Қарақат адам мінезін түріне қарап анықтау жайлы айтты

Қарақат адам мінезін түріне қарап анықтау жайлы айтты

Әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында адам мінезін түріне қарап анықтаудың жолдары жазған. Мәселен, дөңгелек жүзді адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қола болса, маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп екенін айтады әнші.

Сонымен бірге, ат жақты кісі жұртты бір іске бастауға икемді, зиялы, ұйымдастыру қабілеті мол, қажыр-қайраты, ерік-жігері бір басына жеткілікті болады екен. Ал қырынан қарағанда томпақ бет болып көрінетін адамның қалжыңбас, ақжарқын болатын тұстары көп екен. Әнші бет-әлпеттің жеке бөліктері бойынша да мінзді бағамдауға болатынын айтады. Мысалы үшін:

• Кең маңдай - ақыл-ой кемелділігінің белгісі.

• Тар маңдайлы адам құнтты, пысық.

• Орташа маңдай – есті адамның белгісі.

• Жіңішке қас – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жанға тән.

• Түзу қастың иесі – елгезек, тіл алғыш.

• Қиылған қарлығаш қас – қиялшыл, арманшыл адамдарға бітеді.

• Екі қастың арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түскіш.

• Қастың арасы түйісіп тұрса, ол адамның жүйкесі мықты.

• Дөңгелек көздің иесі – кім көрінгенге сене салатын аңқау.

• Қиықша көз – зеректіктің, тіпті кейде қулықшылдықтың да белгісі.

• Қысық көз – шулы жерді ұнатпайтын кісікиік жандарда болады.

• Үлкен мұрын – қызба, ұрыншақ, қызуқанды адамдарға бітеді.

• Кішкентай мұрын – өмірден көп нәрсе талап ете бермейтін жанға тән.

• Қусырылған мұрын – ашуланшақ, ызақор адамдардыңкі.

• Жалпақ мұрын иесі – қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұра бермейтін кісі.

• Ұзын мұрын – иесінің қорқақ, сақ екенін танытады.

• Кішкентай мұрынды адам – жайдары мінезді.

• Мұрыны орташа адам – шыншыл, сенімді.

• Үлкен ауыз – ақкөңілділіктің және елден ерекшеленіп көрінуге құштарлықтық белгісі.

• Кішкентай ауыз – уақ, сараң, өзімшіл адамдарға тән.

• Ұзын иек – қырсықтықтың, қысқа иек – ұшқалақтықтың белгісі», - деп жазды ол.

Желі қолданушыларының оның пікірін назарда ұстау керек екенін айтса, екіншілері қалай тура айтылған деп таң қалды. Бір қызығы, оның тыңдармандары Қарақаттың кеңесіне емес, жазбаға салған суретіне көбірек назар аударған. Себебі, пікір жазғандардың дені оның жаңа шаш қою үлгісіне, бетінің әрленуіне, киім-киісіне қатысты пікірлерін аямады.

Қолданушылардың арасында әншіні тіпті Ким Кардашьянға теңегендер мен оның бояуды көп пайдаланғаны үшін сынағандар да табылды. 

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста