«Қасым әндері» – Қарағандыда

«Қасым әндері» – Қарағандыда

Өтіп бара жатқан жылдың мамыр айында  Алматыда алғаш Қасым Аманжолов секілді қазақтың біртуар ақынының әндеріне құрылған ғажайып кеш өткені естеріңізде болар. Араға біраз уақыт салып, сол кеш ақынның туған топырағы, Арқаның төсінде жалғасқалы жатыр. Олай болса, «Қасымның әндері-ай» атты ән кеші қарашаның 28-і күні Қарағанды қаласының Кеншілер  мәдениет сарайында болатынын жария етеміз.
Шыны керек, осы кеш аясында бірін­шіден, Қасымдай ақынның өлеңіне жазылған әндердің басы құралды. Әндері көп болғанымен, осы кезге дейін олардың әр жерде шашыраңқы жүргені рас. Және бір қуантарлығы, Қасым ақын­ның жырына бүгінгі буын ән шығарып, дүниеге жаңа туындылар кел­ді. Ұйымдастырушы – қазақтың белгілі әнші қызы Гүлбаршын Тергеу­бекованың өзі бастап Аманжолдың Қасымының «Өзім туралы» әнін орындап, сондай-ақ Қарақат Әбілдина, Еркін Шүкіманов, Ерлан Рысқали, Каспий тобы т.б қазақ­тың көптеген әнші, өнерпаздары кешке бар ынта-ықыластарымен атсалыспақ ниетте. Онымен қоса, қарағандылық ақын­дардың да осы кештен табылатынын ескерсек, ежелден Қарқаралы сынды жәрмеңкесімен тарихта аңыз боп қалған елдің қайта түлейтіні айтпай-ақ түсінікті.
Думанды кештің ары қарай Астанада жалғасатынын айтқан Гүлбаршын Тер­геу­бекованың сөзінен сондай-ақ таяу болашақта бұл кештің тіпті Семей мен Оралда ұйымдастырылуы мүмкін екенін аңғардық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста