Қарақат Әбілдина лифтіде қаза тапқан журналист пен өзіне қатысты ақпараттың жалған екенін айтты

Қарақат Әбілдина лифтіде қаза тапқан журналист пен өзіне қатысты ақпараттың жалған екенін айтты

Қашанда сыпайылығымен, сабырлығымен көпке үлгі бола білген Қарақат Әбілдина болмағанды болдырып, өзі туралы көңілге тиетін жалған ақпарат жазып жүрген ғайбатшылардан әбден шаршаған.

Әнші өзі жайлы жалған ақпарат таратып, адал есіміне дақ түсіріп, қаралағысы келетіндерден мезі болғанын айтып, ренішін жеткізді. Осылардың ішінде Қарақаттың жанына қатты батқаны Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист құрбысына қатысты жазылған ақпарат.

Әбілдина өзіне және марқұм құрбысына қатысты осындай жалған ақпарат таратып жүргендерден шаршағанын айтып, парақшасында жазба қалдырды деп жазады Stan.kz.

«База сататындардан, қосымша табыс ұсынатындардан, арықтау марафонына шақыратындардан, сетевой бизнесті ұсынатындардан, мақтаншақ, тәлпіш деп жазатындардан, сыртымыздан болмағанды болдырып, біздің атымыздан жалған ақпарат таратып жүрген ғайбатшылардан барлығынан, шыны керек, шаршадым. Мән бермей-ақ қояын десең де, түрлі парақшалар мен сайттар қыр соңыңа түсіп, неше түрліні жазады да жатады. Басқа емес, етек-жеңі жинақы, үйлі-баранды, балалы-шағалы менде не шаруалары бар екен?! Түрлі жарнаманы да таңып, арықтау үшін осындай ішіпті деп ішпегенді ішкізіп, айтпағанды айтқызады. Ең соңы осыған келді. Рейтинг үшін арзан сайтсымақтар мен аккаунттар өмірден өткен адамды сөйлетуге көшіпті. Астагфируллаx. Шіркін-ай, бұл әрекеттің ақиқатында үлкен күнә екенін, міндетті түрде сұрауы болатынын білсе, олай жасамас еді»,- деп жазды Әбілдина желідегі парақшасында.

Қарақат өзін қаралағысы келіп, жалған ақпарат жазатындар ең құрығанда марқұмның отбасын ойласа қайтер еді деп, қынжылды.

«Марқұм Айзаттың анасы да, жолдасы да бұл мәселені естіп, жағасын ұстап отыр. Мені аямаған жазғыштар, сол жандардың жайын ойласа нетті? Өмірден өткен жанның атын болмаған рейтинг үшін шулата беру асқан имансыздық емес пе?! Ал оқырмандар ақ қарасына көз жеткізбей жатып оның астына пікір жазады. Аққа құдай жақ, өтірікті суша сапырып, жазықсыз қаралап отырған пенделерді бір Құдайға тапсырдым. Бір-бірімізге пайдамыз болмаса да, зиянымызды тигізбейікші! Баршаңызды ымыра-біршілікте болуға шақырамын»,- деп жазды Қарақат Әбілдина өзі жайлы жалған ақпарат таратындарға қатысты.

Айта кетсек, бұған дейін Қарақат Әбілдина Ақтөбеде лифтіге қысылып көз жұмған журналистің отбасымен кездесіп қайтқан болатын. 

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста