Қазақ эстрадасындағы мақтаншақ әншілер кімдер?
Бүгінде жұлдыздар күн сайынғы сахнадағы киімдерін, мінген көліктері мен ішкен тамақтарын, зәулім үйлерін де әлеуметтік желіге салып жарнамалауға тырысады.
Әртістер өздерін бай-қуатты қылып көрсету арқылы ел алдында беделіміз артады деп ойлайтын сияқты. Әлде расымен де бұл мақтануға тұратын нәрсе ме?
31 арна осы сұрақтардың жауабын әншілердің өздерінен сұрап көрді.
«Менің досым енді жарнамаға жақындау. Машинасын көрсетеді, очкилерін көрсетіп тұрады. Қайрат Нұртас сияқты», - дейді “Нұр-Мұқасан” тобының әншісі Нұрлан.
Биылғы жылдың хит әні «Алло» әнші Ерке Есмаханның жұлдызын жағып, елдің ыстық ықыласына бөледі. Осы ән арқылы өнер иесі тек елімізде ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия сынды елдерде сұранысқа ие болды. Әншінің танымалдылығы артқан сайын, оған деген қызығушылық та артатыны сөзсіз.
Соңғы уақытта әнші жарнаманың бетіне түсуге көп ұсыныс алатын болған. Бүгін Ерке той көйлегін жарнамалау үстінде. Ерке, бірақ өзін «мақтаншақ» әнші ретінде санамайды. Алайда сахналық көйлектерін әлеуметтік желіге салып, оқырмандармен бөлісіп отырамын дейді.
Жақында Еркенің үлпілдек жеңді, бүрмелі қызыл көйлегі жұрттың қызу талқысына түсті. Сөйтсе, тапсырыспен тігілген көйлектің өз сыры бар екен.
«Міне, мына қызыл көйлегім соңғы тігілген. Кәдімгідей тапсырыспен, дизайнын өзім таңдап, мынандай пышный болады және мынандай жабысқан болады. Трансформер. Осыны түсінбей қалды»,-дейді әнші Ерке Есмахан.
Ерке арзанқол көйлек кимейді. Бәрін белгілі дизайнерлерге тіктіртеді.
«Ең арзаны 100 мың теңге, ең қымбаты 500 мың теңге. Әрбір киген көйлекке қызығушылық танытады. Біреу жақтайды, біреу даттайды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Өйткені, біз сахнаның адамы болғаннан кейін біздің әрбір жүріс-тұрысымыз тек қана көйлек емес, ішкен жегеніміз, барған-жүргеніміз бәрі қызықты, бәрі талқыға салынады», - дейді әнші Ерке Есмахан.
Хош делік. Әнші қауымның өзінде бармен көзге ұрып тұрғысы келетінін Нұрлан Еспанов та растайды. Қонақ болған орындарын, ішкен тағамдары мен киген киімдерін үнемі жарнамалау тіпті әншілердің әдетіне айналып барады дейді.
«Адам енді бар нәрсесін көрсеткісі келеді ғой. Білмеймін енді жақсы нәрсемен мақтанған дұрыс. Дұрыс ол, айтып, көрсетіп халыққа. Мен осындай автокөлікпен жүрмін деп. Олардың да табынушылары бар ғой. Оларды да іздейтін халық бар. Танымал адам жақсы нәрсемен жүру керек. Жақсы көлікті міну керек»,-дейді әнші Нұрлан Еспанов.
Нұрлан мақтанудан елден қалмайтынын жақсы біледі. Сондықтан болар, оны сөгіп, мақтаншақтығын бетіне басатындарға еш ренжімейді.
«Елден бірінші сөйлеп қоямын да, содан кейін де шығар. Ешкімді тыңдамайтыным»,-дейді әнші Нұрлан Еспанов.
Жылдық табысы жағынан әншілердің арасында көш бастап тұрған Қайрат Нұртас мінетін көлігін жиі ауыстырады. Онысын еш жасырмайды, керісінше үнемі әлеуметтік желіге салып, мақтанып қоятын әдеті бар. Міне, бұл – Қайраттың соңғы көлігі, 350 мың долларлық бентли.
Қайраттан қалыспай, Ақылбек Жеменей де көлігін жиі ауыстырады. Оны да суреттерден аңғаруға болады.
«Бүркіт те үнемі барған жерлерін, қыдырған жерлерін салып, мақтанып отырады», - дейді әнші Ерке Есмахан.
https://www.nur.kz/kk/1082544-qazaq-estradasyndaghy-maqtanshaq-anshi.html