Қазақ «Мәңгілік бала ақын» – Тұмашынан айырылды

Қазақ «Мәңгілік бала ақын» – Тұмашынан айырылды

Алаш жұрты жыр әлеміне Тұмаш боп еніп, Тұмаға деген таудай құрметке бө­лен­ген Тұманбай Молдаға­лиевтай арда тұлғасынан аңдаусызда айырылып қал­ды. Өмір деген «бір күн­дік жарық мекенде» 75 жыл тұрақтаған қайран ақын 76-ға қараған шағында бақи­ға аттанып кете барды. Тұлғасы биік болса да, жүрегі жас нәрестедей еді-ау Тұмағаңның! Дана да болса, өмірге өле-өлгенше баланың кіршіксіз көзімен қараған ақынды жақсы көрмеген, жырларын сүйіп оқымаған, әнге айналған шумақтарын қосыла бірге шырқамаған жан жоқ шығар-ау, қазақта!
1935 жылы қардың көбесі сө­­гіліп, жердің бусан­ған шағы – көк­темде жарық дүниеге шыр етіп бір жас сәби келіп еді. Сол сә­би үн өзімен бірге қазақтың тұ­нып тұрған сыршыл жырларын, тұ­тас әлем ала кел­генін сол шақта еш­кім ұғына қойған жоқ шығар. Ара­ға сан жылдар салып, 1954 жы­лы ғана Тұманбай Молдаға­лиев атты ақын жарқ етіп, өзінің «Украина қызына» атты алғашқы жыр жинағымен шыққанда, көп­шілік қазақ поэзиясына жаңа бір құбылыс келгенін бірден ұқты. Содан 1957 жылы «Студент дәптері» шықса, 60-жылдардан бастап ақынның шабыты сағат санап үдеп, жыл сайын жаңа жи­нақтан шығарып отыр­ды. 1960 жылы – «Кәмила», 1961 жылы – «Көк­тем таңы» , 1963 жылы – «Ала­тау қызы», 1964 жылы – «Ферю­за туралы жыр», 1965 жы­лы – «Зулайды күн­дер», 1966 жы­лы – «Жүрегім менің сапарда» т. б. жинақ­тары шық­ты. 1967 жы­лы жарық көрген «Жаңа дәп­тер» ат­ты кітабы үшін 1968 жылы «Қа­зақстан ком­сомолы» сый­лы­ғы­ның лауреаты атанды. «Ескерт­кіш» (1969), «Ша­қырады жаз мені» (1970), «Жүрек ояу қа­шан­да» (1972) атты кітаптары да оқу­­шылардың ілти­патына бө­ленді.

Көпен ӘМІРБЕК, ақын:
Тұмағаң университетке айналған ұстаз болатын
Тұмағаң – тұма бұлақтай мөлдіреп ке­ліп, жылғаларды жырға толтырып, одан өзенге айналып, өзеннен поэзия дейтін теңізге құйылып тербелген және оқыр­ман­дарын тербеткен тұлғалы ақын. Бала кезімізден-ақ Тұмағаңның сол бұлағынан сусындап, дәмін татып, шөлімізді қан­ды­рып өстік. Әсіресе, есі­мізде ерекше қалғандары – Тұмағаңның «Тынық Мұхит дәптері». Тұмағаң – қазақ қаламгерлерінің ішінде шетелдерге көп саяхат шеккен бірден-бір ақын. Ол сөйте жүріп, тілінің ұшында емес, жүрегінің ішін­де жатқан сезімдерді жырмен өр­нектеп, жұртты тәнті етті. Сол тәнтілік тәр­биеге ұласты. Тұмағаң өрлеуден, тұлғалана түсуден танбады. Өзінің биігіне шығып болды-ау дегенде, жоқ, бұл биігі ол үшін төбе екен. Биіктен-биікке саналы ойла­рымен сам­ғады, қанат қақты. Әсіресе, Тұма­ғаң­ның ешкімге ұқсамайтын өзіндік шыншыл поэзиясы ізін басқан көптеген кейінгі ақындардың қатарын көбейтті, бұл – анық. Тұмағаңның сөз­деріне жа­зыл­ған ән­дердің өзі бір «Қазақконцерт» деуге болады. Композитор Тұмағаңның сөзін таңдай ма, әлде Тұмағаң ком­позиторды таңдай ма, мен оны білмеймін, әйтеуір қайсысы болса да бірімен-бірі қабысып жатады. Поэзия мен музыка ағалы-інілідей бауыр басып, бізге бір үйдің баласындай әсер ететін. Тұмағаңның өлеңдері арқылы біз қыздарды сыйлау мен қаракөздерге құрмет сияқты қасиет пен аналарға деген аяулы сезімдерді бойымызға сіңірдік.
Қадыр аға екеуі егіз қозыдай болып, әзілдері де, сөздері де жарасып тұратын еді. Екеуі бір жылдың төлі еді, бір жылдың ішінде дүниеден озды. Енді осындай табиғи ақындарды біз іздейміз, кейінгіден күтеміз. Өйткені Тұмағаң ешқандай ғи­мараты жоқ университетке айналған ұстаз болатын. Сол сан мыңдаған шәкірт­терінің Тұмағаңды, Тұмағаңның жырын жоқтай­тыны сөзсіз. Сол сезімдер нөсерге ай­на­лар­дай жаңа толқын тудыруға себеп­ші бо­лады деп ойлаймын.
Тұрсынбек КӘКІШЕВ, профессор:
Атақ-даңқтары шын еңбегіне татиды

Тұманбай – қазақ поэзиясының үлкен өкілі. Өткен ғасырдың 60-жылдарында әдебиетке келген бір топ ақынның алды және көп жағдайда солардың жетекшісі болып жүретін еді. Поэзиясының бір ерекшелігі – таза лирикаға құрылатындығы. Тұманбайдың өлеңдері композиторлардың әндеріне көп жағдайда сай келе кетеді. Сондықтан оның қазақ поэзиясына, қазақ өнеріне қосып кеткен үлесі өте қомақты. Кейінгі ұрпақ одан үлгі алуға тиіс.
Тұманбай соңғы кезде арнау өлеңдерді де көп шығарды. Әдебиеттің, мәдениеттің үлкен қайраткерлерін поэзия арқылы елге таныстыру тұрғысынан алғанда ол өлең­дері де өте өнегелі, маңызды. Осы жағынан келген уақытта Тұманбайдың алған атақ­тары, даңқтары, барлығы – өзінің шын еңбегіне татитын сый-құрметтер. Тұман­байдың ел-жұрттың ортасында үлкен абыройлы болуын қазақ әдебиетінің абыройын көтеруге бағытталған қадам деп түсіну керек. Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері еді. Амал не, дәмі осылай таусылып жатса, артында қалған ел-жұрты, ұрпақтары Тұманбайдың поэзиясынан қуат алып, өркендейтініне сенімім зор.
Бұдан бөлек, қазақ баспасөз әлемінде де Тұмағаңның ізі қалған соқпағы өз ал­дына. 1956 жылы Қазақ Мемлекеттік уни­верситетінің филология факультетін бі­тір­ген ақын өзінің еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-1970 жылдар ара­лы­ғын­да «Пионер» журналында қызмет атқарса, 1970-1973 жылдар аралығында «Бал­дыр­ған» журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жа­нындағы Балалар және жастар әде­бие­тінің бас редакциясы мен «Жалын» бас­па­сының бас редакторы болып істеді. Сол сүрлеу ақынның көзі кеткенше жалғасып, күні кешеге дейін Тұмағаң «Балдырған» журналының бас редакторы болғанын барша жұрт біледі.
Сыршыл, лирик ақынның әр сөзі әнге сұранып тұратын болған соң шығар, Шәм­ші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бей­сеуов сынды ән әлемінің алыптары Тұмағаңмен шығармашылық тығыз бай­ла­ныста болды. «Құстар қайтып барады» (Н.Тілендиев), «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» (Ш.Қалдаяқов), «Шақырады көктем» (Әсет Бейсеуов) т.б. секілді ән­дер­ді тіпті санап тауысу қиын. Тұмағаңның өзімен болған сұхбаттарда бір сұра­ға­ны­мыз­да «шамамен 300-ге жуық ән болып қалады-ау, бірақ нақты санамаппын» дегені бар еді.
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реа­ты, Қазақстанның Халық жазушысы Тұ­ман­бай Молдағалиев ағамыздың 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жи­на­ғы жарық көрді. Ал 1992 жылы ақынға Фи­зули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тап­сы­рыл­ды.
Газетімізге берген өзінің соңғы сұх­ба­тын ақын ағамыз былай аяқтаса керек:
– Дәл осы күнде көп құрдасты жо­ғал­тып, жалғызсырап жүрген жайым бар. Үмi­тiмдi тек қана осы жер­ден, («Бал­дыр­ғаннан», автор.) балалардан күтемiн. Әбен деген бала күннен бiрге өскен досым болды. Екеумiз бiр жылы туғанбыз, ара­мыз бiр ай. Мектептiң мұғалiмi, математик болатын. Соның да өмiрден өткенiне он үш жыл болыпты. Сұмдық ер­ке­леушi едi маған. Саяжайыма келiп, қа­лағанынша қонақ болып жататын. Атым­ды да атамай, «Мол­да­ға­лиев» дейтiн. Көп өлеңдерiме, тiптi поэ­мама дейiн кейiпкер етiп кiргiздiм. Сөйткен досым бүгiнде жоқ. Өзiн қатты сағынамын. Тiлеуiм­бет деген досым әрi туысым бола­тын. Ол да кеттi жүрек ау­руы­нан. Бар­лы­ғын шығарып салып, соң­да­рын­да мен қал­дым. Олар үйiме жиi келушi едi. Дас­тар­қанымыз жиылмайтын. Менiң үйiм шағын да болса, басқосу мекенi бол­ды. Қазiр үлкен үй алдым, терезеге тел­мi­рiп, әлдекiмдi күтемiн, бiрақ еркелеп келер ешкiм жоқ....
Осы ойын Тұмағаң мынадай жыр жо­лы­мен жалғастырған сынды:
Жақыным да азайды, алысым да,
Бейне кеткен жандаймын салы суға.
Бүгін ешкім шықпайды бұл ауылдан
Жалаң аяқ менімен жарысуға.
Ұзақ жылдай жандаймын бір ауырған,
Күйбежектей беретін кінә ауырдан.
«Тұмашым» деп бетімнен сүйетұғын,
Түгел кетті әжелер бұл ауылдан.
Көктемдер жоқ ақын көп, көп от алар,
Ұшығына жете алмай көзің талар.
Сәлемімді мен берген
тоқтап алып,
«Қай баласың?» дейтұғын жоқ ата­лар...

Дүние-ай, осылай деген Тұмағаң да жалғаннан көшін бұрды. Жаратқан қабірін – жарық, иманын өзіне серік еткей... Ал алашы айбарлы тұлғасының жырларын мәңгі аялап өтері сөзсіз... Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 12 қазанда сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Зайда ЕЛҒОНДИНОВА, ақын:
Үлкен сүйенішіміз еді
– Тұмағаң бала сияқты, сәби сияқты адам еді. Мен ол кісіні Жұматай арқылы кө­бірек білемін. Ол кісі Жұматайға аға­сындай, әкесіндей қамқор болды. Ал­ма­тыға алғаш келген кезінде үйіне тұрғызды, «Жалын» альманағына жұмысқа орна­лас­тыр­ды. Жұматай да өмір бойы «Тұмаға» деп аға тұтып, ұстаз тұтып, құрметтеп өтті. Жұматайдың «Тұмағам болмаса, Алма­ты­ны неғылам, Алатауды неғылам» деп жаз­ған өлеңі де болды. Ең бір есте қаларлығы, Жұматай қайтыс болғанда Тұмағаң бар, басқа да ағаларымыз бар, үйге келіп, бәрін өздері атқарып, шығарып салды. Одан кейін қатты қайғырып жүрген кез­де­рімде Тұмағаң көшеден тоқтатып алып: «Сен білесің бе, менің ойымнан бір нәрсе кетпейді, егер мен «Балдырғанға» кетіп қалмай, «Жалында» жүре бергенімде, мүмкін, Жұмаш та менің жанымда жүрер еді, бәлкім, ұзақ өмір сүрер еді», – дегені есімнен кетпейді.
Адам ретінде де, ақын ретінде де Тұман­бай аға ерекше мейірімді, адал адам еді. Тіпті Жұматайдың Жұматай бо­луына, қазақ поэзиясының талантты өкіл­дерінің бірі ретінде танылуына Тұманбай ағаның өлшеусіз еңбегі сіңді. Жалғыз ол емес, басқа да көптеген жас ақындарға Тұма­ғаң­ның жәрдемі тиді. Ол кісі біздің асқар Ала­тауымыздай, үлкен сүйеніш болған адам еді.
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, жазушы, «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры:
Қайнаған өмірдің ішінде болғысы келді
Тұманбай Молдағалиевты қазақтың Алатауындай ақын десек болады. Таби­ғат­тың тұнып тұрған көркемдігіндей жаны да ерекше көркем болатын. Есімізді біл­геннен өлеңдерін жаттап өстік. Өзге ақын­дардан бір ерекшелігі, ақынның өлеңдері әнге сұранып тұрады. Бұл тұрғыдан кел­ген­де қазақта осындай деңгейге көтерілген ақын санаулы ғана. Ол – мысалы, М.Ма­қа­таев, ол – осы Т.Молдағалиев. Халықтың аузында жатқа айтылып жүрген өлеңдер, әсіресе ән мәтіндері ол кісіде өте көп.
Өмірде біз біраз жыл бірге жұмыс істедік. Заманның, уақыттың, адамның жұмысқа деген көзқарасына, ықыласына әсер ететін тұстары бар екенін мен осы Тұманбай Молдағалиевтың болмысынан байқадым. Кезіндегі қатал заманның тәр­биесінен өткен кісі ғой. Өмірінің соңына дейін «Балдырған» журналында бас редактор болып жұмыс істеді. Шы­ғар­ма­шы­лық адамы болғаннан кейін үлкеніміз бар, кішіміз бар, бір-бірімізге тең қа­раймыз ғой. Дегенмен де жастардың өзінің жұмысқа салғырт қарап қалатын кездері көп болады. Мен бірақ, жасы 75-тен асып отырған Тұманбай ағамыздың бойынан ондай салғырттықты көрген жоқпын. Жұмысқа елден бұрын келеді, елмен бірге қайтады. Мынандай бір назар аударатын жағдай болды, соңғы жыл­дарда біз Тұманбай ағаға: «Жасыңыз ұлғайды. Денсаулығыңыз сыр бере бас­таған болуы мүмкін. Күн ыстық, ауа райы қолайсыз кездерде  үйде  демалыңыз. Оқитын нәрселеріңізді қолыңызға апарып береміз», – дегенде ол кісі келісім берген жоқ. «Жоқ, жұмыс істеп жүрмін бе, демек, қызметке уақытында келіп, уақытында қайтуым керек», – дегенді айтты. Тұмағаңның жұмысқа араласуы әйтеуір бір қаражат керек, тіршілікке араласып жүру керек деген мақсаттан тумаған. Мен оны байқадым. Ол кісі мынау қайнаған өмірдің ішінде болғысы келді. Әсіресе, кейінгі уақыттарда қанша дегенмен де үйреніп қалған жұмысынан ажырағысы келген жоқ.    
Шындығында, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Мұзафар Әлім­баевтар балаларға өте көп дүниелер берді. Бірақ мен «осы кісілердің берері әлі де көп еді» деп ойлаймын. Себебі Қадыр ағамыз өмірінің соңына дейін балалар әдебиетіне көп араласып тұрды. Ал Тұман­бай ағамыз соның тікелей басы-қасында жүрді. 40 мың таралымы бар «Балдырған» журналына басшылық ету жеңіл шаруа емес. Тіпті сол 40 мың таралым «Бал­дыр­ған­ға» оңайлықпен келген жоқ, Тұманбай Молдағалиевтың қажыр-қайратымен келді. Осы биылғы күздің өзінде ол кісі баспасөзге жазылу науқаны басталмай жатып, өзі сұранып, екі мәрте жолсапарға барып келді. Өткен аптаның алдында ғана: «Мен Екібастұзға барып қайтайын, бір шаралар өтіп жатыр екен, әрі журналымды насихаттап келемін», – деп, сол жаққа барып-қайтты. Міне, ол кісі осындай жандүниесі кең, көкірегі сәулелі, қазақтың Алатауы десе, дегендей, сол бейнеге болмысы келетін адам еді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста