Қазақ хандары ту тіккен Түркістан

Қазақ хандары ту тіккен Түркістан

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Қазақ хандары ту тіккен Түркістан» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді.

Бұл көрме – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналмақ. Халқымыздың ежелден іргелі ел болғандығы, ұшқан құстың қанаты талатын, жылқының тұяғы тозатын ұлан ғайыр даласы қазақтың жиырма бір ханына астана болған Түркістандай шаһары болғандығын төл тарихымызда алар орны мен рөлін айқындап көрсету көрменің басты мақсаты. Сондай-ақ, бұл көрме экспозициясында ел басқарған хандардың атқарған ерен еңбектерін, елінің еркіндігі, жерінің азаттығы жолында жасаған көзсіз ерлігін келешек ұрпақ бойына сіңіруді көздейді. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – бабалар аманаты екендігін паш ету.
Көрме экспозициясына қорық-мұражай қорындағы 150-ге жуық құнды жәдігерлер қойылмақ.
Көрме «Хандарға орда болған киелі мекен», «Түркістанға ту тіккен хандар», «Түркістан тағылымы» және «Алашқа айбын болған хан Абылай» деген тақырыпта төрт бөлімнен тұрады. Көрменің төртінші бөлімі деп аталады. Аталмыш бөлімде Түркістанда билік құрған Әбілмәмбет хан Барақ хандар жайында болмақ.
Осы бөлімдерге қосымша Әбілмәмбет, Барақ хандардың Ресей патшайымы Елизавета Петровнаға 17 қазан, 1745 жылы ынтымақтастық жөнінде жазған хаты қойылады. ХVІ-ХVІІІ ғғ. Түркістандағы ақша сарайында соғылған мыс тиындардың елуге жуық түрлері экспозициядан көрніс табады. Cондай-ақ, арнайы теледидардан көрме экспозициясының қатарында көрсетілер «Түркістандағы хан көтеру» тарихи-қойылымының әсері де мол болмақ.

Көрме Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Алматы-Көкпек-Көктал, Есік кіре берісі- 6,6 шақырымда орналасқан «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 2015 жылдың 27 ақпаннан 27 наурызға дейін жалғасады.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста