылымға журналистика факультеті студенттерінің де атсалысқаны жөн екенін айтты. Бұдан кейін «Заң» газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбаев студенттер қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып: «Қазіргі көзіміз ашық, көкірегіміз ояу кезеңде журналистер түрлі себептермен бұқара халықтың мәселесін шешіп, олардың құқығының қорғалуына себепші болады. Өкінішке қарай, сөз киесін арқалап жүрген қаламгерлер өз құқығын өзі қорғай алмай жатады», – деп қынжылыс білдірді. Журналист, ақын Аманхан Әлімнің  тұшым­ды пікір, салмақты сөзі болашақ журналис­тер­дің көзқарасын айқындап, сөз өнеріне өзім деп қарауға тәрбиелегендей болды.
Факультет басшысы һәм ұстаздар қауымы алдағы мезгілдерде де мұндай ғибратты шаралардың көптеп өткізілетініне сөз берді.   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста