«Қараөткел» қорымы елорда тарихын тың деректермен байытады

«Қараөткел» қорымы елорда тарихын тың деректермен байытады

Астана қаласының ортасында, «Жастар» ықшамауданы маңын­да тұрған «Қараөткел» мұсылман қорымы елорданың мәдениеті мен тарихын тың деректермен толықтыруы мүмкін. 2010 жылы ресми түрде қала құрылысы мен сәулеті ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, арнайы қорғауға алынған осы қорымға былтыр жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы қорытындылары ғалымдарды осындай ойға жетелеп отыр.
Қаланың қақ ортасында тұрған бұл қорым – елорда аумағындағы ең көне мұ­сылман зираты. Ел аузында «мұнда Бө­ген­бай батырдың сарбаздары жерленген, Тәуке ханның ұрпақтары жатыр» деген се­кіл­ді аңыздар да бар. Сондықтан да болар оны бір кездері сүріп тастап, орнына құры­лыс салу туралы сөз қозғалғанда жұртшы­лық наразылық танытып, зираттың сақта­лып қалуына себепкер болған еді. Енді, міне, сол қорым қала мәдениеті мен тари­хы­на тың деректер қосатын түрі бар. Қо­рым­да зерттеу-сараптау жұмыстарын жүр­гіз­ген «Археологиялық сараптама» ЖШС қызметкерлері небәрі 0,16 шаршы шақы­рым аумақта 2169 көктас қойылғанын анық­тап, олардың әрқайсысының қалпын, түрін-түсін, жазуын суретке түсіру арқылы сипаттамалық құжаттарын, тұтастай зират­тың 3-D форматындағы көрініс-картасын жасап шығыпты. «Бұл Астананың мәдение­тіне, осы қалада тұрып жатқан көптеген адам­ның тарихына қатысты тың деректерге жол ашады. Әзірге 2 мыңнан аса көктас анық­талды. Бірақ іс жүзінде мұнда жерлен­ген­дер одан да көп болуы тиіс, өйткені зи­рат­тың аумағында белгі қойылмаған бе­йіт­тер баршылық. Оның бәрін зерттеу ке­рек. Көктастардағы жазуларға қарағанда ең көне молалар шамамен ХІХ ғасырдың басында қойылған», – дейді «Қазақ­стан­дық археология қоғамы» бірлестігінің тө­ра­ғасы, ҰҒА академигі Карл Байпақов.
Академиктің айтуынша, ендігі кезекте зираттың өсу тарихын бажайлау үшін оның қай бөлігіндегі молалар ең алғашқылардың қатарына жататынын анықтау қажет. Сон­дай-ақ қойылған көктастардағы жазулар­ды зерттеп, олардың аудармаларын жасау керек. Өйткені мұндағы көктастар араб жа­зуымен, латын графикасымен, кейіннен ки­риллицамен жазылған. Мысалы, көне араб жазуымен қашалған эпитафиялардың мазмұны қазақша болғанымен, шағатай­лық оралымдар да кездеседі екен. Бұл ба­ғыттағы жұмыстар есімі елге белгілі болған тұлғаларды немесе олардың ұрпақтарын табуға септігін тигізуі тиіс.
Кәмила ҚОҚЫМОВА, Астана қаласы Мәдениет басқармасы бастығының кеңесшісі:
– 2012 жылы алты ай бойы жүргі­зіл­ген зерттеу жұмыстары кезінде зи­рат­та 2169 көктас (құлпытас) бар екені анықталды. Олар, негізінен, тас, ағаш жә­не темірден жасалған. Зерттеу бары­сында осы құлпытастың әрқайсысына паспорт жасалып, Мәдениет басқарма­сына өткізілді. Бұл паспортта құлпытас­тың орналасқан жерін көрсететін топо­гра­фиялық картасы, жерленген кісінің аты-жөні және бар болса, ол жайын­дағы қосымша материалдар, тастың су­реті секілді деректер қамтылған. Бұлардың бәрі әлі үлкен зерттеулердің басы ғана деп ойлаймыз. Мысалы, араб­ша жазылған бір көктасты оқыған­да онда Тәуке қажы Белгібай деген азаматтың, сондай-ақ тағы бір таста атақ­ты Ыбырайым Жайықбаевтың ба­ла­сы жерленгені анықталды. Сәкен Сей­фуллинмен қызметтес болған Жа­йық Айнабековтің отбасы, інілері де осы зиратқа қойылғанын білдік. Мұнда қазақтар ғана емес, татар, ингуш секіл­ді өзге мұсылман халықтарының да зия­лы азаматтарының, сондай-ақ ке­зін­де Орталық Азиядан – Бұқара мен Хо­резмнен ислам дінін насихаттай кел­ген ғұламалардың да осы зиратқа жерленгені анықталып жатыр. Бұны ел аузында жүрген аңыз-әңгімелердің рас­қа айналуының алғашқы белгілері деуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста