Қарлығаш Тұрсынбекова: "Қосылған қос өзен секілденіп..."

Қарлығаш Тұрсынбекова: "Қосылған қос өзен секілденіп..."

- Сахнада - әріптессіздер. Үйде – ерлі-зайыпты. Бір-біріңізбен қалай танысып, табысып жүрсіздер?

- Осыдан он жыл бұрын «әзіл сықақ театры ашылғалы жатыр. Соған байқау жариялапты» дегенді есітіп үмітімді үкілеп барған едім. Сол жерден болашақ жұбайыммен танысып, өнердегі баспалдағымды бастадым. Бір жылдай дос болып жүріп, шаңырақ көтердік. Ол кезде Қызылордада тұратынбыз. Шымкентке «бағымды сынап көрейін, болмаса қайтадан еліме қайтармын» деген оймен келгем. Бақ көтеріп театрға қабылдандым. Бұл менің өмірімдегі ең бір ұмытылмас аяулы сәттер. «Шымкент шоудың» қабырғасы қаланғаннан бері Берік екеуміз қол ұстасып бірге келеміз. Өрелі өнердің жалынан ұстап, жолын қуу нәзікжандыларға ауыр соғары анық. Бұл жағынан алғанда менің жолым болды деп айта аламын. Өйткені өнерімді бағалайтын отағасым бар. Екеуміз тез түсінісеміз. Қатты кеткен жеріміз жоқ. Екеуміздің өмірге, өнерге деген көзқарастарымыз бір. Мінез құлқымыздың да ұқсас жақтары бар. Өнер атты ұлы кеменің ескегін бірге есеміз деп бел шешіп, білек сыбанып кіріскен соң ендігі мақсатымыз тек алға ұмтылу, биіктерден көріну, көпшіліктің көңілінен шығу. Көптің көкейіндегіні дөп басып, ащы ақиқатты уытты тілмен түйреп ой салсақ дейміз. Әрбір роліміз сіресіп қалған сеңнің тоңын жібітіп ойға қалдырса онда ерлегеніміз. Өнерде де, өмірде де бар қиындықты бірге жеңіп, тіресіп, күресіп биік белестерді бағындырып жатсақ онда екеуміздің де үлесіміз бар. Қосылған қос өзен секілденіп, жарасып жүрген жайымыз бар.
- Ойдағыдай орындай алмадым-ау деп, көңіліңіз толмайтын рольдеріңіз бар ма?
- Бір-екі көрермен маған «сіз неге үнемі сақау адамның ролінде ойнайсыз?» деп сын айтты. Сол кезде мен қатты ойға қалдым. Рольдерімді сараптап қарап отырсам, мұғалім мен «Қуғыншылардағы» келіннің ролінде ғана сақаудың ролін сомдаппын. Ішкіш адамды мәселен он түрлі етіп салуға болады. Сол сияқты кекешті де әртүрлі етіп сомдауға болады. Өзімнің көңілімдегідей шықпады-ау деген рольім жоқ. Бәрін де өз деңгейінде ойнап шықтым деп айта аламын.
- Жеңіл жүрісті қыздардың ролін көбірек сомдайсыз. Күйеуіңіз тарапынан қандай да бір түсініспеушілік туындаған жоқ па?
- Жоқ. Бұл менің жұмысым. Менің өнерім. Берік бұған терең түсіністікпен қарайды. Қайта ақыл қосып отырады. «Құрбылар» интермедиясында жеңілтек қыздың ролін сомдау үшін көп ізденуіме тура келді. Ол рольді шығару үшін менің ойымда қысқа юбка киіп, арбаның доңғалағындай сырға тағып шықсам болды, сонда жақсы шығарам деп ойладым. Сонда Берік «кейіпкеріңнің мінезін зерттеуің керек» деді. Бұл образ менің мінез құлқыма қарама қайшы. Мүлдем қабыспайды. Қанша тырыссам да шығара алмай жүрдім. Содан Шымкенттегі «түнгі көбелектердің» мекеніне Берік өзі ертіп барды. Олардың жүріс тұрысы, сөйлегендерінің бәрін бақылап, байыптадым. Берік маған осылай көмектескен. Соның арқасында бұл ролім ойдағыдай шықты.
- Енеңіздің тілін табу оңайға соқпаған болар? Әсіресе өнер адамы үшін...
- Енем менің өнеріме араласып, ешқандай қарсы пікір айтқан емес. Қайта келін болып түскенімде «Баламның өз саласындағы адамды қалағанына қуандым. Оның аяғына сен тұсау болмайсың, сенің аяғыңа ол тұсау болмайды. Бір бірлеріңді тез түсінетін боласыңдар. Сені келінім деп емес, қызым деп қабылдаймын. Алдарыңнан жарылқасын...» деп игі тілегін білдірген еді. Содан бері міне аттай он жыл уақыт өтіпті. Бір рет те «театр деп шапқылай бермей, бала-шағаңа қарасаңшы» деп айтқан емес. Анам мен енемнің арқасында ешқандай да ауыртпалық көрген жоқпын. Тәубә деймін. Өнерімді түсінетін енеге тап болғаныма өзімді бақытты санаймын. Ол кісіні енем деп емес екінші анамдай көрем. Көргені көп, өмірден түйгені мол, өнерден мол мағлұматы бар байыпты жан. Енемнің қай ісін де үлгі тұтамын.
- Енесінен үлгі алған келін бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөледі?
- Шүкір, екі баланың анасымын. Қазір балаларыма толыққанды тәрбие бере аламын ба деген қорқынышым басым. Көбіне сыртта жүремін. Гастрольдік сапарларымыз кейде ұзаққа созылып кетеді. Баланың қасында әмәнда анасы болуы керек қой. Сынып жетекшісі «Сіздер сапарға кеткенде Азаматтың көңіл күйі нашарлап, қиялға беріліп, өзгеріп кетеді» дейді. Баланың бойына дәл осы кезде тәрбиені сіңіру керектігі белгілі. Балаларымның қасында барынша көбірек болуға тырысамын. Олардың мінез құлқындағы өзгерістерге ықпал етіп, жақсы жағына бейімдеуге бар күшімді саламын. Сапарға кеткенде үлкен ата-әжесі бар үйге қалдырған дұрыс-ау деп ойлаймын. Үлкен кісілерден бала мейірімділікті, қайырымдылықты үйренеді. Көбіне балаларымды өзімнің әке- шешемнің үйіне қалдырамын. Бұл енеме сенбегендік емес. Баламның мектебі қалада. Сондықтан өз мектебінде оқыса деймін.
- Балаларыңыздың келешекте өнер жолын таңдағанын қалайсыз ба?
- Ия, қолын қақпас едім. Азамат өзі кішкентайынан өнерге бейім. Үш жасынан бастап сахнаға шықты. Екінші балам Абай қазір үште. Ол көбірек ойнағанды ұнатады. Ал Азамат тілі шықпаған кездің өзінде бізбен бірдей сахнада өнер көрсетті. Болашақта өнер жолын таңдаса қолын қақпаймыз. Көптің бірі болып жүре бермейтін, қазақтың атын шығаратын үлкен азамат болып өсуіне біз де ат салысамыз.
- Сұхбатыңызға рахмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста