Қазақ мультфильмі 40 сериямен толықты

Қазақ мультфильмі 40 сериямен толықты

Соңғы кездері балаларға арналған қазақ тіліндегі ұлттық мазмұндағы анимациялық фильмдер шығару жақсы жолға қойыла бастады. Бұл ретте мемлекеттік органдармен қоса,  жекелеген жұмыс топтары да белсене атсалысуда. Осы орайда кеше Ұлттық кітапхананың көрме залында Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың   2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қазақ ертегілерінің желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Аталған шараға жобаның үйлестіру­ші­лері мен авторлары, белгілі қаламгерлер, ре­жиссерлар және ақпарат құралдары өкіл­дері қатысты. Әкімдіктің баспасөз қыз­меті хабарлағандай, бұл жобаның негізгі мақ­саты – мемлекеттік тапсырыспен, жаңа тех­нологияларға сай шығарылған  мульт­фильм­дер жинағын көпшілікке таныстыру, қа­зақ тілін үйретуге арналған көмекші-әдіс­темелік құрал ретінде мектепке дейінгі бі­лім беру мекемелерін қамтамасыз ету. Қа­зақ халық ертегілерінің желісі бойынша тү­сірілген, әрқайсысы 10 минуттан тұратын 40 сериялы мультфильмдер жинағы «Ба­ла­­ларға арналған қазақ тілі» атты ани­ма­ция­лық білім беру жобасы бойынша шы­ғарылған. Бұл жоба бүлдіршіндерге ха­лық ауыз әдебиетінің асыл үлгісі – ертегі ар­қы­лы  тіл үйретудің жеңіл әрі ойнақы тә­сі­лі­не не­гізделген. Балалардың  жан дү­ние­сі­не жа­қын, жас ерекшелігіне сай ани­­ма­ция­лық, мультипликациялық көріністер олар­дың тіл үйренуге деген қы­зы­ғу­шы­лы­ғын арт­тырып, есте сақтау қабілетін да­мы­тады. Ба­лалар  есту, көру, қайталау арқылы сөз­дер­ді дұрыс айтуға жаттығады. За­ма­науи технологияның соңғы жетістіктеріне сү­йе­не отырып, 3D-форматта түсірілген мульт­фильмдер балалардың тіл үйренуге де­ген қызығушылығын дамытуға, та­ны­мын, қа­білетін арттыруға зор септігін ти­гі­зеді. Со­ны­мен бірге жинаққа «Алдар­кө­­сенің кө­ңіл­ді оқиғалары» атты 85 се­рия­лы мульт­фильм, әлем халықтары ертегі­ле­рі­нің желісі бойынша түсірілген 50 слайд-шоу ертегі, «Бізді қоршаған әлем» атты 1000 сөзді қамтитын орысша-қазақша, су­­ретті аудио-сөздік енгізілген.
Жобаның тағы бір тиімділігі – жаңа ин­но­­вациялық технологияларды пайдалану ар­қылы өзге ұлт өкілдерінің балаларына да қазақ тілін үйрету сапасын арттыру, тіл үйрену дағдыларын дамытуға серпін беру.
Сонымен қатар басқарма тапсы­ры­сымен «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешені жарыққа шықты. Бұл – республикамызда тұңғыш рет қол­да­­нысқа енгізілген, мектеп жасына дейінгі ба­­лаларға арналған жаңа бағыттағы ин­новациялық тіл үйрету құралы. «Сиқырлы қа­лам» арқылы балаларға бір мезгілде оқуға, тыңдауға мүмкіндік беріледі.  Қазақ және ағылшын тілдерін үйретуге арналған, оқыту үрдісінде қолдануға оңтайлы кешен Алматыдағы барлық мемлекеттік ба­лабақшаларға таратылды. Инновациялық ке­шен кез келген теледидарға немесе ком­пью­терге қосылады, сол арқылы та­ным­дық, қызықты бағдарлама тамашалап отыр­­ғандай әсер береді. 14 дискіден тұ­ратын бұл жинаққа 40 сериялы «Қазақ ер­­­тегілерімен» қатар, 85 сериялы «Ал­дар­кө­се» мультфильмі де топтастырылған. Ен­ді оның қатарын «Алпамыс», «Қо­бы­лан­ды», «Ер Тарғын» және «Қыз Жібек» эпос­­­тары желісі бойынша түсірілген мульт­фильм­­­дермен  толықтыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл жаңа өнімдер осы жылдың со­ңы­на таман жүзеге толық асырылмақ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста