Қараға неге құмармыз?

Қараға неге құмармыз?

Жуырда Айгүл Елшібаеваның ұзату тойына арналған әнін Заттыбек Көпбосынұлы екеуі бірігіп орындап, тыңдарманға тарту жасады. «Қазақстан» теларнасындағы «Ұлттық шоу» бағдарламсында қос жұлдыз қосыла шырқаған ән көпшілікке ұнағаны сөзсіз. Ән туралы әңгіме жоқ-ау. Көңілге көлеңке түсіргені дәстүрлі ән өнерінің саңлағы Айгүл Елшібаеваның қара түсті ұлттық көйлек кигені болды.
Басында шашағы бар бөрік, әдемі бедерлі әсемделген көйлектің қара түсті болуы... Әрлі-берлі қазақ ән өнерінің төрінде жүрген майталмандардың барлығын ой елегінен өткізе келе ұлттық көйлектің қара түстісін киген әншіні еске түсіре алмадық. Негізінде қазақ халқының таным-түсінігінде қара түс қайғының, қасіреттің белгісі саналады. «Қара жамылды» деген тіркес бекерге айтылмаса керек. Есіңізде ме «Қыз Жібек» фильмінде жауға аттанған сарбаздарды қара жамылып күтіп тұрғанда «жеңіс» деген бір ауыз сөзді есітіп, шаттықтан шаттанған қыз біткен атпен шауып келе жатып қара жамылғыны лақтырмаушы ма еді? Қызылды-жасылды ұлттық киімдегі қыз біткен даланы қызғалдақ көмкергендей құлпыртып жібермеуші ме еді? Режиссер Шәкен Айманов осы эпизодтың өзімен-ақ талай дүниені тілсіз түсіндіріп бермеп пе еді? Мейлі, атақты дизайнердің қолынан-ақ шықсын. Қазақы мақамда ән салатын Айгүл әншіміз де ұлтымыздың арғы-бергі тарихынан хабарсыз деп айта алмайсыз. Бірақ әдемі пішіндегі көйлекке қара түстің таңдалуы түсініксіз. Классикалық үлгідегі көйлектерге әрине қара түс әр берері сөзсіз. Алайда ұлттық нақыштағы көйлектерге қара түс мүлдем үйлеспейді-ақ. Соңғы әлетте қазақы киімдерімізді әртүрлі пішінге салып тым жалаңаштап жіберген дизайнерлеріміз де бір сәт ұлттық салт-дәстүрлерімізді де назарға алса дейсің. Әйтпесе бір жеңі бар, бір жеңі жоқ, артында ұзын сызығы бар, ер адамдарға қып-қызыл түстен бешпент тігіп тым ұятқа қалып жүр. Ең болмаса пішінін дайындап болған соң да ұлттық дәстүрден хабары бар біреуге көрсетіп алса болады ғой. Өзін де, өзгені де ұятқа қалдырмай. «Денар» тобының «Қара көйлегінен» зорға құтылып едік онсызда. Ол ән болса, бұл жерде енді ұлттық көйлектің қара түсті болғаны ғой. Көңілге қаяу түсіргені. Ойланайықшы...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста