Қалқаман Сарин ұлына Фариза Оңғарсынова ұсынған есімді қойды
Ақпанның 8-і күні ұлды болған ақын сәбиіне ат қойып, инстаграмдағы парақшасында есімнің мәнісін түсіндірді. Ақынның айтуынша, көзінің тірісінде Фариза Оңғарсынова Қалқаманның үшінші ұлының есімін Алдияр деп қойғысы келген екен.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Фариза апайдың бұл тілегінен бейхабар болғандықтан, үшінші баласының есімін Кемеңгер деп қояды. Алайда дәл бүгін Фариза Оңғарсынованың аманатын орындап, ұлының Алдияр деген есім беріпті.
Қалқаман Сарин “Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өсиет сөзінде: “Сәби дүние есігін ашқанда ата-ананың бала алдындағы үш міндеті болады. Олар – балаға жақсы ат қою, дұрыс тәрбие беру, уақыты келгенде үйлендіру” деп жазып, баласының алдындағы алғашқы міндетін орындағанымен қуана бөлісті.
Естеріңізде болса, халқынан сүйінші сұраған әкенің қуанышты хабарын алғашқылардың бірі болып жеткізген едік.
stan.kz