Қазақ баласының назары «Балапанға» ауса...

Қазақ баласының назары «Балапанға» ауса...

Ләйла СҰЛТАНҚЫЗЫ, «Балапан» телеарнасының директоры, продюсер:

«Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны, бесіктің қалай тербелуіне байланысты» деген екен поляк ойшылы Станислав Ежи Лец. Демек, балаға жай бала деп қарау, қоғамның өз болашағына ойыншық деп қарағаны. Шүкір дерлік бір жағдай, бүгінде бауыр еті балаларымызға арналған «Балапан» атты таза қазақ тілінде сөйлейтін телеарнамыз бар. Ашылғанына екі жылдай уақыт болды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай біз осы арнаның директоры Ләйла Сұлтанқызымен сұхбаттастық.

 – Қазақ көрермені өзіңізді бұры «Супер стар» байқауында қазақы мүдделі әділ қазы деп, кейінірек «Хит тв» секілді арнаның басшысы, сосын осы «Балапан­ның» жүргізушісі деп танитын. Енді таяуда «Балапан­ның» басшысы болдыңыз. Олай болса, әңгімені қазақ баласының алғашқы арнасына хош келдіңіз деп бастасақ. ..
– Ашылғанына көп уақыт болмаса да, «Балапан» қазақстандық кішкентай көрер­мендердің көбінің жүрегін жаулап алуға айналды. Мен өзім соңғы сегіз ай көлемін­де отбасыммен Астана қаласына көшіп кеткен болатынмын. Әйтсе де «Балапанға» жетекшілік жасау ұсынылғанда, еш ойлан­бастан қабылдадым. Өйткені, ең бірінші­ден, мен – өзім ана болғалы бес жылда біздің ақпарат кеңістігіндегі балаларға арналған бағдарламаларға әбден «тойған» ата-анамын. Екі баламды өмірге әкелген ара­лықта да үйде отырып, солармен бірге шетелдік, ресейлік балалар арнасын көріп, өзіміздің ұрпағымыздың түрлі идеялар, түрлі кейіпкерлердің жете­гін­де кетіп жатқанын, солармен сусындап өсіп келе жатқанын көріп, қарным ашатын. Өйткені мен тәрбиелеп отырған бала­лар қазақ тілінде, яғни өз ана тілінде сөй­ле­се деймін, мен тәрбиелеп отырған бала басқаның баласы­нан ақылды, ерекше болса екен деймін. Бұл жерде мен дегенде тек өзімді айтып отырғаным жоқ, әр ата-ананың атынан сөйлеп тұрмын. Жал­пы, қазақтың мықты ұлт болғанын қалайтын адам өз баласының жай ғана ақылды, зерек қана емес, сондай-ақ ұлт­тық сана-сезімі жоға­ры, ата-анасын жақсы сыйлайтын, жеті ата­сын жатқа білетін бала болып өсуін қада­ғалауға тиіс.
– Яғни қазақ болу маңызды емес, ең бірінші, орысшаға судай, екіншіден, ағылшын тілін меңгеріп, ертең әлемге танылса дейтін қазақ ата-аналар, өкінішке қарай, көбірек. Олардың бетін қалай бері қаратуға болады?
– Негізі, шыны керек, қала баласын қазақыландыру деген – қиын мәселе, себебі ол үшін олардың ата-анасы қазақы болуға тиіс қой. Білемін, баланың бетін «Балапанға» бұрып, қазақыландыру деген бір күннің, бір айдың, яғни шектеулі уақыт­тың шаруасы емес. Жылдар кетер, қаншама күш-жігер кетер, бірақ сол мұрат­тың жолына табандап кірісер болсақ, түбі бір нәтижеге жетеміз. Бізге әзірге осы жолда қолбайлау болып тұрған бір жағдай –  арнаның кабельдік арналар ішінде ғана болып тұрғандығы. Сондықтан аудитория­мыз әзірге тарлау, көп елді мекен, әсіресе таза қазақы ауылдар бізді тамашалай алмай отыр. Байқасаңыздар, арнамызда жарнама жоқ, түгелімен мемлекеттің қаржыландыруында отырған арнамыз. Егер мен бизнесмен болсам, «бұл жай ғана шығынға ұшыратып отырған арна ғой» деп қарауым мүмкін. Бірақ оған аузым бармай­ды, себебі бала – біздің болашағы­мыз. Егер оның тәрбиесіне қазір көңіл бөлмесек, онда ертең кеш қаламыз. Біз қазірдің өзінде тереңдікті жоғалтқанбыз.
Баланың ең тәтті шағы – енді ғана был­дырлап тілі шыға бастаған кезі. Ол кезде әлі ол ата-анасына, әжесіне тәуелді, ол кезде бала әлі айтқанды істеп, алдағанға көнеді. Ал содан сәл өскен соң ол «өзім білемге» бастайды, яғни өз бетінше бір нәрсе жасағысы келіп, анасы оны кішкентай бала деп қарағанына өзінше наразылық танытып, ішкі «менін» көрсете бастайды. Айта кетерлік жағдай, қазіргі балалардың логикалық ойлау жүйесі дамыған, қазіргі заманның жаңа технологияларын шапшаң меңгереді, үш жасар балаға ұялы телефон, I-Pod беріңізші, үш күннен кейін іші пыса бастайды. Сенбесеңіз, өзіңіз сондай жерге барып қалсаңыз, бала және техника деген әңгіменің ұшын ғана шығара қойыңызшы, аналар ағынан жарылады: бірінші болып олар сөзді «менің балам ұялы телефондағы ойындарды керемет біледі», «менің балам интернетті менен артық меңгерген» деп тамсанады. Бірақ біреуінің аузынан «менің балам асықты керемет иіреді», болмаса «менің балам күшті ләңгі тебеді», «менің балам домбыраның құлағында ойнайды» деген сөзді естімейсіз. Сосын олар баласының «Балапанды» көретінін емес, көрмейтінін айтып мақтанады. Қазіргі баланың логикасы мықты, технологияға жетік, ата-анасына ақыл үйретіп тұрады, бірақ қазақы болмай тұрғаны осының барлығын өкінішке айналдырады. Алайда осының өзінен жақсы жағын алу керекпіз, яғни сол зеректігін біз қазақ тіліне бұрып, қазақша тәрбие алу жағына бастауды реттеуіміз керек. Әйтпесе алысқа бармай-ақ, өз балам мектепке күнде қазақша сөй­леп, кешке орысша кемі бес-алты ауыз сөз қосып қайтады. Неге? Себебі қазақ мектебі болса да, балалар онда бір-бірімен орыс­ша сөйлеседі. Осылай кете берсе, бір жыл­ға жетпей баламның сондай ортада орыс болып кететіні көрініп тұр. Әлі аузы­нан ана сүті кеппеген балалар «казахский не мо­дно, давайте, лучше говорить на анг­лийс­ком» дейтін көрінеді. Сөйткен бүлдіршін­дердің «Балапан» көретініне күмәнім бар. Ащы да болса шындық, қазақ байларының көбі орыстілді, ал орыстілді қазақтар «Бала­пан» арнасын көрмейді, оған менің көзім анық жетеді. Көп жерде болып, олар­дан мәнісін сұрадым да, «почему такой тяжелый ка­зах­с­кий язык?» деп өзіңе қарсы сұрақ қояды. Себебі әке-шешесі былай тұрсын, атасы мен әжесі де сөйлемейді ғой, міне, мәселе қайда жатыр?!

– Демек, «Балапан» тілі әлгі балалар үшін баяғы көне заманда қалып кеткен, қазір қолдануға жарамайтын жәдігер сияқты ғой? Ендеше, осылай екен деп қол қусырып қарап отыруға болмай­ды емес пе, балаларымызды қайтсек қазақ қыла аламыз?
– Әрине, «осылай ғой, біз не істей ала­мыз?» деп қарап отырар болсақ, онда «Бала­­пан» ашылмас та еді ғой. Негізгі акцент – қазіргі таңда Қазақстанда тұратын бала атаулының барлығы «Балапанды» көруі керек, оны үлгі тұта алуы керек! Бала­лар ғана емес, одан бұрын ата-әже, әке-шешесі, сосын балабақшада әдістемені құратын мамандар, мектеп мұғалімдері «Балапанды» көріп, балалардың сол арнаны көруіне ықпал етуі керек. Мен тіпті балабақша тәрбиешілеріне осы жолда әдістеме жасауға қол ұшын созар да едім, себебі – өзім де ата-анамын. Бұл – балала­ры­­мызды қазақы­лан­дыру жолындағы страте­гиялық жоспар. Мысалы, біздің бүлдіршін­деріміз неге Nickeleodeon арна­сын көреді? Себебі оның бағдарламаларын әлемге әйгілі жұлдыздар Уилл Смитт жүр­гізеді, Хайди Клум отбасы­мен келіп үстіне бояу шашып ойнайды, баламен бала болып кетеді. Ал балаларға сол ұнайды. Олай болса, бізге де сол орыс­тіл­ді баланың  қызығушылығын қамтуға тырысу керек, бірақ ол орысшаға көшу керек деген сөз емес. Дегенмен сөйте тұра оларға жайлап асық­ты да үйретіп, қала бала­лары арасын­да асық ату да сәнге айна­луы керек. «Ой, да ладно, ваши асыки» деп сөйлейтін бала­ның бетін бұру­дың да жолда­ры бар ғой?.. Мәселен, асықты ақырындап бағдар­ламаға енгізіп, артынан асық жайлы мульт­фильмге қоса­йық, сосын оны кілтке тағар етіп дүң­гер­шік­терде сатайық, көрдіңіз бе, даму бар ғой?!. Бірден қабылдай алмайды, әрине, бірақ тоқтамай ұсына беру керек беру керек, сонда көз үйренеді, соңы ол сәнге айналады. Тіпті ақырында ол ойын­шық­қа, компьютер­лік ойынға айналуы ке­рек, міне, қазақылық­ты қоғамға, бала сана­сына сіңіру деген – осы! Мұның барлы­ғы – қымбат және да­муы бірнеше жылға созылатын процес­тер, бірақ соны мақсат етсек, түбі жетеміз. Мен бастасам, біреулер жалғастырар.
–  «Балапан» арнасының осы ретте нақты қандай жоспары бар?
– Біз маусымның 10-на дейінгі аралық­та әрқайсысы 7 минуттық 20 сериялы анимациялық сериал сценарийіне байқау жариялап отырмыз. Оған республи­калық және аймақтық кинокомпаниялар мен киностудиялар, шығармашылық бірлестік­тер мен анимациялық топтар, тіпті жекеле­ген адамдар да қатыса алады. Бұл байқау­дың мақсаты – біреудің сценарийін алып, оған бес-он мың ғана төлеп, жөніне қоя беру емес, сол үздік сценарийімен жеңіп алған топқа қомақты қаржы құйып, бала­ларға жақсы туынды ұсыну. Демек, оны жеңіп алған топтағы әр адамның отбасын асы­рау­ға, айталық, бір жылға ақшасы бар, ол алаңсыз бар пейілімен осы мультфильмді жасауға кіріседі. Анимациялық сериал сценарийлері «Тентегім», «Бүгінгінің баты­ры», «Сөйлейтін жан-жануарлар», «Сөй­лей­тін техника» немесе «Ақылды техника» деген тақырыптар аясында жазылуға тиіс. Айта кетерлік жайт, біз бұл жерде қазақ батыры міндетті түрде дулығамен болуы керек, қолында найзасы болуы керек деген секілді бұрынғы ескі стереотипті жоюға тырыстық. Неге? Себебі онымен біз бала­ның көңілін өзімізге аудара алмаймыз, қазақ анимациясы бүгінгі баланың тала­бына сәйкес келуі керек. Сондықтан сурет­ші қиялына ерік бердік, оның барынша бүгінгі балалардың қабылдауына келуіне мән бердік. Ал «Сөйлейтін техника» дегені­міз, ол да бала қиялына қарай бейім­де­геніміз, бүгінде ешкім «машина ұшпайды, сөйлемейді» дей алмайды. «Көліктер» мультфильмі жақсы қабылданды, өйткені онда әр көлік адамша сөйлейді, бала оны сондай ықыласпен қабылдады. Енді біз де сол заман ағымына сай жұмысқа тәуекел деп кірістік. Маусымның ортасына таяу байқау нәтижесі белгілі болады.
– Ендеше, іске сәт!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста