Қазақ биі қолдауға зәру

Қазақ биі қолдауға зәру

Қазақ биі дегенде көз алдымызға қос етек көйлек киген, шолпысын сыңғырлатып мың бұралған қыпша бел қазақ қызы мен батыр тұлғалы жігіттің бейнесі елестейді. Би – әр халықтың табиғатын, болмысын, тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін өнер түрі. Ұлттық биіміздің түп-тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алады. Сондықтан бұл өнер түрі халықпен бірге жасасып келеді. Бүгінгі күні бишілеріміз де, би ансамбльдері де, түрлі би студиялары да бар, алайда кәсіби жеке бишілеріміз жоқтың қасы. Сондай-ақ көптеген би үйірмелері қазақ биіне қарағанда, шығыс билерін, испан немесе рэп, брек секілді шетелдік билерді үйретеді, жастарымыз да өзгенің өнеріне құмар. Бұған не себеп?
Кезінде қазақ биінің көркемдігін, ішкі сырын әлемге танытқан «Гүлдер», «Сал­танат», «Айгүл» сынды ән-би ансам­бль­дері бүгінде көрерменмен өте сирек кездеседі. Үлкен сахнадан емес, биші қыз­дарымызды да басқа әншілеріміз секіл­ді жетекшісімен қосып, тойда жүр­ген­дерін жиі көзіміз шалады. Өйткені өнер адамы үшін ең басты табыс көзі бүгінде той болып тұр ғой. Ал мұндай ортада ұлттық би емес, көңіл көтеретін билердің мәртебесі биік. Осындайда ұлттық бидің беделінің төмендеп, ашық-шашық киіммен шалқып билейтін шығыс биінің заманы туып тұрғанына іштей қынжыласың. Ұлтымыздың болмысын, келбетін көрсететін «Қамажай», «Маусым­жан», «Келіншек», «Қара жорға» секілді төл билерімізді кәсіби деңгейге жеткізген кешегі Шара апамыздың арқасында біздің биіміз әлемге танылған жоқ па? Кешегі кеңес заманында қазақ өнерін менсінбеушіліктен, кемсітушіліктен қазақ биі классикалық дәрежеге жете алмағаны баршамызға аян.


Еліміз егемендік алған жылдары Қытайдан келген қандастарымыз бізге қазақ биінің ұмыт болған үлгісін, буын биін алып келді. Қытайдан оралған биші қызымыз Шұғыланың, қазақтың «Қара жорға» биін өзімізбен қайта табыстырған Арыстан Тосын ақсақалдың өнеріне бәріміз тамсандық. Алайда әзірге осы бір әсем өнерді дамытып, қазақ биінің көсегесін көгертуге мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан әрекеттер әзірге байқалмай тұр.
Осындайда біздің елде нағыз өнер емес, жеңіл-желпі өнер түрлері ғана бағалана ма деген ойға еріксіз берілесің.
Би мамандарының айтуынша, ұлттық биді билейтін бишілердің аз болуына себеп болып отырған – біріншіден, қазақ биі беделінің төмендігі, екіншіден, бишілердің әлеуметтік жағдайы. Бұрын би­ші келіншектер 38 жаста, ер адамдар 39 жаста зейнеткерлікке шығатын болса, қазір 58-60 жаста құр­метті демалысқа жі­бе­ріледі. Сондай-ақ біздің кәсіби би­шіле­ріміздің көпшілігі өз­де­рінің уақытын тиімді пайдалану үшін, табыс табу үшін шетел асып кететін көрінеді.
Негізінде, біздің елде биге қызығатын, билегісі келетін жас талаптар жетерлік. Сон­дықтан күні кеше бел­гілі қаламгер Мұхтар Әуезовтің өзі қол­даған би өнері мем­лекет тарапынан жан-жақты қолдау тап­са, төл өнерімізге де­ген жанашырлық бол­са дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста