Қасиет қонған пір Бекет

Қасиет қонған пір Бекет

Биыл ұлыстың ұраны, бір басына бірнеше қасиет дарыған пір Бекет Атаның 260 жылдығы еліміздің аймақтарында ерекше ата­лып өтуде. Кіндік қаны Аты­рау өңірінің Жем бойын­дағы Ақмешіт елді меке­нінде тамған Бекет Ата Мырзағұлұлы – көріп­келдігімен, әулиелігімен, сәуегейлігімен бірге, тарық­қан­ды демеп, зарыққанды жебеген, аса ерекше қасиеті­мен қоса, сәулет өнерін дамыт­қан шеберлігімен әрі батыр­лығымен елге танылған тари­хи тұлға.

Атырау өңірінде Бекет Атаның 260 жылдығы ата дәстүрмен пір Бекет дүниеге келген киелі мекенде аталып өтті. Бекет Ата ұрпағы, қазіргі күні атаның Ақмешітінің шырақшысы болып отырған Ислам қажы Мырзабекұлы алғашқылардың бірі болып атаның 260 жылдығына үлкен ас беру ту­ралы мәселе көтерген болатын. Соның ал­ғашқы қадамы етіп, Ислам қажы өткен жы­лы Бекет Ата туралы жазылған жинақ­тарды, өзі зерттеген тарихи мағлұматтарды кіріс­ті­ріп, «Бекет Ата» деген сегіз жүз бетке жуық­таған кітабын жарыққа шығарып, оқыр­манға жеткізді.
 Бекет Атаның аруағына зиярат етуші қауымға қызмет етіп отырған Ислам қажы Мырзабекұлының ас беру туралы ниеті мен тілегін құп көрген пір Бекет ұрпақтары­ның және жалпы халықтың қолдауымен ұйым­дас­тырылған бұл шара қыркүйектің 10-11 күндері Ақмешітке таяу Бақа деген жер­­де өтті. Бекет Атаның аруағына арнап ас ­беру­дегі халық бастамасына Маңғыстау мен Аты­рау облыстарының әкімдері де қолдау біл­дірді.
 Атырау қаласынан ҚР мәдениет қай­рат­кері, өнертанушы Нариман Үлкенбаев пен жылыойлық азаматтар басқарған ұйым­дастыру алқасының мүшелері пір Бе­кет асына келемін деген халықтың жетуіне, бар­лық мәдени және маңызды діни шара­ларды көруіне жағдай жасады. Соның нә­ти­жесінде, Атаның асына Түрікменстан, Иран, Өзбек­стан, Қарақалпақстаннан және өз еліміздің барлық аймағынан келген 10 мыңнан аса халық келген қонақтарға ар­найы тігілген 130 киіз үйден ас ішіп, пір Бе­кет­тің аруағына арнаған Құран қатымды ұйып тыңдауға, түрлі ұлттық спорттық ойын­­­дар мен аламан бәйгені көруге мүм­кін­дік алды. Атырау өңірінде бұрын-соңды бол­­маған дүбірлі тойға келген халық ал­дында сөз алған облыс әкімі Бергей Рыс­қалиев Бе­кет Атаның ерекше қасиетіне тоқ­талып өтіп, облыста ұйымдастырған осы ша­раны бү­кіл қазақ қоғамын біріктіретін үл­кен ша­ра деп атап, халық алдында ҚР Мемлекеттік хат­шысы-сыртқы істер ми­нистрі Қанат Сау­дабаевтың пір Бекетті ұлық­тау тойымен құт­тықтаған хатын оқып бер­ді.

Ғасырларда бір туар тұлға
Астанадан келген заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың өткен тарихтан сабақтаған келелі ойы, шуақ шашқан пір Бекеттің ерек­ше қасиеттері туралы айтылған сөзі Бекет Ата тойына келген халықтың сана­сын­да біразға дейін жаңғырып тұрарына сені­міміз мол.
Бұдан соң Ата аруағына арналған ас бе­ру шарасы облыстық «Нарын» фольк­лор­лы ұлт-аспаптар оркестрінің орын­дауында Құрманғазының «Адай» күйімен бас­талып, Халық артисі Ғафиз Есімовтің және жергілікті орындаушылардың орын­да­уында ән-күй, термелер шырқалды. Поэ­зия падишасы Фариза Оңғарсынова Бе­кет Ата тойына орай ұйымдастырылған аймақ­тық ақындар жыр мүшәйрасына төра­йымдық етіп, аймақтарды айтпағанда, Алматыдан келген оралман қандасымыз қатысқан жиырма ақынның ішінен жүлдеге ла­йықтыларды таңдап, жүлделерін үлесті­ріп, өзін сағынып қаумалаған халықтың ыс­тық ықыласына бөленді.
Бұл шарадағы маңызы жоғары болған ғы­лыми-танымдық конференцияда Ақме­шіт имамы Ислам қажы «Ғасырларда бір туар тұлға» деген тақырыпта баяндама жа­саса, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облы­сын­дағы жоғары оқу орындарындағы про­­фессорлар Бекет Ата туралы өздері да­йын­даған баяндамаларын көпшілікке ар­нады.
Ораза айт мейрамымен тұспа-тұс кел­ген пір Бекет Ата тойында жұма намазы оқы­лып, оның ата-бабаларына дұға оқы­лып, одан соң Ақмешіттің молдасы Мұхам­бет­жан Мырзабековтің уағызы тыңдал­ды.
Қасиетті тұлғаға ас беру рәсімінің ал­ғаш­қы күнінің соңында жазушы Доқтырхан Тұр­лыбектің «Бекет Ата жолымен» атты 40 ми­нуттық деректі фильмі жұрт назарына ұсы­нылды.

Жақсылық жалғасын табады
Астың екінші күні аламан бәйгемен бас­талды. Қасиетті Ата асын ұйымдастыру ал­­қа­сының төрағасы Н.Үлкенбаевтың ай­туын­ша, аламан бәйге 35 шақырымға көз­деліп, осы бәйгеден топ жарып келген ар­ғы­мақ иесі «Джип» автокөлігіне ие болды. Ал топ бәйге мен жорға жарыста жолы бол­ғандар «Нексия» мен «Жигули» авто­кө­лік­терін қан­жығаға байлады. Бекет Ата­ның кін­дік қаны тамған жерде өткізілген асқа қа­т­ы­суға келген он мың халықтың қай-қай­сы­сын сөзге тартсақ та, осы шара­ның келер ұр­пақтар үшін маңызы зор еке­нін сөз етіп жатты.
Ал поэзия падишасы Фариза апамыз­дың сөзімен түйіндесек, «Бекет Атаның 260 жыл бойы халық жадында сақталуы­мен, шын мәнінде, оның Алла тағаланың ерек­ше жаратқан қасиетті адам екеніне жұрт­тың бәрін сендіруге болады және мұн­дай шара Атырау өңірінде бұрын ұйым­дастырылып көрмегендігімен де ерек­шеленеді».
Алматы мен Атырау өңірінде басталған шара осы аптада Астана мен Маңғыстауда жалғасын табады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста