"Қалаулымның" атышулы жұбы ақыры айырылысып тынды (фото)
Атышулы "Қалаулым" бағдарламасында тағы да шу. Ара-қатынастары көпшілік талқысына жиі түсетін Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ақыры айырылысып тынды деп хабарлайды NUR.KZ.
Күні кеше ғана желіде Исламның Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде бойжеткен құшақтасып, сүйісіп тұрған видеосы тарағалы бері, Ислам мен Шынар жұбының ара-қатынастарына сызат түскені белгілі. Алғашында видеодағы жігітті Әли Оқапов деп болжаған жұрт, кейіннен оның түр-әлпеті Исламға келеді деген еді.
Бейнежазба тарағаннан соң, Шынар өз парақшасында осы оқиғаға қатысты пікір білдірсе, кеше тағы бір жазба қалып үлгерген-ді:
«Уакытша пост:Даттау ма? Жақтау ма? Ақтап шығу ма? Менің таңдауым сені ақтап шығу еді... қолымнан келгенше көмегімді бердім! Бірақ мені кінәлап, батырып кеткендей болдың! Шешімімнің дұрыс екеніне көзім жетті! Оны нықтай отыра, еш кездесу болмайтынын айтамын! Шындық біреу, ол өзгермейді, сезімнің пәктігін бұзған өзің едің... Қош бол!».
Өз кезегінде, Ислам Алтайбаев та ара-қатынастарының тоқтағанын дәлелдейтін жазба қалдырған. Ол онда:
«Қайырлы кеш қазақ елі! Иә, мен үлкен қателікке бой алдырдым!!! Және өміріме үлкен сабақ болды... Шынар екеумізді осы уақытқа дейін сіздердің ыстық, жылы лебіздеріңіз және, шынайы махаббатымыз ұстап тұрған болатын! Біздер ерлі- зайыпты бола алмайтын едік, болған жағдайдың өзінде айырылысатын едік...»,-деп Шынармен ажырасқанын кесіп айтқан.
Желі қолданушылары бірі «дұрыс жасадыңдар, бәрібір жұп бола алмайтын едіңдер» десе, енді бірі, «махабаттарың үшін күресіңіздер, сабырлық танытыңдар» деген сынды пікірлер қалдырған.