Қаршығаның күй қоры жинақталды

Қаршығаның күй қоры жинақталды

Қазақтың төкпе күй өнеріне теңдессіз үлес қосып, бұрынғы күйшілердің мұрасын саф қалпында орындап, өзі де күй шығарған Қаршыға Ахмедия­ров­тай дәулескер күйшінің өмірден озғанына – тура бір жыл. Ұлтының ұлағатты күйлерін тартып жалын атқан күйші де, күй өнерін зерттеп ғалым да болған біртуар жанға арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория­сы арнайы сынып ашты. «Күй-Қаршыға» атты 14 дис­кі­сі мен «Күй-ғұмыр» монографиялық кітабы жарық көрді.
«Күй-ғұмыр» атты естелік монография­лық кітап күйшінің жары Нұрбике Жұма­ғалиқызының құрастыруымен жарық көрді. Үш бөлімнен тұратын еңбектің ал­ғаш­қы бөлімінде Қаршыға ағаның сұх­бат­тары, күй, домбыраға қатысты зерттеу мақалалары; екінші бөлімде ғалымдардың, зерттеушілердің, журналистердің, ақын­дардың күйші хақындағы ой-толғамдары; үшінші бөлімге күйші өмірден озғанда шыққан, айтылған қазанамалар жария­ланған.
Күйшінің бүкіл ғұмырында тартқан күй­лері мен шығарған туындыларын тас­па­ға жинап шығаруды Нұрбике апай күйші Кәрима Сахарбаеваға тапсырып, барлық мұрағаттағы таспаларын табыстапты. Балбармақ күйші өмірден өтпестен бұрын консерваторияның «Классика.kz» радио­студиясында біраз репертуарын жазып жүріпті. Алты дискіге Қаршыға ағаның орындаушы ретіндегі барлық жылдардағы күй репертуары енсе, сегіз  дискіге күйшінің төл күйлері, әндері, оркестрге арналған шығармалары кірген. Алты ай бойы консер­ваторияның студиясында жиналған 14 үнтаспа АҚШ-тағы күйшінің қызына жіберіліп, тазартылып, жоғары сапалы 1000 данамен жарық көрді.
Кейінгі кезде жазылған, еш жерде жарық көрмеген 40 шақты күйлерін, әндерін, оркестрге арналған шығармала­рын жина­ған консерваторияның халық музыкасы факультетінің деканы Кәрима Сахарбаева жуық арада «Толғау» деген атпен күйші Қаршығаның кітабын шығармақшы.
Кәрима САХАРБАЕВА, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, халық музыкасы факультетінің деканы:
– Қаршыға аға – алдымен мықты орындаушы. Халық күйлерінен бастап, бүкіл ғасырдағы күйлерді орындаған. Екіншіден, өз жанынан 140-қа жуық күй шығарған күйші. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Махамбет бабаларының шығармашылығын қамтыған кітаптары мен дискілерін шығарып, күйлерін өзі орындады. Күй өнеріне бар ғұмырын арнап, барын сарп еткен адам. Қазақта күй үшін мұндай қызмет атқарған адам жоқ. Таланттарды көтеріп, өрге сүйрейтін. Соның бірі – қазіргі белгілі маңғыстаулық күйші Сержан Шәкіратовты халыққа танытқан – осы кісі. Ал өзімді күйтануға, кітап жазуға, сахна өнеріне үйреткен – Қаршыға Ахмедияров пен Айтқали Жайымов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста