Қару құрсанып сезім білдіру сәнге айналды ма?

Қару құрсанып сезім білдіру сәнге айналды ма?

Соңғы кездері жігіттердің сүйіктісіне сезімін арнайы шоу жасап, немесе бір флеш-мобтар арқылы білдіруі сәнге айналғандай. Жыл басында Қытайлық жігіт сүйіктісіне 99 дана Iphone смартфондарынан жүрек жасап, ұнатқан қызына ұсыныс жасаған болатын. Алайда жігіттің ұсынысын қабылдамаған бойжеткеннің әрекеті көпшілікті таң қалдырған еді. 

Бұл туралы Kotaku сайты хабарлаған болатын. Қытайлық азамат 99 дана IPhone сатып алуға 82 мың доллар жұмсаған көрінеді. Және олардың бәрін ақ қорапшаға салып, жерге жүрек етіп қояды. Жүрекшенің ортасында өзі гүл алып, қызға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын. Алайда, Гуанчжоулық бойжеткен 99 IPhone-көмегімен жасалған ұсыныстан бас тартып, IPhone жүрекшесінен шығып кетіп қалған.
Солардан үйренгені ме еліміздегі жігіттер де қызға сезім білдірудің түрлі әдістерін қолдана бастады. Мәселен Астаналық жігіт сүйіктісіне су астында тосын ұсыныс жасаған. Астана қаласының тұрғыны жиырма сегіз жастағы Қанат Баекенов сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты су астында жасаған. Жігіт қызы Лаураны қалалық океанариумға дайвингпен айналысуға шақырған. Жігіт сүйіктісіне деген сезімін қағаз бетіне түсіріп, су астында көрсеткен. Жиырма жастағы қыз тосыннан жасалған үйлену туралы ұсынысқа көп ойланбай-ақ келісімін беріпті. Ал талдықорғандық Николай Севастянов шаһар басшысына хат жазып, алдағы уақытта шаңырақ көтеруге бел буғандығы жайлы мәлімдеп, өмірлік серігіне ұсыныс жасау үшін қол ұшын созуды сұраған. Онда сүйген аруына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, арнайы бейне ролик әзірлеп, оны қаланың орталық алаңында орналасқан дисплейде көрсетуге рұқсат сұраған. Оның сүйіктісі Мәдина да жігітін көп қинамай ұсынысын қабыл алған көрінеді. Мейлі ғой, романтикаға толы жастық шақта барлық нәрсе жарасымды. Бірақ соңғы кездері жігіттердің сезімін білдіруі шектен шығып бара жатқандай. Осындай бір кезекті сезім білдіру кезінде алматылық бір жігіт қару-жарақ қолданып, қызын қорқытып барып, сезімін білдірсе, тараздық жігіт одан да асып түсіп, арнайы қызмет өкілдерінің көмегімен, арнайы қару-жарақпен «есірткі таратушыны ұстау операциясын» ұйымдастырған. «Қорқыт дегенде осылай қорқыт дедім ба» дегендей, бұл не сұмдық?
Тіпті күштік құрылымдардың арнайы жасағының киімін кез келген жерде сатуға тыйым салынғанын, қару-жарақ саудасы да қатаң бақылауда екенін, көшеде емін-еркін қару-жарақ асынып жүрге болмайтынын ескерсек, бұл қаншалықты дұрыс? Қарусыз сезім білдіруге болмас па? Неге күштік құрылымдардың арнайы киімін, қару-жарақты қолжетімді, ойыншыққа айналдырып алдық?! Бейнекөріністі қоса салдық, өзіңіз таразылаңыз, ағайын...

m.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста