"Қандай жауыз адамдар бар?" деп ашуланамын": Тахир Сұлтан студияда хайп үшін жыламайтынын айтты

"Қандай жауыз адамдар бар?" деп ашуланамын": Тахир Сұлтан студияда хайп үшін жыламайтынын айтты

Тележүргізуші Тахир Сұлтан «Кел, татуласайық» бағдарламасының әр шығарылымында көзіне жас алатынын айтады. Өйткені тағдыры қиын адамдарды көріп, өзі де уайым-қайғыға беріледі екен. Алайда, мұны «хайп» дейтіндер де жоқ емес. Бұлай дейтіндерге тележүргізуші өзі жауап берді.

–    Тахир мырза, «Кел, татуласайық» бағдарламасында шын проблемасы бар кісілер бір-бірімен татуласа алып жатыр ма?  
–    Біздің бағдарламаға келген адамдардың ешбірі жасанды, біреудің арбауымен келген кейіпкерлер емес. Барлығы шынайы, өмірде мәселесі шешілмей жатқан адамдар. Жас ерекшеліктері бойынша, әрине, кәмелеттік жасқа толған адамдар болу керек. Нешетүрлі жағдайларын айтып келеді. Қайсысы біздің жобамызға сай немесе келмейді соны іріктеп аламыз.

 

–    Проблемасы көп кісілер көп пе? Өзіңізге тікелей шығып жататындар бар ма?
–    Бар, өте көп. Иә, инстаграм парақшама жазатындар бар. Кейбірулер нөмірімді тауып алып, хабарласып жатады. Өмірде нешетүрлі мәселелер бар екен ғой. Алдында әкесі және анасымен араздасып қалған бір кісі жазады. Ата-анасының кешірімін алғысы келеді, бірақ ұялады екен. Өйткені достарым мен таныстарым көп дейді. Әрине ондай кісілерге мүмкіндігінше түсіндіреміз. Зорлық-зомбылық көргендер, анасы мен баласы, ата-енесімен татуласу үшін келіп жататындар бар. 

–    Неше түрлі тағдырлы адамдардың мұң-зарын тыңдайсыз. Мұндай кезде сізге де ауыр тие ме?
–    Иә, өте ауыр тиеді. Оларды тыңдап отырып, өзім қиналып кетемін. Жүрегіме жақын қабылдайтын адам екенмін. Осыған көзім жетті. Бағдарламаға келген әр кейіпкерді тыңдап, түсініп, оларға қолдау көрсету үшін оны өзімнен өткіземін. Бірге қайғыға берілемін. Өзіміздің арнайы грим жасайтын бөлмеге барып, «Қандай жауыз адамдар бар?» деп ашуланамын. Әрине, ондай адамдардың барын білемін ғой. Бірақ соншалықты жаман адам болатынын елестетіп те, тіпті өмірімде кездестірмедім. Студияда басым ауырып әрең отырамын кейде. Мысалы, бүгін үйге келген соң да біртүрлі сезімде болдым. Жаман энергия кетсін деп үйдегілер адыраспан иісін шығарып жатады. Әр апта анам жеті нан пісіріп тұрады. Тұзды суға жуынамын. Бағдарламадан шыға сала, Жаратушыға сыйынамын. Жиі дем салдырып тұрамын. 

–    Негатив адам денсаулығына кері әсерін береді екен. Әр ауыр тағдырды жақын қабылдаймын деп отырсыз...
–    Бұл сауалды маған жиі қояды. Сол кезде «жарайды жүргізбей-ақ қояйын. Бірақ осындай тағдырға душар болған адамдарды кім тыңдау керек? Бұл кісілердің мәселесін кім шешуі керек» деймін. Бағдарламаға келген әр кісіге жаным ашиды. Бір жағынан өзімді де ойлаймын. Мұндай әлеуметтік бағдарламаны жүргізген, адамдармен сұхбаттасқан өзіме ұнайды. 

–    Көзіңізге жас алған кезде кейбіреулер «шын уайымдағаны ма, әлде тележүргізушінің хайп ұстауы ма» деп ойлайды екен. Бұған не дер едіңіз?
–    Маған хайптың қажеті жоқ. Телевизия саласында 2003 жылдан бері жүрмін. Бірнеше үлкен жобаларды басқардым, жүргіздім. Сонымен қатар отандық телеарналарда жұмыс істедім. Мен бағдарламаны өзіме көрермен тарту үшін жүргізбеймін. Бұл менің – мамандығым. Бала кезден осы саланы таңдап келгеннен кейін басқаларға өз пайдам тисе екен деген бағытта жұмыс істеймін. 

–    Мұндай бағдарламаны жүргізу қиын ба?
–    Иә, өте қиын. Мұндай бағдарламаны жүргізу үшін бірінші адамның жүрегі мықты болу керек. Эмоцияға қатты берілмеу қажет. Ал мен керісінше эмоцияға берілгішпін. Мінезім де жұмсақ. Біреудің қиналып тұрғанын көрсем, қолымнан келгенше көмектескім келіп тұрады. Менің де әрине жағдайым аса мықты емес. Шүкір, әрине. Кейде шамам жеткенше жетімдер үйіне жәрдем беремін. Бәріне көмектескің келеді, бірақ өзіңде үлкен қаражат болмаған соң достарыма жүгінемін. Достарым да әр кезде қолдап, қолдарынан келгенше жағдайы жоқ отбасыларға көмектеседі.

–    Шығарылымдағы жүрегіңізге ең қатты әсер еткен, көзіңізге жас алдырған оқиға қайсысы болды?
–    Мына сұрақпен жүрегімді тағы да елжіретіп жібердіңіз ғой. Бағдарламада тағдырлы Қызғалдақ деген қыз, анасымен татуласамын деп келген Еламан есімді жігіт болды. Солардың оқиғасы маған қатты әсер етті. Бүгін келген Жанар деген кейіпкеріміз қыздарын алты жыл бойы көрмеген. Біздің түсірілім топ түсіріп келген, соны көріп қатты жылады. Тоқтар деген аға Тараз қаласынан мүгедек анасымен бірге келді. Ол да бағдарлама аясында өкіріп жылағанда кәдімгідей жүрегім езіліп кетті. Жарнаманың кезінде қатты қиналдым. Ана кісінің қасында отырдым, қолғабыс бердім. Экранның алдында тұрған соң эмоцияны көрсетпеуге тырысамыз. Бірақ жүрек еттен жаралғаннан кейін ондай нәрсеге жыламау мүмкін емес. Түсірілімге келе жатқанда «бүгін жақсы нәрсе болсыншы» деп Аллаға сыйынып барамын. Біреудің қуанышын көрсек екен деймін. Мысалы, бағдарламамыздағы 9 баласы бар Хадиша апайдың үйінен жылан шығып жатыр екен. Өзінің үйі емес. Немерелерімен бірге тұрады. Жағдайы тым қиын. Бірақ ол кісі барлығына позитивпен қарайды екен. «Алақан жайып ешкімнен ештеңе сұрамаймын. Алланың бергені болады. Алтын алқамды алып берсеңдер» деп айтады. Кейде бағдарламамызға келген әр кейіпкерге қол ұшын созатын жомарт жандар болса деп тілеймін. Өткенде Нұр-Сұлтан қаласынан келген кісі Қызғалдаққа үй сыйлады. 

–    Жалпы өзіңіз телевизия саласына қалай келген едіңіз?
–    Мектеп кезінен бастап өзімді тележүргізуші санап, достарыма сұрақтар қоятынмын. Сөйтіп сұрақтарыммен кейбірінің көңілін көтерсем, енді бірінің ашуына тиіп жататынмын. Мектепті бітірген соң журналистика мамандығына оқуға түстім. Содан бері радиода, газетте жұмыс істедім. Ары қарай телевизия саласына кеттім. Құдай амандығын берсе, жасымыз келгенге дейін қызмет жасауға дайынмын. 

–    Ел алдында жүрген соң да көпшілік қызыға, қызғана да қарайды. Жеке өміріңізді білгісі келіп жатады. Сол жайында айтып кетсеңіз...
–    Иә, жеке өмірімді сұрайтындар бар. Біреулер тіпті «қайдан киінесіз?» деп сұрап жатады. Көлігім, үйімнің қандай екенін көргісі келеді. «Бойдақсыз ба?» дейтіндер бар. Бірақ отбасылы адам екенімді көбісі біледі. Қазақта баланың санын сұрамайды дейді. Сондықтан балам бар деп қана айтайын.

–    Есіміңізге қарап, басқа ұлт па деп ойладым сізді...
–    Жоқ, таза қазақпын. Иә, атыма қарап көбісі шатасып жатады. Тахир араб тілінен аударғанда «саф» дегенді білдіреді. Яғни, таза деген сөз. 

 

Сұхбаттасқан: Анар ДӘУКЕН

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста