Қарашада қара үй тұр...

Қарашада қара үй тұр...

Ең бақытты адам – артында іздеуші ұрпағы, елі қалған жан. Қазақта іздеуге тұрарлықтай тұлғалар өте көп. Соның бірі де бірегейі – Қадыр Мырза Әлі. Қазақ руханиятының мұхитына аянбай қойып кетіп, өле-өлгенше сол мұхитта қары талмай жүзген ақын, жазушы, жалпы, жан-жақты дарын иесінің шығармашылық мұрасы жайлы, өмірі жайлы бір мақала емес, том-том кітап жазудың өзі көп болмайтыны рас. Алайда біздің айтпағымыз басқа...

Маған түк те керегі жоқ сенсеңіз,
Бәрі қалар, бәрі қалар өлсеңіз,
– деп жырлаған ақын, расында, өмірінде дүние-мүлік жинамай, шығармашылыққа өзін тұтас арнап, бақытты содан іздеген. Көзі тірісінде қалта байлығын керек етпеген ақынға енді тіпті, өзі айтпақшы, «түк те керегі жоғы» түсінікті. Алайда ұлы ақынын ұлықтамаған ұлттың қадірі қашпай ма? Жалғаннан жырақ ұшып кеткеніне екінші жылға аяқ басқан ақынның жоғын жоқтап, редакциямызға қазақтың кә­сіп­кер қызы, ұлттық өнердің жанашыры Сара Шаяхметқызы хабарласты.
Сара ШАЯХМЕТҚЫЗЫ, «Аруана» продюсерлік орталығының директоры:
– Алматы қаласындағы Розы­бақиев­ пен Төле би көшелерінің қиы­лысындағы 61-үй жайлы айтқым келеді. Ол үйде бір кездері қазақтың біртуар азаматы, көрнекті ақын, Қадыр Мырза Әлі тұр­ған. Бірақ оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Мен үйдегі апамыз екеуі қол­тықтасып қыдырып жүргенін талай көзім шалға­ны бар-ды. Әйтсе де күн­делікті күйбең­мен жүріп ол жайлы ұмы­тып кеттім бе, әйтеуір мән бермеп­пін. Күндердің бір күні сол маңдағы өзімнің қызмет орныма кіріп бара жатқанымда бір апам тоқтатып алды. «Қарағым, көрінбей жүрсің, шаруа­ларың оңды ма? – деп бастаған ол кісі, – бі­лесің бе, мына үй­де кезінде Қадыр ақын тұрған. Қа­зір ақынның өзі де жоқ бұл пәниде. Алайда оның ізі, сан қилы күн­де­рінің елесі қалған қарапайым ғана үйіне бір ескерткіш тақта орнатуға болмас па екен?» – деді. «Расында...» деп тұрып қалдым, сол сәт­те көз алдыма сонау бір кездер келді. Қадыр аға жоғары жақтың қол­да­уы­мен үлкен үй алып, сон­да көшетін болған. Менің қызмет орным, яғни шаруа қожа­лығым тап сол ақын үйінің қасында. «Кедей болсаң, көшіп көр» дегендей, ақын ағамыз бен апамыз көр­ші тұрған менің кеңсеме көмек сұрай келді. Қол астымда жұмыс істейтін жап-жас, тепсе темір үзетін жігіттер бар еді, соларды дереу жібере қойдым. Өзіміз секілді тоңазытқыш, жиһаздар шығар деп ойлап ем, жоқ, жігіттер төрт күн бойы толассыз тек кітап тасыған­дарын айтты. Соны естігенде дүние емес, мал емес, кітап жинаған ағамыздың кемеңгерлі­гіне тәнті болдым. Кө­мек­тескен балаларға кітап беріпті, маған да алғыс ретінде аға­мыз жиған бірді-екілі байлықтан үлес тиді. Қалта байлы­ғынан сана мен рух бай­лығын әлдеқайда жоғары қойған Қадыр Мыр­за Әлідей ақынның сол кезде көшіп барған үйіне бүгінде белгі қо­йылуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр дегенді естіп жатырмыз. Дегенмен өзі он жыл тұрған, Төле би көшесіндегі 61-үйге «Осы үйде 1992-2002 жылдары қазақтың Қадыр ақы­ны тұрған» деп, шағын ескерткіш тақта қою ар­тықтық етпесі анық.

Жалпы, баспана қашаннан қазақтың біртуар зиялыларының бас ауруы болып келе жатқаны айдан-анық. Қасым ақын­нан бастап, «Бермесең, бермей-ақ қой бас­панаңды, бәрібір тастамаймын астанамды» десе, одан бергі ақындар, Мұқа­ғали, Төлеген, Қадырлар да үйге бірден қол жет­кізбегені анық. Ол жайлы ақынның өзі қайтыс боларынан аз ғана бұрын ауруханада жатқан жерінде берген сұхбатында былай деп еске алса керек.
— Алматыға келгенде бір ғана шамаданмен келіп едік. 4-курста жүргенде үй­лендім. Жеңгеңнің әкесінің аты да Қадыр болып шықты, содан ба, басқадан ба, әй­теуір, Алла тағала жарастырып жіберді. Ағаш шеберінің ағаш жонатын үстелі ғана сиятын қуықтай бөлме, бір темір шелек, бір темір кереует сатып алдық. Сөйтіп, өмір сүріп кеттік. Ағалар алақанына салып бақты. Сәбит Мұқанов бір күні кездесіп қалып, аты-жөнімді сұрады. Айттым. «Иә, мен сені білемін, себебі өлеңдеріңді менің балабақшадағы немерем жатқа біледі» деді. Сол Сәбең, кәдімгі Сәбит бір күні маған өз қолымен шақыру қағазын әкеліп берді, 60-қа толып жатыр екен, бір себептермен бара алмай қалдым. Кейіннен кездесіп қалып, «Әй, Қадыр, сен менің туған күніме неге келмей қалдың?» – демесі бар ма, жерге кірерге тесік таппадым. Сол Сәбең бір күні маған: «Әй, бала, саған осы не керек өзі?» – деп сұрады. «Бізге бі­рінші кезекте керегі баспана ғой», – дедім. «Неше бөлме?» «Бір-екі бөлме болса жетеді». «Қап, мен кеше осы баспана мәселе­сіне араласпаймын деп айтып қойып едім, ұят болатын болды-ау. Енді сөзімді қалай бұзам?» – деп қиналды. «Әйтсе де бір амалын табармын», — деп уәдесін берді. Ғабит Мүсірепов те, Ғабиден Мұстафин де әкеммен қатар еді. Мен оларды да әке дейтінмін. Әке демекші, үш шалдың орта­сындағы жалғыз ұл едім, үшеуінің үйіне кезек-кезек қонатынмын.
Әрине, бұл – Қадыр Мырза Әлінің әлі онша таныла қоймаған кезіндегі жағ­дайы. Себебі қазақ поэзиясына сіңірген еңбегі еленіп, ақынға баспана берілді. Бәлкім, жоғарыда айтқандай, Сәбең, Ғабең, Ғаби­ден ағалардың ықпалы да болған шығар. Қалай болғанда да ең­бегінің жемісі, таба­нақы, маңдай терінің зейнеті болған әрбір үйі қастерлі болса керек. Себебі жай адам­ның үйіндей емес, онда үлкен шы­ғарма­шылық иесінің рухы болары сөзсіз. Кезінде жеке бас бақыты, жеке жан ра­қатын күйттемей, бар уақыты мен күшін ұлтының жан азығы үшін құрбан еткен ақын, жазушы, жалпы, ұлт жанашырлары құр­мет пен тағзымның қандайына болсын лайық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста