Қарағандылық өлкетанушылар көпке беймәлім ақынның өлеңдерін тапты

Қарағандылық өлкетанушылар көпке беймәлім ақынның өлеңдерін тапты

Ақын Нұржан Шоңұлының есімі осы уақытқа дейін оқулықтарға енбеген, мұралары дәріптелмеген. Жинақталған өлеңдері биыл ғана табылды. Бірен-саран ақсақалдан өзге ешкім білмеген шайырдың мұрасын жергілікті өлкетанушы Айдаржан Балтабайұлы Мұхтар Әуезов атындағы университеттің қорынан алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдаржан Балтабайұлының тапқан мәліметтеріне сүйенсек Нұржан Шоңұлы 1860-1933 жылдар аралығында өмір сүрген.

Қарқаралы ауданы Темірші ауылында дүниеге келген. Қарқаралы ол кезде уез, ал Темірші болыс еді.

Семей губерниясында қайтыс болған. Кедей отбасынан шыққан. Руы – қырғыз.

Ауыл молдасынан сауат ашқан. Нұржан ақын тіпті ұлт көсемі Әлихан Бөкейханмен жолдас болған деген деректер де бар.

«Бұл кісінің жазбалары бәрі ескіше, яғни арабша жазбалар. Қазіргі уақытта бұл жазбаларды кез келген адам оқи алмайды. Сөздеріне дауысты дыбыстарды қоймайды. Сол себепті де зерттеу жүргізу күрделі болған. Негізінде Нұржан Шоңұлы білімді, сауатты ел ақыны болған. Атының шықпау себебі - өлеңдері жазылған дәптер керек жерге жетпеген», - дейді өлкетанушы.

Нұржан Шоңұлы туралы осы уақытқа дейін неге айтылмады деген заңды сауалдың жауабы осындай. Ақын өз өлеңдерін қойын дәптерге жазған.

Міне, сол жазбаларын Біләл есімді баласына аманаттапты. Ал Біләлдан Сейітқазы Әбдіразақов деген аталас туысқаны алған.

Айдаржан Балтабайұлының сөзінше, өлеңдер жазылған 500 беттік қойындәптерді қорға сол туысқаны тапсырған.

Өлкетанушы бұрын-соңды еш жерде жазылмаған, еш жерде айтылмаған Нұржан Шоңұлы туралы Ақтоғайдағы ақсақалдардан естіпті. Деректерді іздеп көріп, таппаған.

Өзінің кезекті еңбегін жазу барысында ойламаған жерден ақын туралы естіп қалыпты. Сол сәттен бастап зерттеуге кіріскен.

«Еркін күрестен Қазақстанның 11 дүркін чемпионы Жұмабай Жандығұлов деген палуанның үйінде қобдиша бар. Сол қобдишаның ішінде біраз деректер болды. Ол кісі маған 2016 жылы хабарласып, сол деректерді бергісі келетінін айтты. Ескіше жазуды оқи алады екенмін. Сосын қағаздардың бәрін аудар деп маған берді», - дейді өлкетанушы Айдаржан Балтабайұлы.

Қобдишадағы жазба зерттеу жұмыстарының басталуына түрткі болған. Ақын есімінің аталмай қалуының тағы бір үлкен себебі бар.

«Нұржан ақынның екі ұлы халық жауы боп атылып кеткен. Қалған екі ұлы Семейде, біреуі Павлодарда қызмет істеген. Бұл кісінің үні шықпай қалуының бір себебі - осы. Кітабы да іздеусіз қалған. Халық жауларының әкесі болған соң солай кеткен «, - дейді Нұржан Шоңұлының шөбересі Бағдат Біләлов.

Нұржан Шоңұлының «Абдулхамит хан» деген көлемі поэмаға келетін туындысы бар екен. Түрлі тақырыптағы өлеңдері де көп.

Айдаржан Балтабайұлы жаз айларына дейін жырларды кириллицамен жазып шығуды жоспарлап отырмын дейді.

Әрі қарай кітап етіп жарыққа шығармақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста