Қалтафон қымбат ойыншық па?

Қалтафон қымбат ойыншық па?

«...Жақында 2-сыныпта оқитын қызыма қалта телефонын сатып алып бергем. Өйткені қазір бала үшін  де қалта телефоны қажеттілікке айналды ғой. Енді 5 жасар ұлым I-Pad алып бер деп жанымды қоймай жүр. Жұмыстан үйге кіре сала балам менің телефоныма жармасады. Оны қызықтыратыны телефондағы түрлі ойындар. Балам сұраған телефонды дүкендерден көрсем, бағасы жүз мыңның үстінде...». Құрбымның бұл әңгімесі көптеген ата-анаға таныс жағдай. Ананың құрсағында, одан кейін бесікте жатып қалта телефонының әуенімен тербетілетін қазіргі заманның балалары бала-бақшаға бармай жатып телефон ұстағысы келеді.Осы заманның жоғары технологиялық жетістігі қалтафонды баларамызға әпергеніміз дұрыс па? «Алаш айнасы» бүгін қалтафон туралы сөз қозғамақ, болашақта басқа да жаңа технологиялар туралы біздің сайттан оқи аласыздар.
Балаларымыз мектептен кешігіп жатса немесе аулада ойнап жүріп алыстап кетсе, көңіліміз алаңдап, осындайда балаға телефон әперіп қойған дұрыс па деп ойланып қаламыз. Өйткені қазіргі заманда ойын баласын еркін жіберіп, қамсыз отыра алатын уақыт емес. Әсіресе, алып шаһардың тұрғындары үшін күнделікті тіршілік пен бала тәрбиесін қабаттастыру қиынға соғып жатады. Сондықтан көпшілігіміз ең болмаса баламыздың  қайда жүргенінен хабардар болып отырайық деп қалтафон ұстатып қоямыз. Бірақ біз балаларымыздың телефонды байланыс құралы емес, ойыншық ретінде пайдаланатынына көңіл аудара бермейміз.  Балаға қалтафонды алып берген соң оның ең қажетті қызметтерін пайдалануды, тетіктерін басуды үйретуге уақыт бөлмейміз.
Алло, балақай, қалтафонды пайдалана білесің бе?
«Анашым, маған қашан телефон әпересің?», «Біздің сыныпта барлық балада телефон бар ғой», «Қанша теңгеге  жақсы телефон сатып алуға болады» деген секілді балаларыңыздың сұрағына жауап іздеп басыңыз қатып жүр ме? Кейде өзіңіз жұмыстан шаршап келгенде балам мазамды алмасын деп «ия, алып беремін»деп құтыласыз ғой?! Бұған балаңыз мәз болады. Өйткені оның есіл-дерті телефонның ішіндегі тетрис, жылан, боулинг, автожарыс секілді ойындар. Бала үшін телефонмен сөйлесу аса қызық емес. Бірақ телефон нағыз керек кезде бала адасып немесе анасы оны сабақтан алуға кешіккенде кейбір балалар анасының нөмірін телефоннан қалай табуды, қалай пайдалануды, телефонмен қанша уақыт сөйлесу қажеттігін де білмей жататын жағдайлар кездеседі.Мектеп мұғалімдері мұндай жағдайдың жиі қайталанатынын айтады. Тағы бір бәрімізге сабақ болар оқиға, жақында бір танысымның оқушы қызы телефонының пернетақтасын блокка қоюды ұмытып сөмкесіне сала салыпты. Байқаусызда анасының нөмірі басылып кеткен екен. Ал анасы қызының өзі хабарласып алып ұзақ уақыт жауап қатпағанына есі шықты. «Осы үнсіздік зәремді алғаны соншалық, сол сәтте бірнеше жылға қартайып кеткендей болдым», – дейді ол. Сондықтан телефонды пайдалану әдістемесін балаңызбен бірге оқып, оған мұқият түсіндірсеңіз, жүйкеңіздің тозуын аз да болса алдын аласыз.
Қалтафон қалтаңыздың сорына айналмасын
Ал енді жасөспірімдерге келетін болсақ,қалтафонның дисплейі, полифониясы түрлі-түсті болмаса, фотокамерасы мен диктофоны жоқ болса, ғаламторға шыға алмаса мұндай құралды олар менсінбейді. Алда-жалда балаңызға сөйлесу үшін және хабарлама жазу үшін ғана арналған қарапайым телефон алып берсеңіз: «Сыныпта бәрі жақсы телефон ұстайды, мен ғана қалыс қалып жүрмін, мынауыңды тіпті көрсетуге ұяламын» деген жауап естисіз. Өйткені оған WAP, GPRS, камерасы бар телефон керек. Оқушы үшін байоланыс провайдерлері жарнамалаудан жалықпайтын анекдот, танысу, жұлдыз жорамал, музыка, сурет, түрлі ойындар көшіретін қызметтер қызығырақ. Тіпті балаларға арналған телеарналардың өзі қалтафонға арналған рингтондарды, суреттерді жарнамалайды. Сондай-ақ провайдерлер «мынанадай нөмірге көп смс жіберсең, сыйлық аласың, қызық жаңалық естисің» деп қызықтырады, одан қалса, смс дауыс берулер бар, әйтеуір балаңыз телефоннан бас алмайды. Сабақта, қоңырауда, уйде, тамақ үстінде, тіпті көрпесінің астына тығылып, телефонның тетігін басудан жалықпайды. Сөйтіп балаңыздың қалтафоны сіздің қалтаңыздың сорына, балаңыздың «жан досына» айналады. Өзіне қалтафонның көмегімен небір таныстар тауып алған балаңыздың телефонындағы тізімді бір уақыт тексеріп қойғаныңыз жөн. Балаңызға телефон ұстаудың этикасын үйрету де артықтық етпейді. Сабақ үстінде, театрда, кино залдарында телефонды өшіріп қоюды кейде үлкендердің өзі ескермей жатамыз. Бүгінде осы мәселемен бүкіл әлем күресіп, тіпті қатал талаптар да қойылып жатыр.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Нью-Йоркте қалтафонды мектеп ғимаратттарынакіргізуге, тіпті киім шешетін бөлмегесөндірулі күйінде қалдыруға да қатаң тиым салынған. Ережеге бағынбағандардан телефонды алынып, қайта қайтарылмайды.
Жоғарыда айтылған телефон дерттерімен мектеп күресе алмаса да, ең болмаса балаңызды үйде ақылға салып, мәселені шешуге тырысқан дұрыс. Әрине, баланың барлық смс хабарламаларын ақтарудың қажеті жоқ. Өйткені бала өзінің құпиясына қол сұққан ата-анасына деген құрметін жоғалтады. Ал телефондағы шотқа детализация жасап тұру артық болмайды. Детализацияны да өзіңіз ғана емес, балаңызбен бірге қарағаныңыз дұрыс. Сонда ол өзінің қанша ақша жұмсағанын көріп таңғалады. Көп жағдайда балалар ата-анасынан 2-3 есе артық бірлік жұмсайды. Егер сіз детализация нәтижесіне көз жүгіртіп балаңыздың сабақ уақытда, түннің ортасында сөйлесетініне куә болуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда баламен ашық сөйлесіп, оны тәртіпке салу үшін күнделікті ұсақ-түйекке деп берілетін оның өз ақшасын азайтуға мәжбүр болатыныңызды түсіндіріңіз.Телефонды алғаш алғанда, қанша тыйым салсаңыз да, балаңыз барлық қызмет түрлерін қолданып көргісі келеді. Сондықтан бірден балаңызбен музыкаларды жиі көшірмеуге келісіп, кейбір қызмет түрлерін пайдаланудың қажеті жоқтығын түсіндіруге тырысыңыз. Егер балаңыз әрікіммен смс арқылы араласып жүрсе, оған өз жақындарының зейіні жетіспеушілігі әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда балаңызды қызықты кітап оқуға баулыңыз. Оның уақытын тиімді өткізуі үшін түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына беріңіз.
Пайдасынан зияны көп қымбат ойыншықты қарапайым байланыс құралына айналдыруға болады. Тек осыған жеңіл-желпі қарамай, қолға алсаңыз болғаны.  
Артық болмас білгенің....
Ғалымдар не дейді?

Мобильді телефонды шамадан тыс қолданатын адамдар, тіпті қандай денсаулығы мықты болса да, қатерлі ісік, аутизм секілді ауруларға ұшырауы мүмкін. Күнделікті телефонмен сөйлескенде адамның миы мен есту мүшелері 1 градусқа жоғарлайды екен.
Шетелдерде  кейбір компаниялар арнайы балаларға арналған телефондар шығарады. Балаларға арналған қалтафондарда кейбір қызмет түрлеріне шектеу қойылған. Мұндай телефондарлдың бағасы қымбат болғанымен, үлкен сұранысқа ие.
Қалтафон және жүктілік
Жүкті кезінде телефонды өте жиі қолдаған әйелдің нәрестесі түрлді ауруларға ұшырауы мүмкін. Жиі түсік тастауға, уақытанан ерте босануға да ұялы телефонның зиянды әсері көп.
Ойлан.....
Қатар тұрған екі телефонның ортасына шикі жұмыртқа қойым 20 минуттан артық сол екі телефонға үздіксіз қоңырау шалса, ортасындағы жұмыртқа пісіп кетеді екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста