Қазақ киносының ендігі "актерлары" есектер ме?

Қазақ киносының ендігі "актерлары" есектер ме?

Ата-бабамыздың адамзат мәдениетіне қосқан үлесі шексіз. Оны өзіміз естен шығарып қоятынымыз болмаса, уақыт пен тарих ұмытпайды. Әуелі өзгелер мынау сенікі деп әкеліп беріп жатады. Ұлттық болмысымызды зерделеп көрсек, біздің  ел болуымызға, қазақ болып қалыптасуымызға жылқы жануарының көп септігі тиіпті. Тіпті қанымызбен біте қайнасыпты. Адамзаттың алғашқысы болып жылқыға жүген салдық, «тұлпар міндік, ту ұстадық».

Дәл жылқы жануары іспетті бір-бірімізбен алыс етсек кісінесіп сағынамыз, жақын жүрсек тебісеміз. «Жаман айғыр жатырына шабар» дедік те, жеті атаға толмай құда болмайтын «Заңға» тоқтадық. «Ат үсті әулие» болып тұрғанда, шығыс пен батысқа, түстік пен терістікке жорттық, қарсы келгенді құрттық. Қаз басып, қадам басқан сәбиіміз көк шыбықты ат қылып мініп өсті, тілі шыққанда ат деді, ата деді. «Жылқыдан асқан мал барма, қымыздан асқан дәм барма» деп «шалғынға бие байлаттық». Өлеңімізіді де «мінгенім астымдағы....» деп бастаймыз.

Ал қазір заман өзгерді, көшпелі өмір өткен уақттың еншісінде кетті. Қалай аттан түстік, солай барлығанан айырыла бастадық, айырлдық та. Заттан да, руханияттан да. Енді егемендік алып, еңсемізді көтерген кезден бері сол жоғалтқанымызды таппақ болып ала-шапқын болып жүрміз. Іздегеніміз табылмай, соңы сиыр құймышақтанып, «әттеген-ай» дегізгендері де жетіп жатыр.
Солардың бірі – кино саласы. Кино адамзаттың руханият әлемінің үлкен бөлігі, өмірдің айнасы. Әр елдің, әр ұлттың түсірген киносынан олардың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, наным-сенімін біле аламыз және киносын көріп, «олар солай екен деп» ойлаймыз. Бейне шетелдіктердің «Боратты» «қазақ» деп танитыны сияқты. Бір таңғаларлығы, тәуелсіздіктен бері түсірген кейбір киноларымыздың ұлттық бояуы өте солғын, көріп отырып қазақ киносы деуге ауызың бармайды. Басқасын айтпағанда, кино толған - есек.  Өзім көрген бір-екеуін айтайын. Мысалға «Құрақ көрпе» деген кинода балалар есек мініп, көкпар тартып, оны түрлі-түске бояп мәз болып жүр. Сол есектердің орынына тай мінгізгенде қалай болар еді. Өткен аптада «Келинка Сабина» деген киноның трейлерін көріп жағамды ұстадым. Есекке арба шеккен, ауыл сақшысы есек мінген, есек мініп келін қуған ата, кешқұрым есекпен кездесуге келгендер.. Әттең! Бұл есектердің орнына қойшының «мың салсаң бір баспайтын топай торысын» алса, жетіп артылар еді.
Осындай киноларды көрген, «көк жәшіктен» басқаны білмейтін, дүние танымының жалғыз көзі соған байланған балаларымыз не ойлайды, кім болады?
«Не жесең, не көрсең сол секілді боласың». Бұл дәлелденген шындық.
Келесі жылы құдай қаласа Елбасы тапсырмасымен қазақ хандығы құрылығандығының 550 жылдығына арналған үлкен фильм түсірілгелі жатыр. Әрине, бұл көңіл көншітерлік жаңалық. Сол фильмге де «есектер» кіріп кетпесе екен. Не десек те «тұлпарлардан есек озған» заман болып тұр-ғой.

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста