Қазақ әні Келденбайынан айырылды

Қазақ әні Келденбайынан айырылды

Ұлттық ән өнерінің қалың орманы қарағайдай қасқайған, қайыңдай жайқалған, кеудесі ән-жемісіндей мәуелеп тұрған бір ағашынан айырылды. Қасиетті жұма, 29 шілде күні Шәкәрім әндерін жаңғыртушы, орындаушы, мәдениет қайраткері Келденбай Өлмесеков 58 жасында дүниеден озды.
«Ажал айтып келмейді», Алматыға теле­арнаның шақыртуымен ән жазуға кел­ген ән­шінің жүрегі сыр беріп, инфарктан кенеттен көз жұмуы мәдениет, ұлт­тық ән өнері саласында жүрген әріп­тес­те­рінің қа­быр­ғасын қа­йыс­ты­рып кетті.
Келденбай Өлме­се­ков 1953 жылы 25 ма­мырда Шығыс Қа­зақ­стан облысы Құй­ған селосы Күршім ауда­нында дүние­ге кел­ген. Қаратоғай орта мектебін бітіріп, әс­кер қа­тарындағы міндетін өтей­ді. Бала кезі­нен ән­ге әуес, өнерге құмар Кел­ден­бай жұмыс істеген жерлерінде көр­кем­өнер­паздар үйір­ме­сіне қатысып, көзге түсе­ді. Ақыры тәуекелге бел буып, Ал­ма­тыға оқу­ға аттанады. Жолы болып, Рес­пуб­ликалық эстрада студиясының әнші­лер бөліміне оқуға түсіп, оны 1977 жылы біті­ріп шығады. Қа­зақ өнерінің қос бәйте­регі, Халық әртіс­тері Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтан дәріс алып, олар­дың баулуынан өтеді. Еңбек жолын Өс­кемен фи­лармониясы­нан бастап, 1978 жылы Се­мейдің Әміре Қашаубаев атын­дағы фи­лармониясына қызметке келеді. Өмі­рі­нің соңына дейін филармонияда қыз­мет еткен.
Келденбай Раузаұлы «қазақтың әр әні – менің жалғыз әнім» деп, киелі әнге көздің қарашығындай қамқорлықпен қараған жанашыр жандардың бірі еді. Оған «кейде мен де халық әндері өліп кете ме деп қорқамын…» деп бір сұхбатында айтқан сөзі дәлел. Әншінің ән қорында 300-ге тарта халық әні, Абай, Ақылбай, Ақан, Біржан, Ағашаяқ (Берікбол Көпен­ұлы), Үкілі Ыбырай, Мұхаметжан, Май­басар, Уәйіс, Міржақып, Жаяу Мұ­са­ның және бүгінгі композиторлардан Т.Ба­зарбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Т.Рахи­мов­тің т.б. әндері бар. Бұлардың ара­сында Шәкәрім, Шәкір әндері – бір төбе. Шәкәрім әндерін бізге жеткізген негізгі үш адам – Шәкәрім сүйегі жатқан құрқұдықты тауып берген Кәрімқұлдың Қабышы, шыңғыстаулық әнші Ниязбек Алдажаров пен ұлы Ахат. Осы үшеуінің аузынан тікелей жазып алған шежіре қарт – көп жыл Семейдегі Абай мұражайын басқарған Төкен Ибрагимов. Сол кісінің ағалық кеңесімен әнші Келденбай Шәкәрім әндерін қайта тірілтіп, жарыққа алып шықты. Сөйтіп, 1982 жылдан бастап, өле-өлгенше өнер жолын Шәкәрім мұрасын насихаттауға арнады. Сол кезден бастап мұражай қорын­да­ғы Ахаттың, Шәкірдің, Ниязбектің, Қа­быш­тың орындауындағы сақталған Шә­кә­рімнің ән қазынасы Келденбайға аманат етілді. Келденбайдай әнші ғұ­мы­ры­ның тағы бір нұрлы сәті ғасыр куәсі, шың­ғыстаулық ақын, композитор Шәкір Әбе­новпен кездесуі болды. Ол Шәкәрім ән­дерін алғаш Шәкірден естіді. Келден­бай Өлмесековтің ән қорында Шәкәрімнің 20 шақты әні болды. Бүгінгі таңда Шәкәрім әндерін бірден-бір орындаушы ретінде «Қазақтың 1000 әні» антологиясына да Шәкәрім әндері Келденбай Раузаұлының орындауында енді. Дос-жарандары әншінің ерекше білімді, қағілез болғандығын айтады. Содан да болса керек, Шәкәрім мұрасына қатысты әншіден сұраған жан жауапты толық әрі тиянақты алатын. Дегенмен өнерпаздың  өзі өзін шәкәрімтанушы ғалым деп ата­ғаннан гөрі, әншімін деп білетін.
Тұрсынғазы РАХЫМОВ, композитор, әнші:
— Келденбай екеуміз Семейдің филармониясына 1978 жылы бірге келдік. Ол менің сыңарым еді ғой. Ел-жұрт бірге жүріп, бірге өскендіктен, бізді телқоңыр дейтін. Біз Жүсекеңнің (Жүсіпбек Еле­бе­ков – автор) шәкіртіміз. Шәкә­рім ән­дерінің барлығын жарыққа шы­ғарған – Келденбай. Кейін шығарып алып, басқалар ол жасаған дүниеге жабысып жатыр. Бар ғұмырын Шәкә­рімге арнады. Балаларымыз, отба­сымызбен араластық. Жұбайы да – әнші. Аңқылдаған, аузын ашса, жүрегі көрінетін турашыл жігіт еді. Кек сақтамайтын. Білімді болды. Оның ерекшелігі, ауыз әдебиетін кез келген ғалымнан артық білетін. Әсіресе Абайды, Шәкәрімді, Мағжандарды жақсы білуші еді. Дос­қа, туысқа, балаға, шәкірттеріне – барлығына бірдей қарайтын кең пейілді, ақ көңіл, қамқоршы болды. Бүкіл өмірін басынан аяғына дейін сарқып филармонияға арнады. Өмірі іссапарда жүретін. Көрмеген қиындығы жоқ: жаяу да жүрді, 40 градустық аязда да, ыстықта да бортты көліктің үстінде, тракторда жүрді. Енді қайтеміз, айырылып қалдық асыл достан.
Абайша айтсақ, «өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Келденбай Өлмесековтің Шә­кәрім мұрасының іздеушісі ретінде тарих бетінде қалары анық. Дүйсенбі күні әншіні Семей жұртшылығы арулап, жер қойнына тапсырды. Орны толмас қаза­ға ортақтаса отырып, «Алаш айнасы» газе­тінің ұжымы әншінің отбасы мен ет жа­қын­дарына көңіл айтады. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні жер қойнына тап­сырылған ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын демекпіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста