Қазақ тілінде айтысқан рэпер жастар желіні жарды (видео)
Таза қазақ тілінде рэп орындайтын жастардың арасында ұйымдастырылған оффлайн-айтыс желіні шулатуда. Көпшіліктің қызығушылығын туғызған бұл "баттл" Youtube желісіндегі DAT парақшасында жарияланған деп жазады NUR.KZ.
"DAT" атауымен жарық көрген бағдарламаның алғашқы маусымында төрт жұп сынға түсіп, өзара айтысқан.
NUR мен RastaBars атты рэперлер баттлдың бірінші қатысушылары болыпты. Олар бір-бірінің әлсіз тұстарын тауып, қазіргі қазақ рэп өнері туралы сөз қозғаған.
Олардан өзге, "MADOG vs Timmy Diggle", "JANDO$$$ vs YernaR", "ATEM vs ZVRINA" есімді рэп орындаушылары да сөз таластырған.
Аталмыш жобаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Олардың бірі бағдарламаны жер-көкке сыйғызбай мақтаса, екіншілері бұл жобаның "нағыз масқара" екенін айтқан.
Көпшілік: "Келесі жолы Баллерді шақырыңдаршы", "Ұнады маған, жасай беріңдер", "Жарайсыңдар", "Ақырзаман жақындады", "Салмақты сөздермен әзілдеп сыйласып даттаспасақ, бұл проектте үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді жоғалтатын сияқтымыз", "Өз тамырыңа өзің балта шабу деген осы болар! Қотыр атқа соқыр ат қосылып алып қазақ тілін қорлағанын-ай, өте өкінішті!", - деген сынды түрлі пікір білдірген.