"Қателеспейтін адам жоқ": Сара Амангелді өзінің жеке өмірі туралы шындығын айтты
KeshYou тобының бұрынғы әншісі Сара Амангелді артынан ерген қауесеттерге жауап берді. Актриса, қателеспейтін адам жоқ екенін айтты, деп жазады "Алматы" телеарнасы.
Әнші Сара Амангелдінің жеке өміріне қатысты түрлі ақпарат осы жылдың көктемінде әлеуметтік желіде жиі талқыға түскен еді. Ажырасқан ер азаматпен көңіл қосты деген тақырыпта түрлі жазба пабликтерде жариялана бастады.
Рaparazzi бағдарламасында Кешьюдің экс-солисі өз шындығын айтты.
«Менің ол жерде ешқандай кінәм жоқ. Бұл өмірде қателеспейтін адам жоқ, бәрі қателеседі. Біреу қосылады, біреу ажырасады. Ештеңке айта алмаймын, Алланың көзі тура болсын», – деді әнші.
Интернеттегі сыни пікірлер Сара қыздың көңіліне кірбің салған көрінеді. Қателесуден қорықпайтын бикеш, ең бастысы өзіңді дер кезінде қолға алсаң жеткілікті, дейді.
«Әр қыздың басынан түрлі жағдайлар өтеді. Бірақ енді Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Ешқандай өкініш жоқ. Ең бастысы – ата-анам аман болсын», – деді Сара Амангелді.
Өмірге позитивті көзқарас танытқан өнерпаз ару ешнәрсеге мойымақ емес.
«Бұнымен өмірім тоқтап қалған жоқ. Ашық Сараға жарқын өмір сүрген ұнайды. Адам күйзеліс алатын болса, ағзасы да, денсаулық та әлсірейді. Сондықтан өмірге, Алланың берген әр күніне шүкіршілік етіп, рақмет айтудан шаршамау керек», – деді ол.