Қазанақ – қазақтың қазынасы

Қазанақ – қазақтың қазынасы

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ерекше бір табиғи орын бар. Мамлют ауданына қарасты Афонькино елді мекенінің жанындағы орманда ит тұмсығы өтпес тайгада ғана кездесетін өсімдіктер сақталған.
Ресейдің тайгасына тән өсімдіктерді Қы­зылжар өңірінен де кездестіруге бо­ла­ды. Қазанақ, көкжидек, итбүлдірген. Бұл арқада кең тарай қоймаған өсімдік түр­лері. Тек Мамлют ауданына қарасты Афонькино селосының жанындағы шағын ор­ман арасынан кездестіруге болады. Бұл ор­манның өзгелерден ерекше екенін  ға­лым­дар өткен ғасырдың елуінші жылдары аш­қан-ды. Кезінде ормандағы тайганың осынау бөлігін зерттеуге экспедиция да жасақталған екен.
Орманға екінің бірі емін-еркін кіре ал­майды. Себебі жері батпақты, салмағы ауыр затты бірден «жұтып» қояды. Тек сол­түстік-батыс жағынан ғана кіруге болады. Ға­лымдардың уәжіне назар салсақ, мил­лиондаған жылдар бұрын жерді жапқан мұз­­дар көшкенде бұл арал алып мұз­дық­тардың итеруімен осы жерге дейін кел­ген көрінеді. Бұл кереметті тек, осылайша, ға­­на түсіндіруге болады. Жергілікті тұр­ғын­дар арасында «Рям» аталған шағын ор­ман­­ның аумағы 6 гектар шамасында. Жал­пы, бұталы-қарағайлы батпақты жер­лер Батыс Сібірде, тайгада жиі кездеседі, ау­ма­ғы 100-300 гектарға дейін барады екен. 
Тайганың өсімдіктері суыққа төзімді, та­пал келетіні белгілі. Негізінен, бұта ба­сым. Папоротник тәріздес өсімдіктер де бар. Ал қазанақты облыста тек осы жерден ға­на кездестіруге болады.  Қазанақ – көк­бұталар тұқымдасына жататын мәңгі жа­сыл, ащы иісі бар бұта. Солтүстік жарты шар­дың салқын және қоңыржай бел­дем­де­рінде кез­десетін 10 түрі белгілі. Қазанақ –дә­рілік өсімдік, оның құрамында өткір иісті эфир майы (кетон мен ледолдан тұра­тын) бо­лады. Осы майдың аса күшті түр­шік­тіргіш қа­сиеті бар. Ол теріге сіңгеннен кейін орта жүй­ке жүйесін салдандырады. Қа­занақтың шө­бінен жасалған дәріні бас­қа да өсім­дік­тер­мен қосып, бронх (қолқа) де­мікпесін, көк­жөтелді, шеменді және рев­матизм ау­ру­ларын емдеуге қолданады. Итбүлдірген мен қазанақ еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген екен. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста