Қазақ әуені қаһарманының туғанына 85 жыл толды

Қазақ әуені қаһарманының туғанына 85 жыл толды

Кеше Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында Біржан, Ақан сынды айтулы өнерпаздардың ізін жалғастырушы сазгер, дәулескер күйші, талантты дирижер, мәдени өмірімізде өзіндік орнын қалыптастырған Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Н.Тілендиев есімі бүгінде насихаттауды қажет етпейтін, әлемге қазақ мәдениеті деген құндылықты танытатын ұғымға айналды. Қазақ музыкасының көнеден келе жатқан кереметін бүгінге жеткізіп, осы бағытта талай талантты тәрбиелеген тамаша ұстаздың 50-ден астам драмалық және балеттік спектакльге, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазғаны белгілі. Сондай-ақ ол бірқатар ірі симфониялық туындылардың, оның ішінде опералардың, поэмалардың, 400-ден астам ән мен романстардың, басқа да шығармалардың авторы. Осы еңбектері үшін біртуар азамат 1978 жылы ҚазКСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды. Әрине, Н.Тілендиевтің атын атағанда «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі туралы айтпай кету мүмкін емес. Ол осы ансамбльді құрып, оған дирижерлік жасап, ансамбльдің репертуарына арнап өзінің ең жақсы күйлерін жазды. Н.Тілендиевтің шығармаларын сырт елдің азаматтары да жоғары бағалайды. Француз зерттеушілерінің 2003-2004 жылдары Орталық Азияға жүргізген экспедициясының сараптамалық нәтижесі бойынша, оның есімі «ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ұлы жүздігі» рейтингісінің жоғарғы ондығына кірді. Немістің белгілі дирижері Х.Брехтың: «Тума талант иесі Н.Тілендиевтей ғажайып дирижері бар жұрттың арманы жоқ шығар, сірә», – деп ағынан жарылуы да тегіннен-тегін емес шығар.

«Н.Тілендиев және бүгінгі қазақ өнері» атты конференцияға талантты тұлғаның замандас інілері, шәкірттері, артындағы үрім-бұтағы және жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты. Жиын барысында Т.Молдағалиев, Н.Нүсіпжанов, М.Маңғытаев сынды Н.Тілендиевтің көзін көрген азаматтар естеліктер айтып, жастарды ұлттық өнерді құрметтеуге, үйренуге шақырды.

Мыңжасар Маңғытаев, композитор:

– Нұрағаңның шығармашылығы – халыққа ең танымал өнер. Халық сүйіп тыңдайтын «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің дүниеге келуі – ел өміріндегі айтулы құбылыс. Алғашқыда шағын топтан құрылған өнер ұжымы қазіргі кезде тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыт ішінде шығармашылық биіктерге көтеріліп, бәрі мақтан етіп жүрген атақты оркестрге айналып отыр.

Жарқын Шәкәрім, өнертанушы, «Құрмет» орденінің иегері:

– Менің пікірімше, адам санасында сәуле деген ұғым бар болса, Н.Тілендіұлының болмысы ұлттық санамыздың мәңгілік жарқырап көрінген қоспасыз төл музыкалық сәулесі дер едім. Неге десеңіз, оның домбыра ойнауы, композиторлығы, шығармаларын оркестрге лайықтауы, дирижерлігі, ұстаздығы, оркестрді ұйымдастырушылығы ұрпағына үлгі, болашағымызға өнеге.

Дінзухра Тілендиева, композитордың қызы, «Отырар сазы» оркестрінің дирижері:

– Әкем көз жұмғанда мен бар болғаны 13 жаста едім. Әкем менің өз жолын жалғастырып, елге қызмет етуімді қалады. Мен сол аманатты орындап келе жатырмын деп есептеймін.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста