Қасым жүріп өткен жолмен неге жүрмейміз?

Қасым жүріп өткен жолмен неге жүрмейміз?

Дөңгеленген дүниенің тұрақсыз екені, жер-әлемнің адамға уақытша тұрақ екені кімге де болса мәлім. Дегенмен сол уақытша тұрақтың өзін көшіп-қонып жүріп, тұрлаусыз мекендеуге мәжбүр болған жандардың бірі Қасым Аманжолов еді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ, қасымтанушы ғалымдар мен оның шығармашылығын ерекше құрметтейтін қауым ақынды еске алу шарасы ретінде оның жүріп өткен жолымен экспедиция ұйымдастыруына әбден болады.
Қазақтың ауыз әдебиетін әлемдік дең­гейге көтерген қазақ ақындарының бірі Қасым Аманжолов екені анық. Сондықтан Қасым ақынның 100 жылдығын ұрпақтары қалай атап өтіп жатқаны – маңызды мә­селе. Себебі Қасым шығармашылығы – өткен дә­уір­дің ғана жәдігері емес, дәл бү­гін­гі ұр­пақ­қа да қажет болып отырған нәрлі сусын. Бір кездері бүтіндей қазақ жастарына қай­рат берген, жігер дарытқан ақын шығар­ма­шылығы қазіргі замандастары­мыз­ды да қанаттандыруға жетерліктей қуат­ты. Ен­деше, ақын Қасымның мерей­то­йын қалай ұлық­тасақ та жарасатын шы­ғар.
Қасымның ұлтына, туған жеріне деген ыстық махаббатының бір себебі саяхаттан, тоқтаусыз жол жүруден туындаған бо­лар. Жастайынан жетім қалып, ата-анасы­ның, отбасының қызығынан құр қалған кіш­кентай Қасым 13 жасында үйінен білім іздеу­ге аттанып, содан кейінгі бар өмірін ел мен жерді аралаумен өткізеді деуге бола­ды. Киелі қазақ жерінде Қасым танымайтын то­пырақ жоқ деседі көзін көргендер. Өмір­баянына көз жүгіртсек, оны-мұны сапар­ларын айтпағанның өзінде, қоныс еткен қа­лаларының өзі біршама екен.
Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қы­зыл деген жерде дүниеге келеді. Алғашқы сапары 13 жасында басталады. Қасым білім алу үшін Семей қаласына аттанады. Үш жыл­дық интернатты тамамдаған соң, Семей малдәрі­герлік техникумында оқиды. Осылайша бас-аяғы алты жылдан кейін, 1930 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істейді. Алматыда бір жылдай ғана тұрақтаған ол 1931 жылы Ленинградқа кетеді. Онда орман шаруашылығы институ­ты­на түсіп, оқуын жалғастырады. Бірақ ден­саулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолин бастаған бір­сыпыра музыкалық аспаптарда еркін ой­найтын ақкөңіл, жайсаң жанды «ерке Қа­сым­ның» Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрын­да­ғы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қы­зықты, қымбат шағы болып қалады. Ақын 1941 жылы әскер қатарына шақыры­ла­ды.  Ұлы Отан соғысының 1941-1943 жыл­да­рында Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстыры­лады, содан соғыс аяқталғанға дейін «қан­ды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» бо­ла­ды.

P.S.
Қарқаралыда туып, одан Абыралы арқылы жаяу-жалпылап Семейге өтіп, Семейден Алматыға тұяқ іліктіріп, одан Орал асып, Оралдан Ұлы Отан соғысына аттанып, Қиыр Шығыс, белорус жерінде болады. Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда Отанға деген сағыныштан туған «Сарыарқа», «Ертіс», «Атамекен» тәрізді өлеңдері Қасымның жер қадірін түсінген ақын екенін көрсетеді. Ендеше, қасымтанушы қауымға Қасым жүріп өткен жолды аралап, экспедиция ұйымдастырып, соның нәтижесінде шағын болса да деректі фильм түсіруді ұсынар едік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста