«Қасиеттi» АЛАЯҚТАР арамызда қаптап жүр

«Қасиеттi» АЛАЯҚТАР арамызда қаптап жүр

Бүгiнде сары басылым беттерiнде, радио мен теледидарда болашағыңды болжағыш, кеселiңнен құлан-таза айықтырып, кетiп қалған күйеуiңдi қайтарып беретiн, тiптi дуаланған басыңды жазатын «қасиеттi» адамдардың хабарландырулары қаптап кеттi. Ол аз дегендей сондайларды жарнамалауға арналған бағдарламалар да ашылып жатыр. Адам өзi табиғатынан әлсiз емес пе? Әйтеуiр басына бiр қиындық туа қалса болды, мейлi жұмысына, отбасылық жағдайына байланысты болсын бақсы-балгерлердi жағалай кететiн әдетi.
Бiр қызығы, мұндай қиын жағдайға тап болғандарға өзiн керемет көрiпкел санайтын, ата-бабасынан бастап қасиет қонған балгерлер қол ұшын беруге дайын тұрады. Сырт келбетiн де адам иланатындай етiп жасайды. Мәселен, клиент қабылдайтын бөлмесiн неше түрлi сиқырлы заттармен әсемдеп қоятынын қайтесiз? Ал мұсылмандарды тартудың да өзiндiк бiр тәсiлi бар. Шариғатқа қарсы келсе де, өзiн «мұсылманмын» деп жүргендердiң көбi балгерлерге баратындықтан, оларға тәспi, құмалақ қойып, жайнамазын жайып, тiптi бiреулерi орамал тағып та бал аша бередi.
Жұрт ақша табудың ең оңай жолы осы бал ашу екенiн бiлсе де, алданып қалғандар саны азаятын емес. Балгерлердiң айтқанының жартысы шындыққа үйлессе болғаны, әсiресе, әйелдер қауымы елiтiп кетедi. Мiне, осы жерге аз-кем тоқталайық. Көптеген бақсы-балгерлер 50/50 принципiмен жұмыс iстейдi. Бiрiншiден, олар – жақсы психолог. Соған сай, «ә» дегеннен әңгiмесiн «сiз өте жақсы адамсыз», «алда ұзақ жол күтiп тұр», «сiз бiр жақын адамыңыздан айырылыпсыз», «бiреу сiздi ұнатып қалады» деген сияқты жорамалдарды шұбыртады. Шынында, кiм өзiн жаман адам санатына қоссын? Ал «ерекше» дарыны бар адамдардың «көмегiне» жүгiнетiн әйелдер қауымы махаббатта жолы болмай қалса, дереу «iске» кiрiседi. Шамшырақ жағып, жақсы көретiн жiгiтiнiң суретiн, шашын не киiмiн пайдаланып неше түрлi бәленi ойлап табуға болады. Ең бастысы – бұл әрекет тапсырыс берушiнiң қалтасын кәдiмгiдей жұқартады.
Ал отбасылы әйелдерге күйеуiнiң басын басқа қыз айналдырып жүр дегендi жиi айтады. Оған келiспеске амал бар ма? Шын мәнiнде, көптеген үйленген ер-азаматтардың көлденең жүрiсi бар. Бұдан тек Жаратқанның алдында күнә жасаудан қорқатындар ғана бас тартса керек.
Бал ашқыштар адам психологиясын жақсы бiлетiндерi соншалық, олар клиентiнiң естiгiсi келетiнiн ғана айтады. «Үмiтсiз шайтан» дегендей, құрдымға кетiп бара жатқан адамның өзiн де құтқаруға «жанын салады». Ал адамдар өз мақсатына жету жолында ештеңенi де (қомақты соманы да, басқаны да) аямайды. Амалдардың iшiндегi ең атақтысы және көп кездесетiнi де – дуа. «Адал ниеттi, ерекше қабiлеттi» алаяқтар «көре алмайтындар сiзге дуа жасап тастапты» деп, одан құтылудың түрлi жолын ұсынады.
«...Сiздiң үйiңiздегi ең үлкен немесе ең кiшкентай жастықтың iшiнде шиеленiскен жiп бар, соны жағу, не көму не болмаса суға ағызып жiберу керек деген сияқты түрлi тәсiлдi айтып, кеңес бередi. Ол жанған кезде қою қара түтiнмен бiрге дуа да шығады» деген секiлдi мистикалық әңгiменi де қосып, қоздырады. Ал басқалары сенгiш адамдарды өз қиындықтарынан құтылу не болмаса ауруынан айығу үшiн шұңқыр қаздырады да, оның iшiнен алдын ала немесе сол кезде бiлдiрмей салып қойған бiр затты алып шығады. Егер айтқандары айна-қатесiз келiп жатса, таңқалған клиенттерi оның ғажайып әңгiмесiн көршi-қолаңдарына, туған-туыстарына жеткiзедi. Бұл да – тегiн жарнаманың бiр түрi. Ал керiсiнше, орындалмай не жартылай орындалса, адамдар ол туралы тез ұмытуға не болмаса «бұл нашарлау екен келесi жолы бұдан да жақсы бiлетiнiн табу керек» деп, өз-өзiн жұбатып кете бередi.
Ал күн сайын «Рахат» телеарнасынан берiлiп жүрген «Узнай судьбу» деген хабар – ақша табудың нағыз алаяқтық жолы. Экранда көрсетiлген телефонға хабарлассаң, қоңырауыңды әрең қабылдап, одан кейiн «күте тұрыңыз» деген режимге қояды да, ұялы телефоныңдағы ақшаңды сыпырып алады. Ал үйдегi телефоныңнан қоңырау шалсаң, ертеңiне-ақ төлемақысы пәленбай мың болып, шот кеп тұрады. Осы секiлдi халыққа ағарту, танымдық хабарларды таратуды мақсат тұтпай, керiсiнше коммерциялық негiзде құрылған арналарда таңның атысы, күннiң батысы сөзжұмбақ жасырады. Жұмбақты шешкенге ақша ұсынып, азғырудан аузы талмайтын «қуыршақ қыздар» көздiң жауын алады. Бiрақ қоңырау шала қалсаң, алдымен тiркейдi, содан соң қосылып көр. Осы уақытқа дейiн сол телебағдарламалардан «бәленбай мың ұттым» деген пенденi кездестiрмеппiн өз басым.
Халқымыз онсыз да түрлi дiни ағымдардың жетегiнде кетiп бара жатқанда осындай лас бағдарламаларды эфирге шығару кiмге тиiмдi?! Жарайды, бұл жай ғана шоу шығар, бiрақ телеарнадан естiп-көргенiне имандай сенетiн жұртты қайтемiз?! Бұған Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы не дер екен?

ДЕРЕК
Жыл сайын Египетте бақсы-балгерлер, көрiпкелдердi құрықтайтын арнайы комиссия құрылып, ел-елдi аралап не болмаса жұрттан келген хат, телефон қоңыраулары негiзiнде жұмыс жасап, көпшiлiкке көмектеседi екен. Ол комиссияның құрамы шейхтар мен имамдар, ғұламалардан тұрады. Ал Шешен Республикасының мүфтияты исламды жамылып алаяқтықпен, яғни көрiпкелдiкпен, өтiрiк емшiлiкпен айналысатындарды бақылауда ұстайды. Оларға бiрiншi ретте мұндай iстермен айналысқанын тоқтатуға бiр апта мерзiм бередi, егер қоймаған жағдайда Қылмыстық кодекспен тергеп, тексерiп, жазалайды. Ал бiз неге дәрменсiзбiз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста