Қазақ қыздарының қабілетін әлемге паш етсек деген арман бар

Қазақ қыздарының қабілетін әлемге паш етсек деген арман бар

Нұржамал Алдабек, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымының докторы, профессор:

– Нұржамал Әбдіразақ­қызы, былтыр оқу орнына жаңа басшы тағайындалды. Қыздар педагогикалық университетінде осы жаңалықпен байланысты қандай өзгерістер болмақ?
– Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатын­да университеттің 2011-2020 жыл­дарға арналған даму стратегиясы жаңартылып, оның концепциясы жасалды. Оған университеттің бар­лық құрылымдық бөлімдері, яғни факультеттері мен ғылыми орталық­тары, жастар комитеттері мен ұстаздар атсалысты. Осыған орай универси­теттің жұмыс жоспарына бірқатар жаңа бастамалар енгізілді, білім беру мен тәрбие мәселесіне байланысты әртүрлі жаңа тұжы­рымдамалар жасалып жатыр. Білім бағдар­ламалары модульдік жүйе­мен қайта құры­луда, студенттердің шетелдік оқу орындары мен өз еліміздегі іргелі оқу орындарына кемін­де бір семестрден кем болмай­тын оқуын қамтамасыз ету, яғни академиялық ұтқырлығын іске асыру мақсатында білім кредиттерін есеп­теудің қазақстандық ECTS жүйесін енгізу сияқты талаптарды енгізу­деміз. Осылайша, Болон үдерісінің талапта­рына сай кредиттік оқыту жүйесінің негізгі принциптері ендіріліп, іске асырылуда; оқу үрдісі толықтай ашық жүйеге көшіріліп, оны бақылау тәсілдері алдыңғы кезекке қойылды, ал оны оқыту үрдісін корпоратив­тік басқару арқылы іске қостық. Сонымен қатар ағылшын тілінде оқытылатын курс­тар­дың, элективтік, яғни таңдау курс­тары­ның жаңа талаптарға, жұмыс берушілер мен шетелден шақырылатын профессор­лардың өтініштеріне сәйкес тізбесін жасау­дамыз. Сондай-ақ «Жұмыс беруші­лер кеңесі», мен «Қамқоршылар кеңесі» құры­лып, олардың норма­тивтік құжаттары, тұжырымдама­лары бекітілді. Бірқатар құрылымдық оңтайландыру шаралары жүзеге асырылып, білім берудің жаңа жүйе­сіне сәйкес мамандықтар бойынша кафедралар мен факультеттер саны өзгер­тіл­ді. Осы жерде айта кететін бір мәселе – біздің елімізде жоғары білім беру жүйесін реформалау Болон процесінің ыңғайына қарай емес, тек оның принциптеріне сәй­кес келу бағытында іске асырылып жатқанды­ғын айтқым келеді.
– Әйел адамдарға арналған жоғары білім ордалары кеңестік дәуірде Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі әйелдер сауат­сыз­дығын жою мақсатымен ашылды ғой. Бүгінде студент­терді жыныстық ерекшелігіне қарай бөліп оқыту үрдісі ескіріп қалған жоқ па? Қыз­дар педагогика­лық универси­тетін келешекте де сақтаудың қажеттілігі неде?
– Жоқ, мұндай пікірмен келіс­пеймін. Себебі мұндай, тек қыздарға арналған оқу орындары шетелде де бар. Мысалы, Оңтүс­тік Кореяда бес бірдей қыздар институты жұмыс істейді. Соның бірі – Ихва қыздар институтымен біздің университет арасында келісімшарт бар. Ал 80-90-жылдары «Қыз­дар институты Қазақстанға енді керек емес» деген әңгіме шыққан кезде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «бұл институттың болуы біздің артықшылығымыз деп түсіну керек» деген салиқалы тоқтамы­нан кейін бұл әңгі­мені көтерудің қажеті жоқ қой деп ойлай­мын. Себебі қазақ қызының, қазақ әйелінің қоғамдағы атқарып отыр­ған орнына лайық­ты жоғары білім беретін арнайы оқу орнының болуы үлкен құрмет және қажет деп санау керек. Қайта бұл оқу орнындағы білім берудің сапасын әлемдік деңгейге көтеріп, жаңа мамандықтар ашып, қазақ қыздарының қабілетін паш ететіндей дәре­же­ге жеткізсек деген арман бар.
– Университеттегі инновациялар жайында айтып кетсеңіз?
– 2002 жылдан бастап универси­теттің білікті ұстаздарының белсенді атсалысуы­мен «Қазақ ханымы: жо­ға­ры оқу орны ком­поненті» инновациялық оқу бағдарла­масы жасалып, оқытылған. Бағдарлама өзінің өзекті де көкейтесті мәселе­лерді көтеруі арқылы студенттер мен ұстаздардың зор сұранысына ие болған. Бұл идеяны 2005 жылы жаңа авторлық ұжым қайта қарап, кредиттік технология жүйесіне лайық­тап, студенттермен сабақтың өткізілу түрлеріне де, мазмұнына да толықтай өзгерістер енгізіп, жаңа­шыл­дық сипатта оқу курсы ретінде даярлаған. Арнайы курс сол жылдан бастап «Қазақ аруы» деген жаңаша атауға ие болған. Шындығында, «ару» сөзінің мәні терең. Қазақ тарихына қатысты ежелгі жазбаларда «ару» деген жақсы қамқорлық пен жақсы тәрбие көр­ген қыз балаларға тән ұғым саналады. Қазақ қыздарын арулық деңгейге көтеруді басты мақсат еткен бұл бағдарлама уни­вер­­ситет студенттеріне жеке басы­ның ары мен намысын сақтаудан бастап, ұлтты сақтауға дейінгі жауапкершілікті меңгертуді көздей­ді. «Қазақ аруы» арнайы курсы – гендерлік мақсатты негізге ала отырып, өркениеттік үлгідегі ойын ұлттық мүддемен байланыс­тыра білетін, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел тәрбиелеуге бағытталған инновация­лық жоба.
– Қыздар педагогикалық университеті әлемнің өзге оқу орындарымен қандай халықара­лық байланыстарды іске асыруда?
– Университет шетелдің бірқатар жоға­ры оқу орындарымен байланыс орнатқан. Қытайдың Шыңжаң педагогикалық, Түр­кия­ның Нийде, Ресейдің Томск политехни­калық, АҚШ-тың Миссисипи университет­терімен келісімшарттарымыз бар. Осы аталған шетелдік оқу орындары­мен магис­тратура бойынша бірлес­кен оқу бағдарла­маларын жасап, болашақта студенттердің академия­лық ұтқырлығын іске асыруға жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар Малайзия, Австралия, Польша, Болгария елдері мен Мәскеу, Санкт-Петербург қала­ла­рындағы жоғары оқу орындарымен әріптестік байла­ныстарымыз бар, ғалым­дарымыз шетелдік әріптестерімізбен бірле­сіп зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ал ма­гис­т­рант­тар мен докторанттары­мыз ғылы­ми-зерттеу тәжірибесінен өтеді. Универси­тетімізде «Қытай тілін оқыту орталығы» мен «Түрік тілі орталығы» жұмыс істейді. Болашақта парсы тілін оқыту орталығын ашу жөнінде Иран елшілігі жанындағы мәдени орталық ұсыныс жасап отыр. Халы­қаралық байланыстарды нығайтуда тіл білу негізгі шарт бол­ған­дықтан, мұғалім­дер мен студент­терге арнап, арнайы ағыл­шын тілін үйрету курстары ұйымдасты­ры­лу­да. Бұл болашақта халықаралық байла­ныстарды нығайтуға жол ашады деп сене­міз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста