«Қазақ» көтерген мәселе қазір де маңызды

«Қазақ» көтерген мәселе қазір де маңызды

Тарихтың бұралаң сәтінде ұлт басына түскен кеп қайталанбай тұрмайды. Мұндай заңдылық ендігі елу жылда, жүз жылда да тағы көрініс беруі бек мүмкін. Дегенмен ұлт мәселесінде, Тәуелсіз һәм мәңгілік ел идеясында Алаш қайраткерінің алдаспанына айналған, осыдан 100 жыл бұрын жарық көрген «Қазақ» газеті қашанда айнымас бағдар бола алады. Ұлт баспасөзінің мерейтойына арналған шаралар кеше елордада да жалғасын тауып, онда кезінде «Қазақ» көтерген мәселенің бүгінгі өзектілігі талқыланған болатын.
Өткен ғасыр басындағы «алма­ғайып­тар­дың» аласапыран заманында Алаш жұртының қолға алған шамшырағы секілді тұтанған «Қазақ» газеті көтерген мәселелер 100 жылдан соң да өзектілігін жойған емес. Сол тұстағы ұлт баспасөзінің басты міндеті отарлықпен бодандалған жұр­ты­ның санасын ояту, тәуелсіз ел қалыптастыру болса, қазіргі күнгі Тәуелсіздікке қойы­ла­тын басты талап – қалыптасқан мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту. Ендеше, ұлттың ұлы өзегін нығайту ісі еш уақытта кейінге ысы­рылмауы шарт. Ал кейінге ысырмай, өзіне артылған жүкті көтеру үшін бүгінгі қоғам не атқаруы керек? Мінеки, Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы мен «Руха­ният» орталығының ұйымдастырған дөң­ге­лек үстелі де осы тұрғыдан пікір алмасу болып еді. Жиынның мақсаты – ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының көтерген дүниелеріне бүгінгі қоғамның көзқа­ра­сы­мен қарап, қазіргі заманғы өзекті мәсе­лелерді талқылау. «Жалпы, ХХ ғасыр басын­дағы Алаш зиялыларының негізгі идеялық орталығы, ақыл-ойының ұясы, сондай-ақ жалпы қазақ санасының оянып, жүрегін дүр сілкіндіруге үлкен түрткі болған «Қазақ» газетінің тарихы, тағылым-тәжірибесі бүгінгі таңда да аса өзекті. Тоқтала кететін жайт, әр ғасыр басында мемлекеттер тарихында көптеген ұқсас­тық­тар орын алып жататыны рас. Сол тұрғыдан алғанда кезінде «Қазақ» газетінің  бетінде көтеріліп, ұлыстарға үлкен ой салған мәселелер әлі өзегін жойған жоқ. Ендеше, сол жылдары қоғамға қозғау салған мәселелерге назар аудару қашанда маңызды», – дейді жиын барысында сөз сөйлеген Л.Гумилев атындағы Еу­ра­зия ұлттық университетінің журна­лис­тика және саясаттану факультетінің деканы, белгілі алаштанушы Қайрат Сақ.
Ал Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы Алаш қайраткерлерінің Тәуелсіздік идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның «Мәңгілік ел болу» идеясымен ұштасатынын алға тартады. Дегенмен «Қазақ» көтерген тіл мәселесі, газеттің атқарған орасан зор әлеуметтік, тарихи қызметі бүгінгі қоғамға әлі де болса дұрыс ой салмай отырғанына қынжылады.
Оразкүл АСАНҒАЗЫ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– «Қазақ» газетіндегі мақаласында қайраткер Міржақып Дулатұлы айтқан екен: «Жол ұзақ, ғұмыр қысқа. Ендеше, бүгін артылған жүкті қолдан келгенінше атқарып кетейік», – деп. Шындығында, Алаш зиялылары баспасөз арқылы көп жүкті арқалады. Қазақтың Мәңгілік ел болуын мұрат етті. Ал сол Мәңгілік ел идеясы күні кеше Мемлекет басшы­сының Жолдауына да арқау болды.

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, академик, ғалым:
– Алаштың Ахаңы «Қазақ» газеті арқылы мектеп мәселесін, ондағы оқыту мәселесін жан-жақты айтып, тәптіштеп түсіндіріп кетіп еді. Соның өзінде біз бұған жеткілікті көңіл бөлмегенімізді таныттық. Мәселен, Ахаң әр бала өзінің ана тілінде 4-сынып­қа дейін оқуы керек, сосын барып басқа тілдермен оқуға болады деп айтып еді. Яғни білімнің бастауын туған тілімен ашып, кейіннен басқа тілді меңгеру қиындыққа соқпайтыны айтылған. Алайда біз осы идеядан айырылып бара жатырмыз. Тура осындай ұлттық мәселелерде «Қазақ­қа» мойынсұнбай, оны зерделемей шұғыл шешім қабылдайтынымыз мені қын­жылтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста