Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің бірінші отбасы жайында айтып берді

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің бірінші отбасы жайында айтып берді

Әнші Қарақат Әбілдина Қыдырәлі Болмановтың алғашқы отбасы жайлы бар білгенін айтып берді.
Әнші ел арасында тарап кеткен дақпырт әңгімелердің нүктесін қойды. Тұрмысқа шыққан кезде ертегі әлеміне түсіп кеткендей күй кешкен Қарақат отбасылық өмірі басталған тұста қандай қиыншылықтарға тап болғанын әңгімеледі.

Бұл туралы 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Қарақат өзінің өмірлік жолдасымен консерваторияның 1-курсында оқып жүрген кезінде танысқан. Алғаш рет атағы дүркіреп тұрған «АБК» тобын ол тойда кездестірген. Сонда Қыдырәлі Болмановтың әншіге көзі түскен. Қарақаттың әнін тыңдап: «Дауысың әдемі екен, қарындасым», – деп жылы лебізін де білдіріпті. Қанша ұялса да, Қарақат мекен-жайын сұрап тұрған әншінің бетін кері қайтармаған. Ал Қыдырәлі Болманов уақытты текке өткізбестен сол күні-ақ Қарақат тұрып жүрген жатақханадан табылған. Халат киіп шыға салған болашақ жарын Болманов мырза сол кездегі танымал кафелердің біріне алып барыпты. Қарақаттың айтуынша, сол күннен бастап Болмановтың консерватория жатақханасына келуі жиілепті. Әрі қарай не болғанын атылмыш сұхбаттан үзіндіден біле аласыз.

– Үйлену туралы ұсыныс қашан түсті?

– Үш жыл араласып, төртінші жылға аяқ басқан жылы. Яғни мен консерваторияның ең соңғы курсында оқып жүрген кезде Қыдекең үйленуге ұсыныс жасады.

– Ерекше ұсыныс жасаған шығар?

– Иә, екеуміз Көк-Төбеге көтерілдік. Кешкі уақыт болатын. Тек екеуміз, алдымызда шырақ жанып тұр. Жаздың жып-жылы кезі. Әңгімелесіп отырған едік. Бір кезде: «Қарақат, мен шешім қабылдадым. Мәңгілік жарым ретінде сенің менің өмірлік серігім бола алатыныңа көзім жетті. Оған біздің таныс болған осы үш жылымыз куә. Сондықтан біз екеуміз үйленеміз», – деді. «Үйленейікші» не болмаса «Ойланасың ба?» деп менен сұраған да жоқ. Яғни ол кісі шешімді қабылдады.

– Қыдырәлінің арқасында танымал боламын деген ойың болды ма?

– Жоқ. Мен ол кезде соншалықты бала болдым, мен үшін біздің тойымыздың өзі қойылым сияқты көрінді. Мен сол қойылымды тамашалауға келген негізгі қонақ сияқты сезіндім. Мына болып жатқан нәрсе біздің тойымыз ба не нәрсе? Бір ғажайып ертегі әлеміне түсіп кеттім. Өзімді бүгіннен бастап әйел екенмін, екеуміз енді ерлі-зайыпты екенбіз-ау деген нәрсе кейіннен сезіле бастады.

– Қай кезде сездің?

– Нағыз өміріміз басталған кезде. Ол кісінің қайнаған гастролдері басталды. Мен болсам жалғыз қалатынмын. Енді ғана тұрмысқа шыққан мен үшін таңның атысынан кештің батысына дейін үйде жалғыз отыру, қаншама күндер мен түндер өткізу оңай болған жоқ. Бір кездерде оның табынушылары күні-түні маза бермей, үй телефонына толассыз қоңырау шалатын. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Үйдегі телефонды өшіріп те қоя алмаймын. Себебі Қыдекең кез келген уақытта амандығымды білу үшін хабарласқан кезде күмән де түсіргім келмейтін. Түн демейді, күн демейді, маза бермейтін. Сонда «косоглазая, кривоногая, страшная» деп менің тарапыма неше түрлі әңгімелер айтылды. «Қайдан ғана ол саған үйленді? Қайдан ғана сен шықтың? Кімсің өзі?» деп менің жеті атамды тазалап, қазақша-орысшалап неше түрлі сөздер айтқан кезде жылап қалатынмын. Үйіміздің есігіне неше түрлі хаттар қалдырып, есікке еріндерінің іздерін қалдырып кететін. Таңертең есікті ашқан кезде есіктің алдында ұйықтап жататын қыздарды көретінмін. Сол кезде мен шошитынмын.

Бір күні гастролден келгенінде Қыдекеңді жылап қарсы алдым. «Бірдеңесін шешейік, бұлай жалғасуы мүмкін емес» деп айттым. Көзім ісіп кеткен. Мән-жайды түсіндірдім. Күйеуімді айлап көрмеймін. Гастролге кетеді. Тек үйге киімін ауыстыруға келеді де қайтадан жолға шығады. Соның барлығы маған қатты ауыр тигенін түсініп бірден пәтерді сатылымға қойды. Кейін жаңа пәтерге көштік. Ондағы нөмірімізді, мекен-жайымызды көпшілік біле бермейтін, құлағым тынышталды. Өмірге ұлымыз келді, бақытымыз еселене түсті. Бақыттың, шаттықтың дәмін сезе бастадым. Түсінгенім, адамға сабыр керек екен. Сабырлы, төзімді бола білсең, барлығы өз орнына келеді.

– Сен Қыдырәліге тұрмысқа шыққан кезде оның басқа отбасы болды…

– Бірінші көтерген шаңырағы туралы бүкпесіз, жасырынсыз ашық әңгімелеп берді.

«Онымен 1.5 жыл тұрдым. Біріншіден, жас болдым. Ешкімге де жасырын емес, артымнан қыздар деген қаптап жүгірді. Өзім де білмеймін, Алып бара жатқан бойым да, түрім де жоқ. Бірақ әйел затын құлатқан жігіт болдым», – деді. Оның шет жағасын өзім де көрдім ғой. – Сөйтіп жүрген кезде мені қатты сүйген қыздардың біріне балалықпен, шалалықпен үйлендім. Арамызда толыққанды сезімде болған жоқ. Соның нәтижесінде біз ұзақ тұра алмадық. Өмірге бір бала келді, бірақ қырқына жетпей шетінеді. Ал мені ұстаған бала еді, – деп түсіндірді. Өйткені ол қыз аяғы ауырланып шыққан болуы керек. Ал Қыдекең өте балажан адам. Сол баламен ұстаған. 40 күннен кейін бала шетінеген соң ажырастық деді. Оған себеп, біріншіден, әйелі орысша ойлайтын, орысша тәрбие көрген қыз болған. Ол Қыдекеңнің көңілінің қошын келтірмеген. Содан кейін ойладым… Өз аузымен айтып тұрған азаматтың маған дейін пәленбай жыл бұрын болған өткенін мен неге қазбалауым керек? Оны неге әңгіме қып көтеруім керек? Жалпы неге оны есіме алуым керек?

– Қыдырәлінің өткені туралы біреу әңгіме айтса, сен оған назар аудармайсың…

– Жоқ, маған бәрібір. Маған ол әсер етпейді. 

kaz.caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста