Қазақ брендiн қалыптастыру тек домбыра жасаушылар мен қымыз өндiрушiлердiң мiндетi емес

Қазақ брендiн қалыптастыру тек домбыра жасаушылар мен қымыз өндiрушiлердiң мiндетi емес

Қай халықтың болсын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бiтiмiн даралап, өзiндiк тағдырын айқындайтын басты белгi – мәдениетi. Өркениеттi ұлт өз тарихымен, мәдениетiмен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалармен, әлемдiк мәдениеттiң Алтын қорына қосқан азды-көптi үлесiмен мақтана алады. Шетелдiктер киелi қазақ жерi мен елiнiң қасиетiн ұлттық нақышта жасалған дүниелерiмiз арқылы тануы қажет. Осы орайда кеше орталық мұражайда Мәдени саясат және өнертану институты басшылығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақтың мәдени-ұлттық» брендiн қалыптастыру: тәжiрибе және болашағы» атты дөңгелек үстелде ұлттығымыз бен ұлылығымызды насихаттайтын мәселелер кеңiнен сөз болды.

Нұрсан ӘЛIМБАЙ, Орталық мемлекеттiк мұражай директоры:
МӘДЕНИЕТКЕ IРГЕЛI ЗЕРТТЕУ ҚАЖЕТ
Бүгiнде мәдениеттi зерттеп жүрген мамандардың өзi «қазақ мәдениетi не» дегенде, iркiлiп қалып жатады. Сондықтан мәдениетiмiзге үлкен iргелi зерттеу керек. Бүгiнгi бiздiң қаузап отырған мәселе де, әңгiменiң өзегi де  – осы мәдениет. Жақында бiздiң мұражай ғылыми-зерттеу институты деген статусқа ие болды. Бұл да болса, болашақта көптеген жәдiгерлерiмiз бен тарихымыздың зерттелiп, зерделенуiне жол ашады деп ойлаймын. Ал қазақтың ұлттық брендiн жасау халық үшiн, болашақ үшiн, мемлекеттiң өркендеуi үшiн аса қажет. Сондықтан шамамыз келгенше осыған әр қазақ өз үлесiн қосса екен деймiн. Ұлттығымызды ұлықтап, дәстүрiмiздi дәрiптеу үшiн басқа мемлекеттер сияқты салтымыздың сән-салтанатын таныстырудан бастағанымыз жөн.
Нұрсила АХМЕТБЕК, «Көшпендiлер өркениетiнiң» бас директоры:
ДЕРТКЕ – ШИПА, ЖАНҒА – ҚУАТ ӘРI СУСЫН, ӘРI ДӘРI
Егер брендтi өнiм десек, бiздiң бренд боларлық дүниемiз жетерлiк. Тек бренд жасау үшiн бiлiм, күш, қаржы, мемлекет тарапынан қолдау керек. Айталық, қымыз – қазақтың ықылым заманнан үзбей пайдаланып келе жатқан, құмартып iшетiн сусыны. Жамбылша айтсақ, «Үйiрiлген сары алтындай сары қымыз. Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрi – қымыз». Кейiнгi жылдары әлем жұртшылығы киелi сусынның қадiрiн бiлiп, тамсана таңдай қағып жатқанда, бiз неге қайдағы бiр сыраға әуеспiз? Дерек көздерiне сүйенсек, бiздiң елiмiзде жылына 360 млн тонна сыра өндiрiледi екен. Оның бәрi далаға төгiлiп жатқан жоқ қой, iшiлiп жатыр. Ресейлiк Жданов деген профессордың зерттеуiнше, сыраның құрамы әйелдiң бойындағы еркектiк гармондарды, керiсiнше, еркектiң бойындағы әйелдiк гармондарды көбейтiп, керi әсер етедi екен. Бүгiнде дауысы жуан еркекке ұқсас әйелдердiң, қызтеке еркектердiң көбейiп кеткенi де осының салдары екенiн түсiнетiн уақыт жеткен секiлдi. Ал қымызды қанша iшсең де, зияны жоқ. Адамның өмiрiн ұзартады.
Ерлан САИРОВ, Мәдени саясат және өнертану институтының директоры:
БРЕНД – ТЕК РУХАНИ ҚАЖЕТТIЛIК ЕМЕС, ҮЛКЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ КӨЗI
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi қазақ халқының дәстүрлi мәдениетiнiң әртүрлi формаларын қазiргi халықаралық стандарттарға сәйкестендiру мiндетiн алға қойып отыр. Бұл тұрғыда мәдениет саласы тек халықтың рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар елiмiзге үлкен инвестиция әкелудiң тетiгi болуы әбден мүмкiн. Сондықтан да қазақтың ұлттық брендiн қалыптастыру – бүгiнде үлкен мәселе. Осы орайда бүгiнгi бiздiң iс-шарамызға бизнес өкiлдерi, қазақтың ұлттық брендiн жасауға тырысып жүрген қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi шақырылды. Жалпы, институт қазақтың мәдени брендiн жасауда үш бағытта жұмыс iстеп жатыр. Бiрiншiсi –  халықаралық деңгейдегi қазақ мәдениетiнiң элементтерiн, құндылықтарымызды елiмiзге қайтару. Екiншiсi – түркi мәдениетiнiң жалпы кеңiстiгiн Қазақстан негiзiнде жасау. Үшiншiсi – қазақтың дәстүрлi мәдениетiн, тұрмыс-салтын, ұлттық тағамдарымызды, бұйымдарымызды Солтүстiк Америка, Еуропа елдерiне таныту және сол елдерден мәдениетiмiздi дамыту үшiн инвестиция тарту.

ОЙ-ТҮЙIН
Ұлттық брендтi қалыптастыру мәселесi бiрiншi рет көтерiлiп отырған жоқ. Бұдан бұрын да талай талпыныстар болған. Бiрақ бiздiң қоғамдағы бiр кемшiлiк – жұмыла жұмыс iстемеуiмiзде, насихатқа атсалыспауымызда. Бренд жасау тек домбыра жасайтын немесе қымыз өндiретiн адамның мойнында тұрған мiндет секiлдi қараймыз. Шындығында, әрқайсымыз өз шама-шарқымызша үлес қоссақ, ешкiм қой демейдi ғой. Айналамызға көз салайықшы, италиялықтар пиццасымен жер-әлемге танылып, сонымен пайда тауып отырған жоқ па? Кеше ғана қымыздың дәмiн татып көрген немiстер 500-деп жылқы бағып, қымыз өндiруге көштi. Бiр ғана Ресейде 80-нен астам қымыз өндiретiн зауыт және қымызбен емдейтiн 48 санаторий бар екен. Сондай-ақ Түркия мен Жапония да қалыспай, қымыз өндiруге талпынып жатқан жайы бар. Сонда бiз өзiмiздiң төл өнiмдерiмiздi басқа елден сатып алғанша қарап отыра бермекпiз бе? Сонау 60-жылдары ресейлiк ғарышкерлердiң ғарышта қазақтың құртымен қоректенгендiгi сол кездегi баспасөз беттерiнде жарыса жазылмап па едi?! Тағам ретiнде минералдық заттарға бай, ағзаға пайдалы құртымызды насихатсыз-ақ әлем танып жатқанда да былқ етпедiк қой. Ендi келiп брендтi қалай жасаймыз деп бас қатырамыз. Ата-бабаларымыздың асыл мұрасы, шын мәнiнде,  асыл болмаса, мыңжылдықтардан бүгiнге жетпес едi. Қазiргi бiздiң мiндетiмiз – осы баға жетпес құндылықтарымызды қазiргi заманға сай маркетинг және менеджмент әдiстерiн қолдана отырып, заманауи өнiмге айналдыру. Ең бастысы, өзiмiздiң өнiмдi алдымен өзiмiз тұтынсақ, содан кейiн шетелге танытудың еш қиындығы болмас едi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста