Қара өлеңнің Хантәңірі

Қара өлеңнің Хантәңірі

Ақтамберді болып ақтарылып, Махамбет болып кектенген, Абай болып терең күрсінген, Жамбыл болып жырлаған, Мағжан болып мұңайған, Қасым болып от кешіп,Төлегендей сағынышқа енген қасиетті қазақ өлеңінің төрінде ақиық Мұқағалидың алатын орны алабөтен. Қарасаз атты қараша ауылда туып-өсіп, Хантәңірінің етегінен түлеп ұшқан мұзбалақ ақынның жырлары бүгінде әр қазақтың көкірегінде сайрап тұр. Ол өлең өлкесіне өзінің ерекше үнімен келіп, қарапайым да асқақ болмысымен, шыншыл да шымыр өлеңдерімен жадымызда мәңгі қалып қойды.Талайлы тағдыр маңдайынан сипай қоймаса да, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан ақын ағынға қарсы жүзіп, түптің түбіндежұлдызының биіктен жарқырап тұратынын жан-жүрегімен сезіп, сәулелі санасымен бол жай білді.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің... –деп, ақындық жолындағы қиын кедергілерге қасқайып тұрып қарсылық білдірген ақын ның жұдырықтай ғана жүрегі қаншама
бат пан салмақты көтере білді! Ақын жырлары негізінен лирикаға құрылғанымен, ондағы нәзік қалтарыстардан салмақты ой мен сіз бен біздің кеуде тұсымызды шымырлатпай қоймайтын ауыр бір мұң сезіліп тұратыны сөзсіз. Ақын шығармаларына үңілген сайын әркім өзін танып жататыны және аян.Ендеше, оқырман Мұқағалиды емес, Мұқағали оқырманын өзі тауып алатын сияқты.
Мұнда әлдебір тылсым күштің әсері сезілетіндей. Расында да, «махаббатпен басталып, парасатқа ұласқан» Мұқағали поэзиясы ешкімге
ұқсамайтын мазмұн-сипатымен тым ерекше, әр сөзі сондай анық әрі жүрекке жақын.

Ол өзі өмір сүрген заманның сұр қия- лы ғы мен әділетсіздігін жан сүзгісінен өт- кізіп, қаймана қазақтың сөзін сөйледі. Мұ- қа ғалидың тағы бір ерекшелігі, ол, шын мә нін де, ұлттың ақыны ғана болып қалмай, төр т кіл әлемде болып жатқан түрлі құбы- лыс тарға бейжай қарай алмайтын қалам иесі ретінде ғаламдық тұрғыда ой толғаған кең тынысты талантқа ие болды. Өлеңге құ былыс болып келген ол адамзатты тол- ған дырған тақырыптарға барды. Төл әде- бие т імізден нәр ала отырып, әлем клас- сик терінің туындыларымен тамыр жал ғас- тырды. Ғаламды санасымен құша отырып, ол ақ қағазға өз мұңын төгу арқылы қазақтың ішкі дертіне шипа іздеді, жетімін желеп- жебеп, жесірін жұбатуға жылы сөзін сарп етті. Сұрапыл соғыстан кейін ұлт басына төнген ауыр жылдар, кеңес заманының қызыл саясаты тудырған зауал мен ұмыт қала бастаған тамырлы ата дәстүріміз бен иманымыз Мұқағалиды да толғандырмай қой мады. Ұлтымызды құрсауда ұстап, ба- сы мызға бұғалық салған кеңестік идео ло- гия Мұқағали музасын мазасыз күйге тү- сір ді. Алайда ноқтаға басы сыймаған ақын ның жүрегі аласұрып, ақ жолдан адас пай, ақиқат іздеуден тартынбады. Ол өзі жырға қосқан үш бақытын – Халқын, Тілін, Отанын аялап өтті. Қазақтықтан ажы- ра ған қоғамда өмір сүрген ақын азаттықты аңсады. Қай өлеңін алсаңыз да, оның аста- ры нан бостандыққа ұмтылыс пен еркіндікті аңсау бар. Мысалы, ақынның сәбиіне ар- на ған мына бір өлеңінің кейбір тұсына зер салып көрсек: Бұлқынып жатыр, Келмейді-ау құрғыр шамасы. Бұлқынып жатыр, Таусылды-ау айла-шарасы. Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші, бостандық берші, мамасы. Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге, ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде. *** Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы: Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық. Бір деммен оқып шыққанда-ақ, бұл өлең кішкентай сәбиге арналғандығы айқын аңғарылып тұрады. Бірақ қайыра оқып, астарына үңілсеңіз, басқа ойдың ұшқынын аңғарасыз. Өлеңде айтыл- ғандай, бұлқынып жатқан сәби – кеңестік құрсаудағы қазақ қоғамы. Сол қоғамда Отан-Ана біз үшін Ресей еді. Ақынның «аяқ пен қолын матамай, бостандық берші, мамасы» деп жан ауырта жырлауы да тегін емес. Иә, сол кездегі алып им- перияның қол астында «ыза мен ашуға» булығып, басылып қалған қазақ қоғамы бостандыққа ұмтылуға бұлқынып, қар- сылық көрсетуге талпынып жатқан кіш- кентай жүрек иесі еді. Ал «Жаным-ай» деген бір өлеңінде: «Басымыздағы бақыттардан да күсеміз, Қазылған орға өзіміз іздеп түсеміз. Қайтеміз енді?! Ұлы бола алмай ішеміз...» – деген жолдар бар. Иә, Мұқағали ғұмыр кешкен қоғамда қазақ ұлтын бақытты өмір сүрді дей алмаймыз. Орыстың арағына уланып, ататегімізді «ов, ев» деп жаздыртып, тіліміз мен дінімізден ұрпағымызды без- дірген саясаттан енді-енді арыла бастадық емес пе?! Қазір ғой орысша жалғауды алып тастап, «ұлы», «қызы» атанып жүр- ге німіз... Мұндай мысалдарды көптеп кел тіре беруге болады. Ақынның бай шығармашылық мұрасы бүгінде көптеген ғылыми-зерттеу еңбекке арқау болып отыр. Солардың ішінде «Мұқағали және Тәуелсіздік» ұғымына айрықша көңіл бөліне бастауына негіз жоқ емес. Қалай десек те, бүгінгі заман Мұ- қағали поэзиясын өзге қырынан тал дап- тануға серпіліс тудырып отыр. Абай да- налығының нәрінен сусындап, Махам бет- тің өршілдігіне қаламын жонып, Қасым жы рынан от алған Мұқағали бүгінде адам- заттың ақынына айналды. «Күпі киген қазақ тың қара өлеңіне шекпен жапқан» Қара саздың қара баласы миллиондарды мойындатып, рухты поэзия тудыра алғаны анық. Ақын өзі жазып қалдырған күнделігінің бір тұсында: «Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен рөл атқаруға тиіс. ...Кімде рух бол маса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек...» – деп ой толғапты. Бұл мәртебелі өлең ге шын жанашыр ақынның кесімді сөзі іспетті. Қазақ поэзиясына бояуы қанық ұлттық реңк пен сананы сілкінтер рух ала келген ақын шығармаларын қайта-қайта парақтаған сайын тың ойларға тап болып, көкейді тескен сан сауалға жауап таба ры- мыз анық. «Тау алыстаған сайын ас қақ- тайды» деген даналыққа сенсек, Мұқағали поэзиясының Хантәңірі де ғасырлар ал ма- сып, жылдар жылжыған сайын биік тей бермек.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: – Ұлы Абай айтқан «тілге жеңіл, жү- рекке жылы» өлеңдер Мұқағали Ма қа- таев поэзиясының негізгі тіні екені дау- сыз. Мұқағали – қазақ халқы ның бі р не- ше буын ұрпағын тәрбиелеп келе жат- қан шын мәніндегі ұлт ақыны. Бүгінде Алтай мен Атыраудың, Жетісу мен Арқаның арасында Хантәңірінің мұз- балағы атанған ақиық ақынның жыр- ларын жатқа айтып, оның сөзде рі не жазылған әндерді білмейтін жан жоқ шығар. Мұқағали табиғи таланты мен үлкен білімінің арқасында қазақ тың қара өлеңін жаңаша түлетіп, заң ғар биікке көтере білді. Ақынның өміріне қатысты әрқилы алыпқашпа пікірлер айтылып жүргенімен, Мұқа ға ли көзі ті- рі сінде-ақ мойындалып, өз қатар лас та- рынан оқ бойы озық тұрып, көп оқыл- ған. Біз де бала кезімізде Мұ қаң ның «Қар лығашым, келдің бе?», «Мавр», «Да риға жүрек» сынды кітап та рындағы жыр-дастандарды жатқа оқып өстік. Өз басым Мұғағалимен бір күн де туға ным- ды мақтан тұтамын. Осы ны жақсы ырым ға балап, 15 жа сым да: Ір кілмеген, дүркіндеген жыр кімге, Өлеңдетпей ғұмыр кешу мүмкін бе?! Туған екем мұзарттағы мұзбалақ – Мұқағали ағамызбен бір күнде, – деп өлең жазып едім. Сондықтан да маған Мұқағали ерекше ыстық, бас- қа лардан бір табан жақын секілді сезі- леді. Жыл сайын 9 ақпанда мен ең ал ды мен көпшілікпен бірге Мұқа ға ли- дың тойын тойлап, кештеріне қатысып, өз туған күнімді одан кейін атап өтемін. Қазақ деген елі барда, қара өлеңнің қа дірін түсінетін оқырманы барда Мұ- қа ғали есімі де өшпек емес. Керісінше, оның соншалық қарапайым, соншалық мөл дір поэзиясы ұрпақтан-ұрпаққа, ға сы р дан-ғасырға үздіксіз жалғасын таба бере тініне бек сенемін.

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, «da Қазақстан» халықаралық журналының бас редакторы: – Мұқағалидың алуан қыры мен сыры бар, адалдығы мен адамгершілігі мол, шығармашылық мүмкіндіктері ба рын ша толысып, кемелденген, өте бір ғажайып ақын екендігіне заманның өзі куә. Ол өзі- нің өткен ғасыр мен осы ға сыр дың және бұдан кейінгі ға сыр лардың да құрдасы болатын дығын түй сігімен се зіп, айтып кеткен. Бүгінде ақын ның айт қа ны ақи қат- қа айнал ғанын көріп отыр мыз. Қазақ өлеңінің тарихында, тұла бойын да әр пендеге тән кейбір кем ші- ліктердің болуына қарамастан, жүре гіне иман ұялатқан ақындар көп болған емес. Мұқағалидың басты қасиеті – атеис тік қоғамда өмір сүрсе де, Алланы хақ деп танып, асыл дінінен айны ма ған дығында. Мысалы, Абай «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» десе, Мұқа ға ли: Бәрі рас айтқанының ақ Алланың, Күн менен топырақтан жарал ған- мын. Тәнімде түйірі жоқ арам қанның... – деп ағынан жарыла келе, «күллі әлем нің мұсылмандары, бірігіңдер» деген үндеу тастайды. Мұқаңның осы бір имандылық қыры мен Абай дәс тү рімен сабақтастығы турасында белгілі ақын Құл-Керім Елемес кезінде үлкен зерттеу мақала жазған. Өз өлеңінде «Пайғамбар Мұхаммедтің үм- бе тімін» деп жаһанға жар салған ақын ті рісінде-ақ Хақ жолын мойындаса, бү- гін де Алла тағала Мұқағалидың мәр те- бе сін көтеріп жатыр. Ұлылар өмірі қа- шан да бір-бі рімен сабақтас келеді. Мы- салы, Ма хам беттің (батыста Мұхаммед пай ғам ба рымызды Махамбет деп те атаған) аты да, Абайдың шын есімі Иб- раһим мен Мұқағалидың азан шақырып қойылған аты Мұқаметқали – үшеуі де нұрлы есім. Махамбет – Қаройда, Абай – Қарауыл да, Мұқағали Қарасазда туған. «Қара» сөзі қазақта қасиеттілік пен ұлы лықты біл діреді. Демек, осы қа сиет ті үш Қараны қазақ руханиятының үш тұғыры деп та нып білуге болады.

Ғарифолла ЕСІМ, философия ғылымының докторы, академик:
– «Дін – ғылымның анасы». Бұл – Мұқағали Мақатаевтың өткен ғасыр дың 70-жылдары жазған өлеңінің алғашқы жолы.
Ол заманда атеизм (дінсіздіктің идеологиясы) мемлекеттің саяси қызметін атқарғаны көпші лік ке белгілі. Дінді ғайбаттап сөз сөйлеу кеңестік мәдениеттің бір өлшемі болатын. Қоғамдағы саяси ағымға сай, ақындар да дінді сынап жазуды дәстүрге айналдыра бастаған. Сол «Құдайсыз заманға» тап болған ұрпақ тың өкілдерінің бірі ақын
Мұқағали Мақатаев еді, бірақ оның сөзі өзге ше болды. Жоғарғы жақтағыларға дінді қаралап жазса ұнайтынын, марапат тарға ие болатынын ақын білді. Алайда Мұқағали ол жолға түспеді. Жаны жаралы болып, дүйім жұрттың ішінде жалғызсы рап, сер гел деңде жүрген де тұла бойына табиғи болмысымен енген мұсылмандық нұрын шаш пай-төкпей сақтап, ешкімге ұқсамайтын дін туралы өзінің формуласын ұсынды, оның дінді ғылымның анасы дегені
даналықтың үлгісі еді.
 

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы: – Мақатаев жырларындағы майда қоңыр саз бен жарқ-жұрқ көзге ұрмайтын жұмсақ нұрдың өзі де оның терең тебіреністі гуманистік мәнін айқындай түседі. Жас ақын зор адамгершілікті, биік гуманизмді елден ерек төтен ерліктерден емес, адамдардың бір-біріне деген мейір - пейілінен іздейді. Оның өлеңіндегі адамдар – шетінен жүзі игі, жүрегі жұмсақ жандар. Бірақ ақын өмірді май тозғысыз идиллия қылып сурет- теуден аулақ. Ол әре кет шіл, мейірімді, өзгенің бақыты мен қуанышына тек тілектес қана болып қоймай, сол үшін бел шешіп күресе тін белсенді, қайырымды адам ту ра лы жырлайды. Ол сонау ұлы шай қас, Ұлы Жеңіс жылдарын да жар қы рап көрінген моральдық сапаны дәйім биікте ұстауға үндей ді. Ол қазіргі қылығымыз бен құлы ғы мыз ды да сол жылдардағы мораль дық биігіміздің деңгейімен өлшейді. «Дәуірмен бетпе-бет» кітабынан. 1972 жыл
Жеңгем ағамды алдап жүр

Алмат Исәділ 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста