"Қатулы қабағын көрмеген бақытты келінмін": Мөлдір Мұқанова енесі туралы айтты

"Қатулы қабағын көрмеген бақытты келінмін": Мөлдір Мұқанова енесі туралы айтты

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі енесін жер-көкке сыйғызбай мақтап, туған күнімен ерекше құттықтады. Мөлдір Мұқанова енеден жолы болғанын ашық айтып, отбасымен бақытты өмір сүруінің құпиясы сол кісінің батасында екенін жеткізді. 

"Менің енем – ең жақсы адам! Бүгін менің мамамның туған күні. Ол кісіге деген құрметімді, ықыласымды, махаббатымды бәрін бір постқа сыйдыра алмаймын.

Ене мен келін тақырыбы жыры бітпейтін тақырып қой. Қоғамда бір стеоротип әлі де бар, ене – келінге күн бермейтін жаман адам. Ене деген “бүжай”. Менің жағдайымда мүлдем басқа, Аллаға шүкір деймін. Ененің қатулы қабағын көрмеген бақытты келінмін.

Анашым – қардай аппақ көңілі бар аңқылдаған кісі. Біреуді бір жамандағанын, не болмаса біреуге бір ренжігенін көрмеппін. Сенесіз бе, адам баласына ренжімейді, мүлдем ренжімейді. Өзім де сол қасиетіне таңғалатын едім, бүгінде өзім де сондай болып келемін.

Жалпы адамның жетісттіке жетуі, бақытты өмір сүруі – ата-ананың разылығында, баласына деген сенімінде және ата-анасының ақ, адал өмір сүруінде деп ойлаймын. Тұрсекенің халықтың ыстық ықыласына бөленіп, біздің балалы-шағалы бақытты шаңырақ болып отырғанымыз осы айналайын ақ мамамыздың, әкеміздің ақ тілеуі, жақсылығы, жақсы адам болуларының арқасы. Мамамыз туралы қашан да тек мақтаулар естимін, өйткені ол кісі тек мақтауға лайық алтын жан! Менің енемдей ене әр қазақтың қызына бұйырсын!

Бар жақсы қасиетін тізіп жаза бергім келіп, бірді айтып, бірге кеттім. Ең басты айтқым келгені Менің енем – ең жақсы адам", – деп жазды Мұқанова желідегі парақшасында.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста