Қаламгерлермен жүздесті

Қаламгерлермен жүздесті

Жуырда Әл-Фараби атындағы №145 орта мектепте Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Балалар бағының бағбандары» атты ақын-жазушылармен кездесу өтті. Бастауыш сынып мұғалімі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Ұлман Досайқызының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесуге қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгерлері Ескен Елубаев, Сұлтан Қалиев, Шәкен Күмісбайұлы, Дүйсен Мүсірәлі келіп, мектеп оқушыларымен жүздесті.
Есімдері етене таныс ақын-жазу­шы­лар­мен бетпе-бет сөйлесудің өзі оқу­шыларға қызықты болды. Кездесуде бала­лар ақын-жазушылардың шығармаларын оқып берді. Мұндай кездесудің ең басты құн­дылығы жасөспірімді бала жастан ұлттық рухта тәрбиелеуге қызмет етеді. Жаһан­данудың ықпалымен қазақтың ұлт­тық тілі мен мәдениетінің болашағы пышақ жүзінде тұрғандай күйде екенін бәріміз сезінеміз, бірақ алақан жайып, шара­сыз­дық таныта беру азаматтыққа жатпайды. Ар­дақты ұстаз Ұлман Досайқызы қазақтың ұрпағы екенін мақтанышпен айта алатын жас­тарды тәрбиелеу жолында осындай мә­дени шаралардың ықпалды екеніне се­німді. Қазақы рухтың қадірін білетін мә­де­ниет қайраткерлері оқушыларға ағалық ақыл-кеңесін айтып, үлгі көрсетіп, ұлттық тәр­биеге атсалысса, ұлттың болашағы жар­қын болары сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста