Қазақ өнерінің қос өрімі

Қазақ өнерінің қос өрімі

Құстың қос қанатындай өнерде де, өмірде де жұптарын жазбай жүретін жандар кемде-кем. Шаңырақты да шайқалтпай, бір-бірінің сахнадағы образдарына да сызат түсірмей, керісінше, тұмсығымен ұясына жем тасыған қарлығаштай, біріне-бірі қамқор болып өткен сол сирек ұшырасатын асылдар деп Байғали Досымжанов пен Хадиша Бөкееваны айтуға болады.
Таяуда Алматы қаласы тарихының му­зе­йінде КСРО Халық әртісі Хадиша Бөкеева мен асыл жары және қазақ өнерінің алы­бы, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Бай­ғали Досымжановтың өнердегі қос өрім­дей көрнекті де ұлағатты өмір жолдары мен шығармашылығына арналған «Хади­ша мен Байғали» атты ардагер журналист, жазушы Сара Ләтиева кітабының тұсау­кесері өтті.

Сара Ләтиева, жазушы:
– Бұл өзі – Хадиша апайдың асыл жары Байғали ағамызға деген сағыны­шы­нан туған дүние. Өздеріңізге аян, Байғали Досымжанов пен Хадиша Бөке­ева апайымыз өнерде де, өмірде де бі­рін-бірі ерекше жақсы көріп, аялап өткен адамдар. Өкінішке қарай ажал ағамыз­ды аяулы жарынан бұрынырақ алып кет­ті де, Хадиша апамыз сыңар аққудай жал­ғыз­сыраған күйі артында қала берді. Сондықтан қатты сағынатын Байғали аға­мызды, сағынғанда да Хадиша апа­мыз­дың сағынышы тіпті басқаша еді ғой. «Қайран, Байғали айтылмай қалды-ау, ұмыт болғаны ма, шынында...» деген ой­да жүретінін үнемі білдіріп қала бере­тін. Байғали ағаны Хадиша апайдың шә­кірт­терінің бәрі өз әкелеріндей құрмет­тейтін, ол кісінің де көзі тірісінде шәкірт­теріне деген көзқарасы сондай еді. Жал­пы Хадиша Бөкеева апамыз да, Байғали ағамыз да сахнада жарық жұлдыз ғана болған жоқ, бүгінде өнерде жүрген көп­теген саңлақтардың шам шырағын жақ­қан ұстаз, қамқор ата-ана болды.
Егер жеке-дара алар болсақ, Байғали Досымжанов қазақ ән өнерінің теңдессіз теноры еді. Ондай тенор бұрын, яғни, ол кісі­ге дейін де, ол кісіден кейін де болған жоқ қазақта. Бұл қазақта тенор жоқ деген сөз емес, керісінше, тенор көп, әрқайсы­сы­ның өнерде өз орны бар, алайда Бай­ғали Досымжанов пен Әлібек Дінішевтей тенорлар – өзі ғасырда бір туатын жандар. Жалпы тенор дегеннің өзі баритон мен бастың арасындағы дауыс және тенор ие­лері Ромео, Төлеген секілді лирикалық об­раз­дарды сомдауымен ерекше және ең бастысы, олар ең биік ноталарды қинал­май ала алады. Ал жалпы, баритон, альт, тенор деген секілді терминдерге бөлуді біл­меген қазақы өлшеммен алсақ, Байға­ли Досым­жанов сонау Ақан сері, Біржан салдардың ізін жалғаған даусы алты қыр­дың ар жағы­нан жететін ерекше үн иесі болатыны дау­сыз.
Ал Хадиша Бөкееваның есімін қазақ елі, қала берді, КСРО жұрты жақсы таныға­ны анық. Қазақ мәдениетінің қара шаңы­ра­ғы – М.Әуезов атындағы театрда өзінің жарты ғасырдан астам, яғни бүкіл саналы ғұмырын өткерген Хадиша апамыз талай-талай образдарды сомдап, талантымен тәнті еткен. Сонымен қатар бүгінде қазақ сахнасының саңлақтарына айналып үл­гер­ген Тұңғышбай Жаманқұлов, Қ. Тастан­беков, М.Өтекешова, Ерлан Біләл, Дария Жүсіп сынды актерлер Хадиша Бөкееваның қанатының астынан шыққан балапандары іспетті, яғни, шәкірттері.
– Бұл кездесу – менің емес, осы мұра­жайдың қолқа салуымен қолға алынған іс, – деп жалғады әңгімесін ав­тор. – Жал­пы, мұны тұсаукесер деп айту­ға келмейді, себебі, біріншіден – кітап әл­де­қашан жарық көрген, екінші­ден оның таралымы өте аз, небары бес жүз дана. Жұрт айтады, жалпы жасырын да емес, бұл екі аяулы жанның артында ба­ла­лары қалмады. Бұл енді – Жаратқан­ның жа­зуы­мен берілген тағдыр ісі. Іштей бәлкім күрсініс болған шығар, әйтсе де, әлсіздік танытып, «солай болды» деп әр­кімге мұң шақ­қандарын көргеніміз жоқ. Ал Бай­ғали ағамыз бақилық болғаннан кейін Хадиша апайдың асыл жарын жоқ­тауы қатты байқалды. Әсіресе өнер­дегі әр тұлға жайлы кітап шыққан сайын «осындай бір дүние шығарғанда ғой...» деген бір күрсінісі іштей бір тілегі байқа­лып қалатын. Жалпы қазақтың бір кем­шілігі – көзі тірісінде құр қолпаштағаны болмаса, саф алтынның қолда барда шын қадірін білмейтіндігі. Құр мақтап немесе елеусіз қалдырып тұлғалары­мыз­ды ішкілікке үйірсек етіп, ақыры өлім­ге итермелейміз де, сосын барып ар­тынан «ойпырмай, жақсы адам еді» деп өтірік жылаймыз. Рас қой?.. Текке айтылмаған ғой «қазақтың өлгенінің жа­ма­ны жоқ, ал тірісінің жамандықтан ама­ны жоқ» деген сөз. Ал ақиқатында адам­ды тірісінде қадірлей білу керек.
Мәриям ӘБСАТТАР

Түйін
Тәуелсіздік алғаннан кейін өнер саласында «Тамаша адамдар өмірінен» сериясы бойынша кітабы шыққан жалғыз қазақ – Хадиша Бөкеева. Еңбек 2004 жылы шыққан болса, енді міне, содан кейінгі туынды осы кітап болып отыр. Және ол – тек Хадиша апамыздың өзі жөнінде ғана жазылған еңбек, ал бұл кітап – Байғали Досымжанов пен Хадиша Бөкеева сынды қос тұлғаның қос өрімдей қатар өрілген өмірі жайлы. Өкініштісі, кітап таралымы өте аз, небары – 500 дана. Осының өзі Хадиша апамыздың өз қаржысына шыққан. Алашқа еңбегі сіңген қос арыстың туған еліне тек тірісінде ғана керегі болғаны ма? Бұл сізді селт еткізбей ме?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста